Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАНДЫҚ БЕЛСЕНДІЛЕР NEET САНАТЫНДАҒЫ 55 МЫҢ ЖАСТЫ ІЗДЕУГЕ КІРІСТІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысында «Жастар ресурстық орталықтары» аймақта 12 мемлекеттік бағдарламаны түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бір ерекшелігі – белсенді жастар аймақтағы NEET санатындағы жастарды үйлеріне іздеп барып, бағдарламаларды түсіндіруде.
Жаңа заңға сай 35 жасқа дейінгілер де жастар қатарына енгізілгендіктен, Түркістан өңірінде жастардың қатары 700 мыңға жетті. Ал NEET санатында 55 мыңнан астам жас бар. Жоғары немесе арнаулы білім алмаған, жұмысқа орналаспаған бұл буынның мәселесін шешу аса маңызды. Өйткені ауылдарда жұмыссыз жүргендердің көрсеткіші өсуде.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жастар саясатын тиімді жүргізу, оларға сапалы білім беру, жұмыспен қамту жөніндегі тапсырмасымен қолға алынған бұл бастаманы жұртшылық оң бағалап отыр.
«Жастар ресурстық орталығының» мамандары облыстағы замандастарына мемлекеттік қолдаулар жайында күнделікті түсіндірме жүргізуде. Мектептерді, оқу орындарын, тіпті үй-үйді, базарларды, көшелер мен аулаларды, егістік алқаптарды аралап ақпарат жеткізуде. Атап айтсақ, «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Жасыл ел», «Бастау Бизнес», «Дипломмен –ауылға», «Болашақ», Студенттік құрылыс жасағы, «Болашақ», «Серпін-2050: мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламаларынан бөлек колледждерге грантқа оқуға түсу, 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие туралы барлық мәліметтер жеткізіліп жатыр. Мәжіліс залдарындағы таптаурын жиналыстар азайды.
– Мемлекеттік бағдарламалардың көбісі елге ашық, бұқаралық тілде түсіндірілмейді. Қасаң, ресми форматта айтылғандықтан қоғамның көп бөлігіне ұтымды жобаларлың қыр-сыры беймәлім болып қала береді. Әсіресе жастарға қатысты қаптаған бағдарламалар да соның күйін кешуде. Сондықтан түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алдық. Жұмыс істеуге қабілеті болғанымен құштарлығы төмен немесе ауыл шаруашылығымен айналысуды жөн көретін, тегін білім алуға ынталы емес жастарды тартуды басты назарға алып отырмыз. NEET санатына тіркелген азаматтар жөнінде деректерді жаңартып, кеңес жүргізуді үрдіске айналдыру қажет. Еңбекке, кәсіпкерлікке, білім мен ғылымға бейім жас азаматтарымызды әрқашан қолдаймыз. Түркістандық жастар мақсатқа жетіп, нақты нәтижеге қол жеткізгенше тоқтамайды, – дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев
Осы күнге дейін NEET санатында кіретін 2,5 мыңға жуық азаматқа тиісті ақпараттар ұсынылып, кездесулер ұйымдастырылды. Жалпы 10 күнде 30 мыңнан аса жасқа мемлекеттік бағдарламалар туралы мағлұматтар берілген.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2,9 млрд. теңге Түркістан облысының жастарына таратылады. Қолынан іс келетін жаңа толқын мүмкіндіктен шет қалмауы тиіс. Бұл мүмкіндік те жастарға тұрақты насихатталып жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Ұлттық статистика бюросы «2021 жылғы халық санағының» тақырыптық жинақтарын жариялай бастады

Ұлттық статистика бюросы stat.gov.kz ресми сайтында «2021 жылғы халық санағының» соңғы қорытындыларын жариялай бастады. Тақырыптық жинақтар талдаушылар үшін құнды...

Grammy Awards Complete winners list

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Сауран ауданында жастар форумы өтті

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында Сауран ауданының әкімдігі, Сауран аудандық полиция бөлімі және Сауран ауданының білім...

Жастар — ел ертеңі

Бүгінде еліміздің экономикалық әлеуетінің барынша артып, халық тұрмысының күн санап жақсарып келе жатқаны баршаға аян.Мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау...

Әлеуеті артқан Түркістан

Түркістан  – исі қазақтың ғана емес, бүкіл түркі жұрты­ның рухани астанасы. Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі саналатын киелі...

Олжалы оралды

Грузия астанасы – Тбилиси қаласында жасөспірімдер мен ересектер арасында жекпе-жектің юнифайд түрінен әлем чемпионаты өтті. Осы чемпионатта арыстықтар 4...

«Азия Дауысы»: аңызға айналған фестивальдің қайта оралуы

Қазақстанның жетекші банкі – Halyk ең ірі музыкалық фестивальдің ұйымдастырушы болды. Алғаш рет «Азия дауысы» фестивалі 1990 жылы Алматы тауларында өтті. 15 жыл бойы фестиваль Еуразия континентінің ең маңызды мәдени оқиғаларының бірі ғанаемес, сонымен қатар аймақтың музыкалық өмірінің символы, таланттарды тарту орталығы болды. Орындаушылардың бірнеше буыны «Азия дауысы» өзініңжұлдызды мансабының бастамасы деп атай алады. Осы уақыт ішінде көрермендерге қанша жарқын эмоциялар берілді. Міне, 19 жылдан кейін аңызға айналған фестиваль қайта оралады. Бұл мереке Қазақстанның ең ірі медиа холдингтерінің бірі Tan Media Group пен еліміздің жетекші банкі Halyk тандемінің арқасында мүмкін болды. Маусым айында олар ынтымақтастық туралы келісім жасасты, оны қазірдің өзінде маңызды деп атады: фестиваль ұйымдастырушыларының айтуынша, банкпен мәдениетті дамытуға бағытталған ең ірі бір реттік демеушілік шарт жасалды. «Мен Halyk Bank басшылығына және Үміт Шаяхметоваға фестивальдің бас серіктесі және бірлескен ұйымдастырушысы болғаны үшін алғыс айтамын. Осындай қолдауы бар іс-шара жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз. Жақын болашақта «Азия дауысы» Қазақстанда ғана емес, бүкіл аймақта, тіпті әлемде айтулы құбылысқа айналатынына сенімдімін», – деп фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов өз ойымен бөлісті. Halyk Bank түсіндіргендей, фестивальдің қайта жандануын қолдау туралы шешім кездейсоқ қабылданған жоқ. 2023 жылы Halyk өзінің жүзінші туған күнін атап өтугедайындалып жатыр және осы оқиғаның құрметіне «100 игі іс» ауқымды акциясын өткізеді, оның шеңберінде бүкіл ел бойынша әлеуметтік жобалар мен қоғамдық маңызды бастамаларды іске асырады. Мәдениет саласы банктің демеушілік қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Айта кету керек, Halyk республиканың жетекші театрларының тұрақты меценаты және Қазақстан мәдениетінің дамуына өз үлесін қосуға деген ұмтылысын атап көрсетеді. Мысалы, 2023 жылдың жазы мен күзінде банк еліміздің алты қаласында бірқатар музыкалық кештер өткізеді. Бұл ашық аспан астындағы екікүндік концерттік бағдарламалар болады, оған барлық адамдар кіре алады. Әзірге Halyk демеушілігімен 28-30 шілде аралығында «Азия Дауысы» фестивалі Медеу биік мұз айдынының сахнасына оралады. Бір кездері бұл бірегей алаңда Кеңес Одағының, Қазақстанның үздік әртістері мен эстраданың әлемдік жұлдыздары жиналды: Патрисия Каас, Тото Кутуньо, Boney M, Алла Пугачева, София Ротару, Роза Рымбаева, Валерий Леонтьев, «Ялла», «А-Студио» тобтары және тағы басқалар. Бүгінгі «Азия Дауысы –...

Жасөспірімдердің қауіпсіздігі – басты назарда

Бүгін аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген...

Жастар- ізгілік жаршысы

Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығында жиын өтті.  «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімінің ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа және есірткі  бизнесіне...

Тағы да