Понедельник, 20 апреля, 2026

Әлеуеті артқан Түркістан

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан  – исі қазақтың ғана емес, бүкіл түркі жұрты­ның рухани астанасы. Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі саналатын киелі қалада 21 хан мен 8 сұлтанның, 23 би мен 59 батыр жерленгені ресми түрде дәлелденген. Бүгінде облыс орталығы бол­ған киелі шаһар халықтың көз алдында күннен-күнге көркейіп, гүлденіп жатыр. Сырттан келген қонақтар әрбір сапарында қаланың сәулетіне көрік қосылып, өзгеріп жатқанын көреді. Көз тартар зәу­лім-зәулім ғимараттар, тұрғын үй­лер қаланың жаңарып жатқанын байқатады. Облыс орталығы мәрте­бесін алған  жылдан бері құрылысы тоқтаған емес. Әрбір жетістіктің артында еңбек адамдарының маңдай тері тұр. Иә, мұның барлығы да оңай­лықпен қол жеткізілген жетістік емес. Әрбір құрылыс облыс бас­шы­лығының тікелей бақылауында бол­ғанымен, кез-келген жұмыстың, же­тістіктің артында еңбек адам­да­рының табанақы, маңдай тері тұр­ғанын айтпай кетуге болмайды. Ал, құрылыстың күні-түні басында жү­ріп, қадағалайтын сала басшы­ла­ры­ның да еңбегі зор. Мұндайда шаһар­дың көркеюіне тікелей жауапты қала басшысының да алар орны ерекше. Қаланың құрылы­сы­нан бөлек, әлеуметтік-экономика­лық дамуы да назардан тыс қалмауы тиіс. Осы ретте халық санының да артып жатқанын айта кеткен жөн. Мәселен, былтыр дәл осы уақытта Түркістанда 184 мың 436 тұрғын болса, биыл оның саны 194 мың 774-ке жеткен. Қаланың аумағы 22,4 мың гектарды құрайды. Ал, көне қаланың жаңа келбетін көруге келушілердің саны артпаса, кеміп жатқан жоқ. Өткен жылдың 7 айында 1 124,9 мың турист келсе, ағымдағы жылдың осы уақытында бұл көрсеткіш 1 135,4 мың адамға жеткен. Оның ішінде шетелден келушілердің де саны артқан.

Түркістан қаласында 2019-2023 жылдар аралығында 95 инвес­ти­ция­лық жоба базасы мақұлданған бо­латын. Биыл оның шетел инвестор­лары есебінен 7 жобасы іске асыры­лып, 278 жаңа жұмыс орны ашылды. Енді алдағы 5 жылда 10 инвестиция­лық жобаны іске асыру жоспарла­нып отыр. Оның бірі 2023 жылы Шейх Халифа бен Заид Аль На­хайян­ның қоры аясында жүзеге асып жатқан «Ана мен бала» орта­лығының құрылысын, House Development ЖШС салып жатқан «5000 адамға арналған» мешітті және «BN2» ЖШС тұрғызып жатқан «5 жұлдызды қонақ үй» құрылысын аяқтау жұмыстары бар. Одан бөлек, келер жылы «Интерстрой» ЖШС сауда ойын-сауық орталығының, BAZIS-A ЖШС Yassy tower бизнес және ATM TURKISTAN HOSPITAL ЖШС 570 койкалық көппрофилді медицина орталығының құрылысын аяқтамақ. Алдағы жылы «Қылует» қайырымдылық қоры «Қылует» ру­хани-мәдени орталығын, «Бозарық АБЗ» ЖШС асфальт-бетон шыға­ратын зауытын және битум қойма­сының терминалын ашпақшы. 2025 жылға дейін инвесторлар есебінен тұрғын үйлер құрылысы жүргізіле бермек.

Жаңалықтар тізбесі

ҚОС ТЕҢІЗДІҢ ТОҒЫСҚАН ТҰСЫНДАҒЫ МУҒЛА

Жерорта теңізі мен Эгей теңіздерінің түйіскен тұсындағы Муғла Түркияның Бодрум, Фетхие, Мармарис, Датча, Гочек, Өлітеңіз және Көйджеғиз сияқты ең...

VI ТҮРІК КИНОСЫ АПТАЛЫҒЫ

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің Кинематография департаментінің салымдары жане Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен «Йерли Дүшүнже» ассоциациясы ұйымдастырған 6-шы Түрік киносы...

Еңбегі ерен тұлға

  Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті. Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, "Nur...

Сайрамда отандық жөргектер шығаратын алғашқы зауыт бар

Қазақстандағы алғашқы отандық жөргектер шығаратын кәсіпорын Сайрам ауданы Ақсукент ауылында орналасқан. Өңірімізде Түркістан облысының Инвестиция және экспорт басқармасы және «Түркістан...

Тәрбие мен сапалы білім -жарқын болашақ кепілі

  Тәрбиемен  білім қатар берілсе, елін сүйген патриоттар саны артады. Қазір қоғамда ата-ана мен мектеп арасында байланыс ажырап бара жатқандығы...

Қазақстан мектептері үшін көркем әдебиеттің интерактивті каталогы әзірленді

Мемлекет басшысының «Балалар әдебиеті» бағдарламасын жасау және жүзеге асыру туралы тапсырмасы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы балаларға...

«Азия Дауысы»: аңызға айналған фестивальдің қайта оралуы

Қазақстанның жетекші банкі – Halyk ең ірі музыкалық фестивальдің ұйымдастырушы болды. Алғаш рет «Азия дауысы» фестивалі 1990 жылы Алматы тауларында өтті. 15 жыл бойы фестиваль Еуразия континентінің ең маңызды мәдени оқиғаларының бірі ғанаемес, сонымен қатар аймақтың музыкалық өмірінің символы, таланттарды тарту орталығы болды. Орындаушылардың бірнеше буыны «Азия дауысы» өзініңжұлдызды мансабының бастамасы деп атай алады. Осы уақыт ішінде көрермендерге қанша жарқын эмоциялар берілді. Міне, 19 жылдан кейін аңызға айналған фестиваль қайта оралады. Бұл мереке Қазақстанның ең ірі медиа холдингтерінің бірі Tan Media Group пен еліміздің жетекші банкі Halyk тандемінің арқасында мүмкін болды. Маусым айында олар ынтымақтастық туралы келісім жасасты, оны қазірдің өзінде маңызды деп атады: фестиваль ұйымдастырушыларының айтуынша, банкпен мәдениетті дамытуға бағытталған ең ірі бір реттік демеушілік шарт жасалды. «Мен Halyk Bank басшылығына және Үміт Шаяхметоваға фестивальдің бас серіктесі және бірлескен ұйымдастырушысы болғаны үшін алғыс айтамын. Осындай қолдауы бар іс-шара жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз. Жақын болашақта «Азия дауысы» Қазақстанда ғана емес, бүкіл аймақта, тіпті әлемде айтулы құбылысқа айналатынына сенімдімін», – деп фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов өз ойымен бөлісті. Halyk Bank түсіндіргендей, фестивальдің қайта жандануын қолдау туралы шешім кездейсоқ қабылданған жоқ. 2023 жылы Halyk өзінің жүзінші туған күнін атап өтугедайындалып жатыр және осы оқиғаның құрметіне «100 игі іс» ауқымды акциясын өткізеді, оның шеңберінде бүкіл ел бойынша әлеуметтік жобалар мен қоғамдық маңызды бастамаларды іске асырады. Мәдениет саласы банктің демеушілік қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Айта кету керек, Halyk республиканың жетекші театрларының тұрақты меценаты және Қазақстан мәдениетінің дамуына өз үлесін қосуға деген ұмтылысын атап көрсетеді. Мысалы, 2023 жылдың жазы мен күзінде банк еліміздің алты қаласында бірқатар музыкалық кештер өткізеді. Бұл ашық аспан астындағы екікүндік концерттік бағдарламалар болады, оған барлық адамдар кіре алады. Әзірге Halyk демеушілігімен 28-30 шілде аралығында «Азия Дауысы» фестивалі Медеу биік мұз айдынының сахнасына оралады. Бір кездері бұл бірегей алаңда Кеңес Одағының, Қазақстанның үздік әртістері мен эстраданың әлемдік жұлдыздары жиналды: Патрисия Каас, Тото Кутуньо, Boney M, Алла Пугачева, София Ротару, Роза Рымбаева, Валерий Леонтьев, «Ялла», «А-Студио» тобтары және тағы басқалар. Бүгінгі «Азия Дауысы –...

Стамбұлдағы Чемпиондар фестивалі

Биыл 10 маусымда Стамбұлдағы Ататүрік Олимпиада стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық ойыны өтеді. Сұлу да сиқырлы шаһарға ойын тамашалауға...

Түлкібаста RC Сola шығарылады

  Түлкібаста RC Сola  және қош иісі бар түрлі сусындар шығарылмақ. Табиғаты таңғажайып өңірде туризм саласы да қарқынды қанат жаймақ.Ал,...

Тағы да