Воскресенье, 19 апреля, 2026

Ұлт қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ)  2023 жылды Т. Жүргенов жылы деп жариялаған болатын.

 

Темірбек Жүргеновтің есімі тек қана қазаққа ғана емес, бүкіл түркі жұртына мәлім. Ол руханият тарихында ерекше орын алып, қазақы қалпымызды сақтауға, мәдениетіміз бен өнерімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан азаматтардың бірі. Темірдей тау тұлғаның туғанына биыл 125 жыл толып отыр.

 

Наурыз айының 15-і күні мемлекет қайраткеріне арналған іс-шара Алматы қаласындағы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ТҮРКСОЙ аясында Түркі елдерінің шығармашылық жоғары оқу орындарының

 

қауымдастықтары арасында меморандумға қол қоюмен басталды. Дәлірек айтсақ, жиынға Темірбек Жүргенов  атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Әзірбайжан Мемлекеттік мәдениет және өнер университеті, Б.Бейшеналиева атындағы мәдениет жэне өнер университеті, Өзбекстанның мемлекеттік өнер жане мәдениет институты, Анкара музыка және бейнелеу өнері университеттерінің өкілдері қатысты. Меморандумның негізгі мақсаты — түркі елдерінің шығармашылық жоғары оқу орындарының Ассоциациясын құру. Сол арқылы ғылыми зерттеулер жүргізу, ЖОО кластері арасында академиялық білім беру және ортақ мүдделерді дамыту сияқты мақсаттарды көздейді.  Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында көрнекті жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбіт Қойшыбаевтың «Комиссар Жүргенов» атты кітабының тұсаукесері өтті.  Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Түркі тілдес халықтардың мәдениеті мен өнерін

 

дамыту ұйымының бас хатшысының орынбасары Билал Чакыжы мырза және Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сәпен Аңсат жылы лебіздерін білдіріп, кітаптың тұсауын кесті. Айта кетейік, алдағы уақытта бұл кітап алты тілге аударылып, баспадан шығатын болады.

 

Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмасымен, Мәдениет жане спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен ұлт қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Темірқазық” атты инфографикалық концертіне ұласты. Мерекелік іс-шараның басында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.  Концертке Т. Жүргенов Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері қатысты. Талантты жастар ұлы тұлғаның өмірі мен қызмет жолын паш ететін бейне роликтер, музыкалық композициялар мен

 

театралдырылған көріністерді көрсетті.  Сондай-ақ жобаға Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, «Салтанат» меплекеттік би ансамблі, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актерлері және т.б қатысты. Әсіресе, қойылымдардың ішінде өнер ордасының түлектері  «Алашұлы» тобы мен «Номад каскадерлері» қойған сахналық қойылымы көрерменнің көңілінен шығып, ерекше таң қалдырды. Әр келген қонаққа «Комиссар Жүргенов» кітабы үлестірілді. Алдағы уақытта ұлы тұлғаға арналған іс-шаралар легі басқа аймақтарда да өз жалғасын таппақ.

 

 

Алтынай Жетписбаева, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 3 курс студенті

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

ТҮРКИЯДАҒЫ ЕҢ ӘДЕМІ ДАЙВИНГ БАҒЫТТАРЫ

Түркия сүңгуір әуесқойларға жыл бойына көгілдір тереңдікте түрлі апаттар, бай су асты фаунасы мен флорасы арқылы өткеннің іздерін табу...

Түрік топырағындағы бірегей мұралардың маңызды бөлігі

Торос тауларындағы тұрақты саяхат жолы Тамаша табиғатымен қатар, Түркия адамзат мәдениетінің байлығы мен алуандығының арқасында туристер тұрақты ат басын бұратын...

Гиресун — табиғатқа бай мекен

Гиресун Қаратеңіздің жағалауында орналасқан қала. Табиғаты таулы-орманды екен. Кузалан табиғат саябағында туристерге арналған бірнеше локация бар. Оның бірі - Кузалан...

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта аудандық жастар форумы өтті

Қазығұрт аудандық орталық мәдениет үйінде «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты форум болып өтті. Жиынға аудан әкімі Азизхан Исмаилов,...

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ МАШИНАЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласына жұмыс сапары барысында жаңбырлатып суару машиналарын жасау ісін қолға алған «BNK Group...

24 көпқабатты үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары аяқталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы Еңбекші ауданында...

Түркістан: Арыста «Жас сарбаз-2023» әскери-спорттық жастар ойындары өтті

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, болашақ Отан қорғаушылардың қолданбалы спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру, жасөспірімдердің өзара көмек және жолдастық қолдау сезімдерін...

«Shell Nxplorers» бағдарламасы алғаш рет Түркістанда!

«Shell Nxplorers» бағдарламасы алғаш рет Түркістанда! Түркістан облысының мұғалімдеріне арналған шығармашылық ойлау дағдыларына және кешенді міндеттерді шешуге үйрету бойынша халықаралық...

Тағы да