Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ҚАУІП СЕЙІЛДІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ҚАУІП СЕЙІЛДІ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Запаров мәлім етті.

Оның айтуынша, Түркістан облысы бойынша су сору және қашырту жұмыстары басталғалы бері барлығы ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан 440-тан астам адам, 71 бірлік техника, 43 мотопомпа жұмылдырылды.

«Түркістан облысына қарасты Сауран, Бәйдібек аудандары мен Кентау қаласында 2-ші ақпан күні орын алған су тасу бойынша жағдай тұрақталды. Дегенмен, өңірде су басу қаупі әлі де сейілген жоқ. «Қазгидрометтің» мәліметі бойынша, 3, 4 ақпан күндері облыс аумағында жаңбыр, таулы аймақта қар жауады деп болжанып отыр. Егер, толассыз жаңбыр жауып, таудағы 70 сантиметрге жуық қар ерісе, Қазығұрт және Төлеби аудандарында су тасқыны орын алуы ықтимал. Тіпті, бұл аумақтан аққан су Келес өзеніне құйылып, Сарыағаш және Келес аудандарына өтіп кетуі де ғажап емес. Жалпы, дәл қазір табиғат тосын мінез танытса, облыс аумағындағы кез келген ауданда төтенше жағдай туындауы мүмкін. Сол себепті барлық жерде қауіптің алдын алу жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр», — деді Бақытжан Запаров.

Қазіргі таңда Бәйдібек ауданында Шаян мен Шақпақ, Сауран ауданында Шаға, Созақ ауданының Шолаққорған ауылдарында және Арыс қаласында су бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында 13 000 бірлік құм салынған қап төсеу жұмыстары жүргізілді.

Айта кетсек, Бәйдібек ауданының Шақпақ ауылында жеке тұрғын үй ауласынан су сору жұмыстары жүргізілуде. Салдарынан 36 кіші бас малы өлген, 589 кіші бас малы қауіпсіз жерге шығарылды. Жалпы ЖД күшімен су басқан аулалардан барлығы 204 адам, оның ішінде 111 бала эвакуацияланды, 800-ге жуық ұсақ мал қауіпсіз жерге айдалды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ЕСКІ ҚАЛАШЫҚТЫҢ ОРНЫ ТАБЫЛДЫ

Түркістан облысына қарасты Келес ауданы аумағынан ежелгі қалашықтың орны табылды. Үлкен аумақты алып жатқан өркениет ордасы бүгінде зерттелуде. Сондай-ақ...

Romanian lawmakers pass bill that allows teachers to arm themselves

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Шардарадағы игілікті іс

Шардарада балық аулаудан жарыс өтті. 25 қазан – Республика күніне орай, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен әуесқой және...

Түркістан облысында 23 мыңнан астам мектеп бітіруші ҰБТ тапсырды

Түркістан облысы бойынша 2022-2023 оқу жылында 30 110 мектеп бітірушілердің (оның ішінде 23837 қазақ, 1848 орыс, 4149 өзбек, 276...

ПРЕЗИДЕНТ АЙТҚАН ЫҚПАЛДЫ ПАРЛАМЕНТ ҚАҒИДАТЫ ҚАЛЫПТАСАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесін жасады. Мәжілісті тарату және...

СОЗАҚТА «АТОМШЫЛАР АЛЕЯСЫ», «STREET WORKOUT» ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Созақ ауданы, Таукент кентінде «Kazatomprom-SaUran» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қолдауымен салынған төрт балалар ойын алаңшасы, «Атомшылар алеясы» және «Street workout»...

СУДЬЯНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ

Сот билігін атқарушы ретінде тағайындалған лауазымды тұлға ол – судья. Ол сот билігінің өкілі ретінде барлық құрмет пен беделге ие....

Еңбек адамдары құрметке лайықты!

Еңбек адамдарына құрмет күшейеді. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі». Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың биылғы...

«Үміт» форумының кезекті жиыны өтті

Қазығұрт ауданы орталығында орналасқан Мәдениет сарайында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Үміт» форумының ХІІ-ші жиыны өтті. Аталған жиынға...

Тағы да