Понедельник, 20 апреля, 2026

​ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТАУ ТУРИЗМІН ДАМЫТАТЫН «ҚАСҚАСУ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Төлеби – табиғаты мен климаттық мүмкіндіктері туризм саласын дамытуға қолайлы аудан. Өңірде қазіргі таңда 1 шаңғы базасы, 4 емдік-сауықтыру орны, 71 демалыс аймағы, 64 саяжай бар. Аталған демалыс орындарына 2022 жылдың 10 айында 32 мыңнан аса адам келген.

Ауданда негізгі капиталға бағытталған инвестициялар көлемі 2022 жылдың 10 айында 14 млрд 624 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд 128 млн. теңгеге артқан. Ал туризм саласына жылдың соңына дейін 3 млрд 757 млн теңге инвестиция тартылып, 25 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Биыл «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы мен «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы арқылы қаржыландыру нәтижесінде жеке кәсіпкер Э.Еспенбетова Диханкөл елдімекенінде құны 57 млн теңге болатын «Дихан Тау» саумалмен сауықтыру орталығын іске қосқан. Кешен бір мезгілде 25 отбасын қабылдайды.

Сондай-ақ, Көксәйек ауылдық округінде «Сақ» демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда балық шаруашылығы, тамақтану қызметі және сақ моншасы іске қосылған. Балық шаруашылығында 3 көл бар.

Сонымен қатар, Кемеқалған ауылдық округінде орналасқан «Алма-тау» тау курортында қосымша қонақүй және спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысан құрылысы биыл аяқталып, пайдалануға берілмек. Жобаның құны — 2 млрд 650 млн теңге.

Ауданда тау туризмін дамыту мақсатында «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2022 жылға инфрақұрылым жүргізу үшін облыстық бюджеттен 1 млрд 50 млн теңге қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда жол салу, электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

Мейірімділік пен қамқорлық жүректен. Ал қайрымдылықтың ең абзалы шын мұқтаж жандардың қажетін өтеу болып табылады. Дархан пейілді қазақ халқы...

Түркістан облысының Қақпақ ауылында қайырымдылық спорт залы ашылды

   Түркістан облысының Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылында балаларға арналған қайырымдылық спорт залы ашылды. «Қазақстан халқына» қорының жобасы аясында ауыл балалары...

Республикалық балалар оқуы байқауының аудандық кезеңі өтті

Бүгін Қазығұрт ауданынының білім бөліміне қарасты О.Жандосов атындағы жалпы білім беретін мектебінде республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңі өтті....

Адам саудасын кім тоқтатады?

Азаматтардың құқығы мен бостандығы ең басты құндылық екендігі Ата Заңымызда нықтап жазылған. Алайда, өркениетті делінген өзге елдердегі сияқты бізде...

Бас Прокурор үйлестіру кеңесінің отырысында заңсыздық пен мәдениетсіздікке қарсы бірігуге шақырды

21 қарашада Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі...

Кәсіпкер жергілікті атқарушы органдары тарапынан әкімшілік кедергіге тап болған

«Бизнес жол» жобасы аясында «Шымкент Цемент» ЖШС басшылығы жергілікті атқарушы органдары тарапынан орын алған әкімшілік кедергілер туралы шағым түсірді. Кәсіпкер...

Шымкентте биыл 182 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Шымкентте биыл 182 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға...

В 2024 году в Стамбуле пройдет глобальная конференция SITE

Общество передового опыта в области поощрительных путешествий (SITE) проведет Глобальную конференцию 2024 года 26-29 февраля 2024 года в Стамбуле....

Түркістан: Төлебиде «Жайлы мектеп» жобасы аясында үш мектептің құрылысы басталды

Түркістан: Төлебиде «Жайлы мектеп» жобасы аясында үш мектептің құрылысы басталды Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесін...

Тағы да