Понедельник, 20 апреля, 2026

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРА ТҮСЕДІ»

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай Ордабасы ауданына барып, тұрғындармен кездесті. Еркін пікір алмасып, өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Ордабасы ауданын дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндап, жоспарларға тоқталды.

– Аудан, қала тұрғындарымен биылғы кездесуім Ордабасы ауданында түйінделіп отыр. Мегаполиске жақын орналасқан әрі транзиттік әлеуеті жоғары Ордабасы ауданының болашағы жарқын болады деп сенемін. Оған барлық алғышарттар бар. Әсіресе кәсіпкерлік пен индустриалды аймақтарды дамытуға мүмкіндігі мол. Ордабасы ауданының инфрақұрылымы жақсара түседі. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы 18 елді мекенде 22 жоба іске асырылуда. Қызылжар, Көлтоған, Төреарық, Ықылас Темір және Дербес елді мекендерінде 5 фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысына республикалық бюджеттен қаржы қаралды Құрылысы 2023 жылы аяқталады. 14 елді мекендегі 47,2 шақырым болатын 20 көшеге қаржы қаралып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде, – деген Дархан Сатыбалды алдымен ең өзекті мәселелер – газ, ауыз су, электр тарту және жол салуға басымдық берілетінін жеткізді.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорттық-мәдени кешеннің құрылысын аяқтау, Шұбар ауылының ішкі көшелерін реттеу, каналдарды жөндеу, ауыз су жүйесін реттеу, медициналық мекеме ашу және өзге де мәселелер көтерілді. Жеке кездесуде де әлеуметтік және жеке түйткілдер тарқатылды. Бірыңғай қабылдауда өңірдегі құқық қорғау органдары мен департамент басшылары да тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. Облыс әкімі әрбір арыз-шағым, өтініш бойынша жұмыс жүретінін айтып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.

Ордабасы ауданында «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде жаңадан 5 мектептің құрылысы жоспарлануда. Инженерлік-инфрақұрылым жүйесін дамыту үшін ауданда 47 бюджеттік инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Темірлан кентіндегі 70,0 га аумақта инженерлік-коммуникациялық желілер салу құрылысы жүргізіліп жатыр. Бадам ауыл округіндегі индустриалды аймағына және басқа да өндірістік обьектілерге инфрақұрылым салу құрылысы қолға алынған. Халықтың табысын арттыру мақсатында «Түркістан облысы бойынша жұмыспен қамту картасы» бекітіліп, 2022 жылы Ордабасы ауданы бойынша 2 жарым мыңға жуық жұмыс орындарын ашу жоспарланды. Қазіргі таңда 2400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. «Еңбек» бағыты аясында аудан бойынша 10 айдың қорытындысымен 6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданнын экономикалық белсенді халық санына қарай 611 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, 1345 жұмыс орны ашылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

Мейірімділік пен қамқорлық жүректен. Ал қайрымдылықтың ең абзалы шын мұқтаж жандардың қажетін өтеу болып табылады. Дархан пейілді қазақ халқы...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ЖАН-ЖАҚТЫ САРАПТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласының активімен кездесті. Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды....

ТҮРКІСТАН: «TURAN JASTARY» ФОРУМЫНДА  ОБЛЫС ЖАСТАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ.

Өткен аптаның демалыс күндері, 25-26 қарашада Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырыс беруімен "ЖАЛЫН" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Turan zhastary”...

ТҮРКІСТАН: «ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 13 МЫҢНАН АСТАМ ЖАС МАМАН ЖҰМЫС ТАПҚАН

2010 жылдан бері күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жұмыссыз жастарға тигізген пайдасы орасан. Жоба мақсаты...

Ханзада аралдары жанға жағымды самалымен тартымды

Стамбұлдың оңтүстігінде, Мәрмәр теңізіндегі Ханзада аралдары (Принцевы острава) гүл хош иістерімен безендірілген керемет пейзаждар мен жанға жағымды самалымен тартымды....

Түркістан интустриалды аймағын дамыту шаралары күн тәртібінен түспейді.

  40 га ау­мақты алып жатқан жер бүгінде 190 гектарға ұлғайтылып, инфра­құ­рылыммен қамтамасыз етіліп жа­тыр. Мұнда 2016 жылдан бері 27...

“NUR OTAN” партиясы өз уәдесіне берік

Көктем айында осы аймақтың тұрғындарымен кездескенбіз, сонда тұрғындар тарапынан біршама мәселелер айтылып, партия тарапынан тиісті мекемелерге жеткізетінімізді ескерткенбіз. «Nur...

Chance the Rapper releasing debut album this summer

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ СТАМБҰЛДА “БІРЛІК” ҰЙЫМЫН ҚҰРДЫ

Стамбұлда жаңа оқу жылының басталуына орай Түркияға Қазақстаннан білім алуға келген студенттер бас қосты. Аталған жиын Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығының...

Тағы да