Воскресенье, 19 апреля, 2026

Төлебиде жаңа кәсіпорын ашылды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Төлеби ауданында «КазахБитум» ЖШС-нің мұнай өнімдерін өңдеу зауытындағы үздіксіз полимерді модификациялау цехы ашылды. Киелітас ауылдық округі аумағында орналасқан зауыт жылына 200 мың тоннадан астам өнім өндіруге қауқарлы. Жоба құны – 550 млн. теңге. Цехта жол жөндеу жұмыстарына қолданылатын ерекше қоспа өндіріледі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы жұмыс сапарымен Төлеби ауданында болып, жаңа өндіріс орнының ашылу рәсіміне қатысты. – Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында кәсіпкерлік саласын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді тапсырды. Бүгінде облыста аталған мәселелер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облысымызда 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар Президент автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керектігін айтқан болатын. 2025 жылға дейін жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма берді. Бізде әлі күнге дейін битум тапшылығы бар. Аудан аумағында жұмыс істеп тұрған зауыттың жұмысын жандандыру арқылы облысымызда осы мәселені шешеміз. Бүгін іске қосылған полимерді модификациялау цехының маңызы жоғары. Осындай ірі зауыттарымыз көбейе берсін! – деді Дархан Сатыбалды. Битум әртүрлі жол жұмыстарында кеңінен қолданылады. Өнімнің бір ерекшелігі, ауа-райының кез-келген температурасына бейімділігі. Битум жол төсенішінің біркелкілігін және түрлі деформацияланудан сақтайды. Полимерлі битумды пайдаланатын асфальтбетон қоспасы жолды тозып кетуден қорғайды. Цехта жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылған. Іссапар барысында облыс әкімі Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Балмұздақ цехы 1998 жылдан бері жұмыс істейді. Кәсіпорын жылына 3 мың тоннаға жуық балмұздақ, 15 тонна тұшпара, жарты миллион тоннадан астам шоколад өнімдерін өндіреді. 200-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Келер жылы 1 млн. 300 мың евроға Австриядан балмұздақ цехына құрал-жабдықтар алып, орнатылмақ.

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Арыста ерекше балаларға мерекелік көңіл-күй сыйланды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Айтулы мерекеге орай Арыста орналасқан «Danis» коррекциялық дамыту орталығында ерекше жағдайдағы балаларға...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: МОНОПОЛИЯНЫ ЖОЮ – ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жариялап, онда елдің алдағы уақыттағы даму жүйесін, жүрер жолын,...

“МЕДЕУГЕ” “АЗИЯ ДАУЫСЫ” ҚАЙТА ОРАЛАДЫ

2 шілде Алматыда биік таулы «Медеу» мұз айдынында«Азия дауысы» пикнигі ұйымдастырылды. Әсем таудың арасында 28-30 шілде күндері аты аңызға айналған «Азиядауысы» фестивалі жалғасын таппақ. «Азия дауысы» пикнигі шынайы серуенге негізделді. Атап айтатын болсақ, дәмді тағамдар, демеушілер тарапынан көптеген түрлі ойындар мен іс–шаралар (сыйлықтарымен), шеберлік сабақтары, шеберлердің ерекше безендірілген шатырлары, демалыс орындары және ең бастысы – әсем әуен. «Медеу» сахнасында таңның атысынан күннің батысына дейін Алматы қаласында өткен «Жас қанат-2023» жасорындаушылар байқауының қатысушылары мен жүлделіорын иегерлері өнер көрсетті. Қойылым арасында үлкен экраннан «Азия дауысы» фестивалінен бейнероликтер көрсетілді. Ұйымдастырушылар пикник қонақтарымен осыдан 30 жыл бұрын өнер көрсеткен жұлдыздарды ескеалды. Халық қосылып ән айтып, би биледі. Бұл – сағынышқа толы сәттер болды! Ал пикник кешін көпшіліктің сүйіктісіне айналған Молданазар, Садраддин және PLEBS тобы тамаша ән шашуларымен қорытындылады. «Азия дауысы» пикнигі – жаңаша көзқараста қайтажалғасын табатын «Азия дауысы» фестивалінің тұсау кесері ретінде аталып өтті. Бұл туралы фестивальдің баспродюсері Арманжан Байтасов былай деді: «Біз үшін пикник – өте маңызды оқиғалардың бірі. Жыл басында «Азия дауысы» фестиваліне дайындық барысында«Азия дауысы» халықаралық фестивалі қоғамдық қорының негізін қалаушы және президенті Ирина Ковыряко іс–шараның толық нұсқасын ойластырды. Соның біріАлматыға кері қайтаруымыз керек болған «Жас қанат» байқауы. Сонымен қатар Азия дауысының символына айналған күн басқан ерлердің бейнесі табылған Таңбалыдағы петроглифтерге саяхат еді. Бұлардың барлығы бір тізбектің буыны. «Азия дауысы» фестивалі мен байқауы20 жылға жуық уақыт өткізілмеді. Соңғы фестиваль 2004 жылы өтті. Арада ұзақ үзіліс болғандықтан, көп нәрсеұмытылып кетті. Сондықтан бәрін қайта қалпына келтіругетура келеді. Осы тұста фестивальді бастапқыда жасауға атсалысқанМұрат Ирғалиев және Александр Пономаревпен қайта қарым–қатынас құрып, жұмысты жалғастырамыз. Бұл командамен 2004 жылы жұмыс істеген кезде iPhone, смартфон, iPad, тіпті 5G интернеті де болған жоқ. Яғни, бүгінгідей мүмкіндіктер болмады. Біздің міндетіміз – бар қабілетімізді, мүмкіндігімізді, шығармашылығымызды біріктіре отырып, «Азия дауысын» заман талабына сай етіп дайындап шығу. Бұл – әрине, оңайемес. Біз барлық іс–шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырысамыз. Осы тұста, 28, 29 және 30 шілде Медеуде өтетін «Азия дауысы» фестивалі көрермен көңілінен шығу үшін бар күшімізді саламыз. Қазір барлықсәт пысықталуда. Мені ерекше қуанышқа бөлеген жайт – алматылықтар мен қала қонақтарының керемет достық көңілі болды. Ал бұл біз үшін маңызды жайт деп айтуғаболады. 28 шілдеде өтетін «Азия Дауысы» фестивалінің ашылу салтанаты керемет өтетініне сенімдімін. Фестиваль бұл жолы өзгерістерге толы болмақ. Мәселен, биыл «Азия дауысы» байқауы болмайды. Біз әзірге старт-концерт жасап жатырмыз. Өйткені адамдар байқауға қатысуүшін алдымен Қазақстанда мәдениетті әрі қауіпсіз адамдар тұратынына көз жеткізіп, сенім білдіруі тиіс. Бұл – Азия Дауысының 2023 жылғы басты міндеті. Фестивальдіңбірінші күнінде тек қазақстандық өнерпаздар сахнағашығады. Бұл фестивальдің екінші күні өнер көрсететінBlack Eyed Peas тобының концертінен де шулы болыпөтетініне сенімдімін. Ал «Азия дауысының» үшінші күніаты аңызға айналған әншілер мен топтарға арналады. Себебі аталмыш күні «Ялла», Юлдуз Усманова, SecretService өнер көрсетеді. Бірақ жұлдыздар тізімі бұныменаяқталмайды. Ол үшін хабарламалармызды бақылап отырыңыз! Айтпақшы, «Азия дауысы – 2023» фестивалінің бас серіктесі әрі бірлескен ұйымдастырушысы Halyk Bankболды. Бұл кездейсоқ емес. Себебі биыл Halyk Bank өзініңғасырлық мерейтойын атап өтеді. Осы оқиғаға байланысты«100 игі іс» ауқымды акциясын өткізбек. Оның аясындабүкіл ел бойынша әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік маңызды бастамалар жүзеге асып жатыр. «Азия дауысы» фестивалі осы жобалардың маңызды бөлігі болмақ. Өйткені фестиваль Halyk Bank демеушілігімен өтеді.

Түрік асханасы: Дәрілік шөптер: табиғаттан дастарханға дейін

ТҮРКИЯНЫҢ БАҚЫТ ЖАҒАЛАУЫ ҚОНАҚТАРДЫ ТЫНЫШ ПЕЙЗАЖЫ МЕН АТМОСФЕРАСЫМЕН, ДӘМДІ ЗӘЙТҮН МАЙЫМЕН, ШАРАП ЖАСАУ ӨНЕРІНІҢ БАЙ МҰРАСЫМЕН ЖӘНЕ КӨКӨНІСТЕР ҚОСЫЛҒАН...

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында Низамабад елді мекеніндегі «Ecoinvest S.A» ЖШС жылыжайына барды. Жобаның...

Өнегелі отбасы – мемлекет тірегі

Ордабасы аудандық орталық кітапханасы Отбасы күніне орай оқырмандардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.Оқушылардың есте...

Ақ әжелер сайысы қорытындыланды

Қазақы қаймағы бұзылмаған Жетісай ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құралған Әжелер алқасына 10 жыл толуына орай «Ақ дидарлы әжелер»...

Кәсіпкер жергілікті атқарушы органдары тарапынан әкімшілік кедергіге тап болған

«Бизнес жол» жобасы аясында «Шымкент Цемент» ЖШС басшылығы жергілікті атқарушы органдары тарапынан орын алған әкімшілік кедергілер туралы шағым түсірді. Кәсіпкер...

Динара Зәкиева балалар зорлығына қатысты қатаң шараларды жариялады

Қазақстандағы Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Facebook-тегі парақшасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң жобасы әзірленгенін айтты. Ол бұл құжат...

Тағы да