Понедельник, 20 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІСТАН МЕН САУРАНДАҒЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан қаласында 110 кВ солтүстік қосалқы станциясы салынып жатыр. Құрылыс толық аяқталғаннан кейін Түркістан қаласының индустриалды аймағында орналасқан шағын және орта бизнес нысандары мен қоса, қаланың «Бекзат»,  «Бірлік» мөлтек аудандары және жақын маңда орналасқан Сауран ауданының Теке, Нұртас елді мекен  тұрғындары, әлеуметтік, шағын бизнес нысандары  сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін құрылыс алаңында болып, жұмысшылармен кездесті. Жауапты басшыларға құрылысты сапалы жүргізуді тапсырды.

Бүгінде қосалқы станцияның ішкі жұмыстары жүргізілуде. Тура бір жыл бұрын басталған құрылыс жұмыстарын келер жылдың маусым айында аяқтау жоспарланған. Республикалық және облыстық бюджеттен 6 млрд. теңгеден астам қаражат қаралған.

– Түркістан облысы және осындағы индустриалды аймақтар үшін электр қуатының маңызы зор. Қуат көздерін арттыру, сапалы электрмен қамту өзекті мәселе болып тұр. Сондықтан бұл станцияның құрылыс уақтылы аяқталуы тиіс. Әлі де мұндай жобаларды көбейту жолын қарастырамыз. Өндірісті, кәсіпкерлікті дамытамыз десек қуат көздері мен инфрақұрылым сақадай-сай болуы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.

Өңір басшысы Сауран ауданындағы жиһаз цехында болды. 200 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын жылына 2500 дана жиһаз шығарады. Кәсіпорын жұмысын кеңейту үшін мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, жұмыс күші екі есе артпақ.

Сауран ауданы алып құрылыс алаңына айналды. Аудан орталығы Шорнақ елді мекенінен 38 га жер бөлініп, мемлекеттік органдардың 5 әкімшілік ғимараты бой көтерді. Онда аудан әкімі аппараты ғимараты, аумақтық қазыналық мекемесі, прокуратура, сот, аудандық мемлекеттік мекемелерінің ғимараттары және мәдениет үйі орналасады. Бұған республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінді.

– Сауран ауданын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуы керек. Әкімшілік ғимараттары мен осы аумақтағы нысандардың сәулеті бір-бірін толықтырып тұруы қажет, – деген Дархан Сатыбалды Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбековке тапсырмалар берді. Мердігерлермен пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады. Жауапты басқарма басшыларынан аудандағы  нысандарды қаржыландыру бойынша ойларын тыңдап, мәселелерді талқылады.

Жергілікті бюджет есебінен 3 мектептің құрылысына 1 млрд. теңге қаралды. Шорнақ ауыл округі, Қосмезгіл елді мекеніндегі 300 орындық мектептің құрылысы аяқталып, биыл пайдалануға беріледі. Білім ұялары Оранғай мен Ибата елді мекенінде салынып жатыр.

Аудан орталығын ауыз су жүйелерімен қамту жұмыстарына Ұлттық қордан қаражат бөлінді. Нысандар жыл қорытындысымен пайдалануға беріледі. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2 елді мекенде 7 жоба іске асырылуда. Бұдан бөлек Сауран ауданын абаттандыруға, желілік саябақ пен балалар алаңы мен футбол алаңшасын салуға 530 млн. теңге қаралды. Автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Түркістанда жас қылқалам шеберлерінің «Бояулар құпиясы» облыстық байқауы өтті

Түркістанда «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты – білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың...

Жастар- ізгілік жаршысы

Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығында жиын өтті.  «Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімінің ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа және есірткі  бизнесіне...

Түлкібаста тұрмыстық зорлық зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының сенім телефоны жарияланды

Тұрмыстық зорлық бір адамның екінші адамға не туыстарының бірінің екінші туысына зорлық көрсетуі. Бірінші кезекте, отбасы ішіндегі зорлық. Отбасылық-тұрмыстық...

Гөджек: көк саяхаттың жүрегі

Жаз – Түркияның Эгей және Жерорта теңізінде көгілдір саяхат, ерекше желкенді тәжірибе үшін жылдың ең әдемі мезгілі. Түркегей мен...

2021 ЖЫЛ – ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗ ТУРИЗМ ЖЫЛЫ

Әлем бойынша қауіпсіз туризм сертификациялау бағдарламасын іске қосқан Түркия 2021 жылдың жаз маусымына дайын. 2020 жылдың маусымында беріле бастаған...

ТҮРКІСТАН: Арыста ерекше балаларға мерекелік көңіл-күй сыйланды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Айтулы мерекеге орай Арыста орналасқан «Danis» коррекциялық дамыту орталығында ерекше жағдайдағы балаларға...

Отбасындағы зорлық-зомбылық: биыл елімізде 25 бала көз жұмды

Екібастұздағы жеті жасар қыздың өлімінен кейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қазақстанда биылдың өзінде 25 бала қайтыс болғанын, оның...

«ОҚЫSАУ» кітапқұмарлар клубы ашылды

Арыс қаласының білім бөліміне қарасты қарасты №8 В.Комаров атындағы жалпы білім беретін мектебінде кітапханашы Г.Жанайбекова мен педагог-ұйымдастырушы Н.Құдайбергенованың ұйымдастыруымен...

Республикалық байқау Ордабасы ауданында жалғасын тапты

Ордабасы аудандық білім бөлімі Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің...

Тағы да