Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістанда жас қылқалам шеберлерінің «Бояулар құпиясы» облыстық байқауы өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістанда «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты – білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру. Жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін ояту. Сурет салуға үйрету, балалар көркемсурет мектептерінің рөлін арттыру.

Байқауға аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаз атанған жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 10-17 жастағы 136 білім алушы өрені бақ сынасты.

Жас қылқалам шеберлері алдымен аудан және қалалық іріктеу кезеңінен өтті. Үздік деп танылғандар облыстық кезеңге жолдама алды.

Байқау номинацияларындағы жұмыстар кез-келген техникада (акварель, май, пастель, қарындаш, гелий қаламы, түрлі-түсті қарындаштар, аралас техника) кез келген материалда (картон, қағаз, кенеп, т.б.) орындалды. Жеке жұмыстары қабылданды (әр номинация бойынша – 1 жұмыс). Бір қатысушы бір номинацияға қатысты.

45 минут ішінде «Менің елім – менің жерім» тақырыбында классикалық кескіндеме (портрет, пейзаж) салды. Тақырыптық натюрмортта халық тұрмысы заттарының немесе халық қолөнері мен қолөнер бұйымдарының бейнесін кескіндеді. «Таланттар палитрасы» арқылы авангард және эксперименттік кескіндемелер мен композициялық туындысын көрсетті. Сондай-ақ сюжеттік композиция ретінде «Жер бетіндегі үздік демалыс», «Менің әуестігім», «Мен және менің отбасым» тақырыбына сәйкес ойларын сурет арқылы жеткізді.

Бояулар құпиясы жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңі Түркістан қаласы «Оқушылар сарайы» ғимаратында өткізілді. Аудандық, қалалық кезеңнен іріктеліп келген оқушылар өздерінің өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді. Қазылар алқасы шешімі негізінде жүлделі орындар анықталды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйақылар табысталды. Ережеге сәйкес 1 орынды жеңіл алған 8 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

САЙРАМ: Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, ауданда қайырымды іс-шаралар өтуде

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» КММ-нің...

ТҮРКІСТАН: Полицейлер мен әкімдік қызметкерлері балалардың түнде жүруіне қарсы рейд өткізіп жатыр

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, 2023 жылғы 17-19 шілде аралығында республика көлемінде «Түнгі қаладағы...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРА ТҮСЕДІ»

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай Ордабасы ауданына барып, тұрғындармен кездесті. Еркін пікір...

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ЖАҢА ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫН МҰҚИЯТ ҚАДАҒАЛАУДЫ ТАПСЫРДЫ

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Кеңеске қатысушылар жаңа білім...

Бәйдібекте аудан прокуроры оқушылармен кездесті

Бекітілген кестеге сәйкес аудан прокуроры Мәди Байтелиев Көктерек ауылдық округіндегі СЖиренов, Қ.Сыпатаев атындағы мектептерде болып, ұстаздармен және оқушылармен кездесті....

Каппадокия – один из самых привлекательных регионов Турции

Каппадокия – один из самых привлекательных регионов Турции, привлекающий туристов своей захватывающей дух природной красотой и историческими местами. Этот...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҚЫСТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ

Әлемдік деңгейдегі мәселелердің бірі – ол қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу. Түркістан облысының аумағында 158 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын...

Ақ әжелер сайысы қорытындыланды

Қазақы қаймағы бұзылмаған Жетісай ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құралған Әжелер алқасына 10 жыл толуына орай «Ақ дидарлы әжелер»...

МӘМС пакетіндегі балаларға көрсетілетін медициналық көмек туралы ТОП-10 сұрақ

  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры үнемі Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @SaqtandyryBot телеграм-бот және 1414 байланыс орталығы арқылы балаларға медициналық көмек...

Тағы да