Түркістан – бабадан қалған, ұлтымыздың тарихымен етене сабақтасқан қасиетті мекен. Қаншама батырларымыз қызғыштай қорғап, хан-сұлтандарымыз ордасын тіккен құтты аймақ саналады. Түркістан тек халқымыздың емес, түркі дүниесінің рухани ордасы, мәдени шаһары саналады. Ғасырдың үнін шертіп, ұлтымыздың айрылмас бөлшегі аталатын қаланы жаңаша түрлендіріп, өзгеше образда танытуда біздің де міндетіміз бар деп есептеймін. Түркістан ешқашан елеусіз қалған емес. Ол – ескерткіш қала, ежелгі жердегі ежелгі қала. Енді тек тарихи шындықты қисынды қалпына келтіре алсақ, бізді алда Түркістанның қайта өрлеу дәуірі күтіп тұр. Түркістанда аз уақыт ішінде елеулі өзгерістер орын алды. Қаланың келбеті өзгеруде. Жаңа құрылыс нысандары пайда болып, ірі жобалар іске асырылып жатыр. Тыныш қана қаладан көп ұзамай әлемнің төрт бұрышынан туристерді қызықтыратын көзтартарлық шығыс орталығына айналатынына күмән келтірмейміз. Келешек алда, сеніміміз де мол. Шаһардың алдағы уақытқа межелеген міндеттері де аз емес. Нақты тапсырмалар беріліп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде екен. Керемет нысандар бой көтеріп, ерекше ажар бермек. Көне шаһарды жаңа дәуірдің озық қаласы атандыруда жастардың да белсенділік танытып келеді.
Түркістан – қазақ халқы үшін қастерлі де қадірлі мекендердің бірі әрі бірегейі. Тарихи санаға сінген тармақталған тізбекті іздер қатарында Түркістандағы ғасырға бергісіз кесенелер мен ғимараттар атаулары ерекше жаңғырып тұрады. Бір ғана Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесін көру үшін түркі елдерінен жылына мыңдаған адам ағылып келеді. Сол секілді көне Отырар қаласы мен Арыстан баб мазары мәдение мұрамыз саналады. Көне Жібек жолының тармақтарының ойысып, сауда қалашықтарының көп болуы да шаһарға да, аймаққа да өзіндік артықшылық сыйлайды. Жер жүзі мойындаған әл-Фараби секілді ойшыл туған құтты мекен кезіндегі Алаш туын көтерген қоғам қайраткерлері үшін де пана болды. «Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы Түркістан». Осы жылдар ішінде айтарлықтай өзгерістер орын алып, батыл бастамалар қолға алынды. Шаһардың қайта жанданған жоспары бекітіліп, қалада күрделі қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Әр облыс Түркістанға сый ретінде әлеуметтік маңызда ғимарат сыйға тартып, қызу құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа Халықаралық әуежай шет елдік туристердің ыңғайлы жетулері үшін мүмкіндік сыйласа, жаңадан бой көтеретін қонақүйлер барлық стандарттарға сай келмек. Мұнан өзге, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған жаняұларға пәтер беру ісі де қолға алынып, алғаш қоныс тойын тойлағандар тізімінде есімдері аталуда. Мұндай қысқа кезеңде белгілі бір жобаның ақ-қарасын ажырату мүмкін емесКелер он жылдықта түрленген Түркістан түркі жұртын ғана емес, төрткүл дүниені таңырқататын кербез шаһарға айналарына нық сенімдіміз

