Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістанның дамуы қарқынды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

Туризм саласы Түркістанда бұ­­рыннан жақсы жолға қойыл­ған. Бұл сала бойынша 2021 жы­лы инвестиция көлемі 102 млрд тең­гені құрап, республика бойынша бірін­ші орынға шықты. 2021 жылы об­лыста «Керуен Сарай» көпфунк­цио­налды туристік кешенінде демалыс орындар және туристік нысандары іс­ке қосылды (Ramada by Wyndham, Emir Plaza, Rich Hotel, Grand Villa, Golden Ray Turkistan Hotel, Этно Парк Резорт). Сондай-ақ, 2021 жыл­дың қорытындысы бойынша Түр­кі­стан қаласына бір күнде 1 417 372 адам келді (2020 жылы – 382 606 адам болған).

2022 жылы ішкі туристердің са­нын 261 000 адамға, шетелдік турис­тер­дің санын 7 290 адамға, Түркістан қа­ласына бір күндік келушілер са­нын 1,6 млн адамға, туризм саласы бойын­ша көрсетілетін қызметтердің кө­лемін 3,5 млрд теңгеге дейін жет­кізу жоспарланған.

Түркістан қаласының дамуы ту­ра­лы айтатын болсақ, тұ­тас­тай жаңа қала салынды деуге бо­ла­ды. Санақ нәтижесі бойынша қала хал­қы 56 356 адамға өсіп, 221 102 адам­ды құрады (2018 жылы 164 746 адам болған). Төрт жылда қалаға тар­тылған инвестиция көлемі 8 есеге ар­тып, жалпы 793,2 млрд теңгені құ­рады. Оның ішінде, 50 пайызға жуы­ғы (389,4 млрд теңге) жеке ин­вес­тиция.

Қаланың негізгі әлеуметтік-инф­рақұрылымы қаланып, жаңа­дан халықаралық әуежай, әкім­шілік-іскерлік және рухани-мәдени ор­талықтары салынды. Биыл мұз ай­дыны, Теннис орталығы, ескек есу ка­налы Б.Саттарханов атындағы спорт кешені, туристерге арнал­ған жа­санды көл демалыс орталығы са­лынып, пайдалануға берілмек.

Төрт жылда Түркістан қала­сын­да жалпы 337 көпқабатты тұр­ғын үйлердің құрылысы жүргі­зілу­де. Аталған көпқабатты тұрғын үй­лердің барлығы толық аяқталса, 15 мың пәтер пайдалануға беріледі.

Бұған қоса ерекше үш мәселе­нің түбегейлі шешілген. Ал­ғаш­­қысы – табиғи газбен қамту. Бұ­ған дейін табиғи газбен қамту дең­гейі 26 пайыз болса, бүгінде қала тұр­ғындарын көгілдір отынмен 100 пайыз қамтамасыз етілген. 2021 жы­лы табиғи және сұйылтылған газды қауіп­сіз пайдалану мақсатында әлеу­меттік қолдауға мұқтаж 500 отбасыға газосигнализатор орнатылып, бұл өз ке­зегінде қаланың экологиялық ахуа­лын жақсартып және жасыл эко­номика бағдарламасына оң септігін ти­гізіп жатыр.

Екіншісі – қала халқын сумен қам­тамасыз ету. Бұрын Түркі­стан қаласында халық 100 пайыз та­за ауызсумен қамтамасыз етілмеген және суармалы су өте аз болды. Осы мәселерді шешу мақсатында бірінші ке­зекте халықты ауызсумен қам­та­ма­сыз ету қолға алынып, жүзеге асы­рылған екі ірі жобаның арқа­сын­да бүгінде бұл мәселе түбегейлі ше­шілген және істе 2050 жылға дейін ха­лық саны 500 000 адамға жету мү­м­кін деген болжам да ескерілген.

Түркістан қаласына 234 млн тек­ше метр ағын су жетіспей­ті­ні анық­та­лып, оны шешу үшін ға­лым­дармен кеңе­се келе Түркістан қа­ласына 248,8 млн текше метр ағын су жет­кізу­дің жо­лы табылған. Бұл үшін «Түр­кістан ма­гистралды кана­лын күр­делі жөн­деу» жобасы ар­қылы 60 млн текше метр су үнемделіп, қала ау­ма­ғындағы 8 шақырым канал бойы абат­тан­дыры­лады (құны – 16,5 млрд тг).

Бұрын ағын су 43 пайыз фильт­ра­циялық шығынға ұшыраса, енді оны болдырмау үшін бүгінде 52 ша­қы­рым каналды бетондау жұмыс­тары жүргізілген.

2021 жылдың желтоқсан айында «Кең­сай – Қосқорған – 2» су қоймасы жобасы пайдалануға берілді. Жоба аясында 34 млн текше метр ағын су жеткізіледі.

«Арыс-Түркістан магистралдық ар­насын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» ар­қылы 52,8 млн текше метр ағын су жет­­кізілетін болады (құны 30,2млрд тг). Жаңадан «Сарқырама» су қой­ма­­­сын салу арқылы 65 млн. текше метр ағын су жеткізілмек (құны 7,4 млрд тг).

Сондай-ақ Кентау қаласында «Қос­­қорған» су қоймасын то­лық­тыра отырып, су төмендету жүйе­сін салу жо­басы арқылы 40 млн текше метр ағын су жеткізіледі (құны 20 млрд тг).

Жаңалықтар тізбесі

Еңбегі ерен тұлға

  Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті. Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, "Nur...

Табысты отбасы жобасының түлектері кәсібін дөңгелетуде

Бүгін «Самұрық-Қазына» қоры қолдаған «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы түлектерінің бастаған кәсібімен арнайы танысуға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев, ауданның...

ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН “ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН” ГАЗЕТІ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған турнир өтті. Дәстүрлі сайыс биыл...

«Балалар біздің болашағымыз» атты сурет байқауы өтті

Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қазығұрт аудандық оқушылар сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «1 маусым – Халықаралық балаларды...

Аудан басшысы Алтынбековтер әулетінде болды

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Құмкент ауылындағы Алтынбеков Әшімхан ағамызбен Баймаханова Қаламқас апамыздың шаңырағында болды. Осыған дейін аудан басшысы жұбайы...

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп атқарған жұмыстар

Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қоғамдық бірлестік өкілдерімен бірлесіп қаламыздағы ірі сауда орталықтырның өкілдеріне және...

“NUR OTAN” нақты істер партиясы

Көктем айында осы аймақтың тұрғындарымен кездескенбіз, сонда тұрғындар тарапынан біршама мәселелер айтылып, партия тарапынан тиісті мекемелерге жеткізетінімізді ескерткенбіз. «Nur...

Қазақстандықтардың саны 20 миллионға жетті

Мемлекет басшысы қуанышты жаңалықпен құттықтады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  қазақстандықтарды ақжолтай жаңалықпен құттықтады. – Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДӘРІГЕРЛЕРГЕ 75 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АВТОКӨЛІГІ ТАПСЫРЫЛДЫ

Бүгін Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарына 75 дана жедел жәрдем санитарлық автокөлік тапсырылды. Салтанатты іс-шараға Түркістан...

Тағы да