
«Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін». Иә, мүмкіндігі молайып, күн сайын даму үстіндегі бүгінгі заманда бизнеске қадам басып жатқан жандардың қатары артып келеді. Алайда кәсіпкерлік те үлкен сауаттылықты, асқан жауапкершілікті талап етеді. Неден бастау керек немесе бизнесті қалай бастаған дұрыс?! Шынында да кез-келген адам кәсібін бастамастан бұрын: Бизнеске дайынмын ба-? деген сауалға нақты жауап беруі тиіс. Өйткені бизнес тек тез арада пайда табумен шектелетін іс-әрекет емес. Кәсіппен айналысатын адамның тек қалауы мен пейілі, ынтасы және талпынысынан бөлек, ой-сана мен күш-жігері мықты болуы керек. Және де тәжірибелі маманның кеңесі жас кәсіпкерлер үшін керек-ақ. Нарықта 12-жылдық тәжірибесі бар эксперт Сәкен Ділімбетов – табысты кәсіпкер болудың өз қағидалары бар. Ең бастысы — бизнесте білімді болуы маңызды дейді. Әрбір қаталесу – үлкен мүмкіндіктерге жол ашады, өмірлік тәжірибе,- дейді бизнес-эксперт. Сондықтан да жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында кәсіп бастаудағы 7-қателікке тоқталып өтті. Халқымызда — «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала»— деген мақал бар. Бұл сөздің көп мағынасының бірі – бірден үлкен іске жүгірмей, шамаңа, төңірегіңе және жағдайыңа қарап іске кірісу мәселесі. Өйткені бұған дейін айналыспаған, қыр-сырын білмейтін әрі хабарыңыз жоқ істі бастау үшін несие алып белшене қарызға батып кәсіпкерлікпен айналыспастан бұрын, бұл істен түсетін пайда қанша? Оның қарапайым тұтынушыға (халыққа) қажеті бар ма? және несие мен қарызды қайтара аламын ба?- деген сұраққа жауап беруіңіз керек. «Әлемнің әміршісі – еңбек» дейді дана халқымыз. Табан ақы, маңдай тердің өтеуі тек адал еңбек арқылы ғана өтелмек… «Кәсіп болмай, нәсіп болмас» деген осы!
