Понедельник, 20 апреля, 2026

Түркістанның әлеуеті артып келеді.

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

ТҮРКІСТАНДА берекелі еңбектің мерекесі өтті.  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ «ALTYN KÚZ — 2022» САЛТАНАТТЫ мерекесінде игілікті істер көрініс тапты.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған  «ALTYN  KÚZ — 2022» мерекесі ұйымдастырылды. Алдымен ауыл шаруашылығы саласы техникалары мен өнімдерінің көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды. Салтанатты жиында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің еңбеккерлерін төл мерекелерімен құттықтап, олардың жетістіктерін жоғары бағалады.

– Ауыл шаруашылығы – Түркістан облысының негізгі драйверінің бірі.  Ауылда өскендіктен бұл саланың ерекшелігін, қиындығын жақсы білемін. Еңбек адамы – елді алға бастайды. Сіздердің еселі еңбектеріңіздің арқасында өңірдің агроөнеркәсіп кешені тұрақты дамып келеді. 10 айдың өзінде жалпы өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңінен 145,3 млрд. теңгеге артып, 951 млрд. теңгеге жетті. Егіс көлемі 14 мың гектарға ұлғайып, 860 мың гектарға дейін жетіп отыр. Жаңадан 113 гектар жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1625 гектарға дейін ұлғайды. Ет өнімдерін экспортауда өңіріміз республикада бірінші орында тұр.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу міндетін қойып отыр. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. 2023 жылдан бастап ауыл шаруашылығы жобаларына, кооперация желілерін дамытуға жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызбен жеңілдетілген несиелер беріледі. Сіздермен бірге облыстың аграрлық саласын жаңа бағытта дамытып, ел табысы молаярына сенемін, – деген Дархан Сатыбалды бір топ еңбек озатын арнайы марапаттады.

Атап айтсақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, «Құрмет» грамотасы тапсырылды. Сонымен бірге  агроөнеркәсіп кешенін дамытуда озат атанған аудан әкімдері облыс әкімінің дипломына ие болды. Бірінші орынды Сайрам ауданы еншілесе, екінші және үшінші орындарды Бәйдібек пен Сарыағаш аудандары еншіледі.

Салтанатты жиында Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев облыстың озат агроқұрлымдарын облыс әкімінің дипломымен марапаттаса, ауыл шаруашылығы мен еңбек адамын насихаттап жүрген БАҚ өкілдеріне де құрмет көрсетілді. Оларға облыс әкімінің алғысхатын Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспанов тапсырды.

Мерекелік кеште Түркістан өңірінің танымал өнерпаздары мен белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова өнер көрсетіп, Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы саласы өкілдерін мерекемен құттықтады.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қарқынды даму үстінде.  Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 56,5 млрд. теңгеге инвестициялар тартылып 116,1 % ұлғайды. Тамақ өндірісіне 6,7 млрд. теңге инвестиция салынды.

Түркістан облысын дамытудың кешенді жоспарын аясында Түркістан қаласы айналасында 11,0 мың гектар азық-түлік белдеуін құру жобасы жүзеге асырылуда. Құны 6,5 млрд. тг құрайтын 5 инвестициялық жоба іске асырылды және 2 мың гектарға жаңбырлатып суғару технологиясы орнатылды.

Жаңалықтар тізбесі

Түркістанда «Тұран даласының күйлері» атты күйшілер байқауы өтті

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық домбыра» күніне орай және Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық...

СУДЬЯНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ

Сот билігін атқарушы ретінде тағайындалған лауазымды тұлға ол – судья. Ол сот билігінің өкілі ретінде барлық құрмет пен беделге ие....

Түркістандық делегация Солтүстік Қазақстанда

Түркістандық жұмысшы топ бүгін күнгей өңірден Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов ауданы Привольное ауылына қоныс аударғандардың жағдайымен танысты. Түлкібастық Нұрлыбек...

“ШЕВРОН” КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФ ТАБЫСТАДЫ

«Шеврон» COVID-19 індетімен күресті қолдау аясында Қазақстанның медициналық мекемелеріне алты компьютерлік томографты табыстады. Алматы, Қазақстан, 2021 ж. 16 қыркүйек — Қазақстан Республикасына коронавирус...

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ІІІ МАУСЫМЫН «КЕЛІНДЕР КӨТЕРІЛІСІ» ПЬЕСАСЫМЕН БАСТАЙДЫ

2023 жылы 21 қазан күні Түркістан музыкалық драма театры III жаңа маусымын бастайды. Театр маусымы «Келіндер көтерілісі» қойылымымен ашылады. «Келіндер...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: МОНОПОЛИЯНЫ ЖОЮ – ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жариялап, онда елдің алдағы уақыттағы даму жүйесін, жүрер жолын,...

Тараклы елді мекені ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне алынған

Жұмыс барысымен Түркияға сапар шектік. Нешеме ғасырлар бұрын бір атадан өрбіп, бір қағанат құрамында болған түбі бір түркі халқының...

Түркістанның әлеуетін арттыру – айқын мақсаттардың бірі.

Қаладағы көшелерді жарық­тан­дыру мақсатында 2021 жылы 147,8 ша­қырым құрайтын 155 көше нақты жарықтандырылды. 2022 жылы 395,1 шақырым құрайтын 318...

«Жақсының жақсылығын айт»

Өңірімізде орын алған апаттарда да, пандемия кезінде де талай отбасыға қол ұшын созған “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық...

Тағы да