Жастар – қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы
Жастар – бұл ересектер әлеміне ену жєне оған бейімделу әлеуметтік пісіп жетілу сияқты арнайы белгілері бар қоғамның демографиялық – әлеуметтік тобы.
Бұл анықтама кейінгі уақытта қалыптасқан. Себебі, бұрынғы уақытта қоғам жастарды әлеуметтік топ деп қарастырмаған.
Кейбір кезде жастар деп 14 – 30 жас аралығындағы адамдарды айтады. Ал, ЮНЕСКО жастар деп 14 – 25 жас аралығындағы азаматтарды айтады.
Жастық шақты жеке тұлғаның дамуының белгілі бір стадиясы ретінде қарастырып, осы жастағы адамға тән әлеуметтік – психололгиялық, физиологиялық ерекшеліктерге негізделген жеке бастық процестарге назар аударған жөн. Ал жастарды зерттеу барысында, оларды әлеуметтік – демографиялық топ ретінде қарастырып, оның санасы мен іс – әрекетіне мән беріледі.
Қазір қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер бүгінгі жастардың тұрмысына, жағдайына, дамуына қарама – қайшылық әсерін тигізіп отыр.
Еліміздегі әлеуметтік өзгерістерге байланысты жастар ортасында дифференциялану процесі белсенді түрде жүруде. Соның нәтижесінен әлеуметтік құрылымда жеке кәсіпкерлердің, банкирлердің, сондай – ақ қайыршы, қаңғыбас кезбелердің жаңа топтары пайда бола бастады. Ғылыми техникалық революцияның дамуы көптеген мамандықтарды ескіртіп, жаңа дағдыларға, жаңа мамандықтарға үйрену қажеттілігін туғызды.
