Понедельник, 20 апреля, 2026

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «БІЗ ҮШІН ӘР ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ МАҢЫЗДЫ»

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданы тұрғындарымен кездесті. Жүздесуде тұрғындар тарапынан инфрақұрылымды жақсарту, мектеп тапшылығы, жол, каналдарды жөндеу, электр мәселелері бағытында сұрақтар қойылып, өтініштер айтылды. Әр тұрғынның мәселесі маңызды екенін айтқан өңір басшысы Шардараны дамыту бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды баяндады.

– Біздің мақсатымыз – сіздермен еркін пікір алмасып, маңызды мәселелерді талқылау. Себебі аймақтың проблемаларын сіздер жақсы білесіздер. Шардара – облыстың оңтүстік бөлігіндегі дамып келе жатқан аудан. Әлеуеті өте жоғары. Мұнда жағажай туризмін, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік мол. Шардара қаласында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Ауданды, ауылдарды дамыту жұмыстары жаңа қарқынмен жалғасын табатын болады. Менімен бірге құқық қорғау органдары мен департаменттер, басқармалар басшылары сіздерді тыңдау үшін түгел келіп отыр. Сұрақ, арыз- шағым, өтініштер қабылданады. Біз үшін әр тұрғынның өтініші маңызды, – деді Дархан Сатыбалды.

Жеке және біріңғай қабылдауда да тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер қозғалды. Өңір басшысы әрбір ұсыныс пен өтініш хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыс жүретінін айтты. Кездесуге құқық қорғау органдары мен басқарма, департамент басшылары да қатысып, елдің арыз-шағымы мен өтініштерін тыңдады. Ашық пікір алмасу өтіп, күрделі түйткілдердің түйіні тарқатылды. Жүзден астам тұрғын басшылармен еркін пікір алмасып, көкейдегі ойларын, ұсыныстарын жеткізе алды.

Бүгінде Шардара ауданының инженерлік инфрақұрылым жүйесін дамыту мақсатында 13 бюджеттік инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Шардара ауданын орталықтандырылған газбен қамту бойынша 6 жоба іске асырылуда. Оған 3,9 млрд. теңге бөлінді, келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Халықтың табысын арттыру үшін «Түркістан облысы бойынша жұмыспен қамту картасы» бекітілген. Биылдың өзінде Шардарада 897 жұмыс орнын ашу жоспарланса, қазіргі таңға 832 орын ашылды. «Еңбек» бағыты бойынша ауданда 9 айдың қорытындысымен 2893 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданның экономикалық белсенді халық санына қарай 423 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, 607-і ашылған.

Егіншілікте пайдаланатын тыңайтқыштың ерекше түрін шығарумен айналысатын Шардара ауданының жас кәсіпкерлері Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыдан бизнестеріне қолдау білдіруді сұрады. Шылаушын өсіріп, оны егін шаруашылығында пайдаланудың жолын тапқандар мемлекеттік грант алып, бизнес бастаған. Енді оны дамытуды көздейді.

Шардара ауданында жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі мемлекет қолдауымен жеңілдіктер арқылы өз кәсібін жүргізіп отырған кәсіпкерлердің тауар көрмесінде болды. Жаңа бизнестің көзін тапқан азаматтармен тілдесті. Облыс басшысы кәсіпкерлерге қолдау көрсету жолдарын қарастыруды тиісті сала басшыларына тапсырды.

Облыс басшысы «Хамит» АӨК балық өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Бұл зауыттың балық өнімдерінің 90 пайызы шетелге экспортталып жатыр. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиелер алған. 250 адам жұмыспен қамтылған. Балық шаруашылығын одан әрі дамыту мәселесіне тоқталған облыс әкімі осы саланы дамыту маңызды екенін айтты.

Сондай — ақ ауданға жұмыс сапарында өңір басшысы Шардара қаласындағы жедел жәрдем станциясы бар 150 орынға арналған аудандық емханаға барып, құрылыс барысымен танысты. Нысан биыл ел игілігіне беріледі.

Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Әже — ұлттың ұйытқысы» атты форум өтті

Қазығұрт ауданы «Ардагерлер кеңесі» жанынан 2013 жылы құрылғын «Әжелер алқасы» ұйымының жұмыс істеп жатқанына биыл 10 жыл толып отыр. Осыған...

ТУРИЗМІ ТҰРАҚТЫ ТҮРКИЯ

  12-16 маусым күндері Түркияның Кайсери, Иозгат, Кыршеһир, Невшеһир қалаларына сарап шектік. Бұл саяхатқа арналған сапарымызға Түркия Туризм министрлігі Туризмді дамыту агенттігі мұрындық...

Түркия: Автобус қызметтері мен жолаушылар саны артқан

Түркияда 2023 жылы қалалар арасына қатынайтын автобустар билет бағасын қымбаттатпайды. Бұл жолаушылар санының өсуіне сеп болмақ. Індеттен кейін көрсеткіштер өсті Түркияда...

ЖАСТАР- ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ОБЪЕКТІСІ

Жастар  – қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы     Жастар  – бұл ересектер әлеміне ену жєне оған бейімделу әлеуметтік пісіп жетілу сияқты арнайы белгілері бар қоғамның...

Ұлағатты ұстаз 9 перзент тәрбиелеп отыр

Келес ауданы халық тығыз орналасқан аймақтардың бірі болғандықтан өңірде көп балалы отбасылар саны жыл сайын артуда. Осындай отбасының отағасы,...

ТҮРКІСТАНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫҢ РАПИД ЖӘНЕ БЛИЦ ТҮРЛЕРІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының рапид және блиц түрлерінен жекелей чемпионатының басталды. Осы орайда...

СТАМБҰЛДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТУРИЗМІ КӨРМЕСІ

TURABEXPO көрме ұйымы Стамбұлда 2023 жылдың 15-18 тамызы аралығында «Медициналық туризм және денсаулық сақтау» тақырыбында көрме ұйымдастырады.  Аталған шараға...

ТҮРКІСТАН: Жастарға- спорт маңызды

Бокстан Иорданияның Амман қаласында кезекті Азия чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі сында Қазақ елінің спортшылары өте сәтті жұдырықтасуда. Команданың қарқыны...

«Кітап оқитын адам – табысты адам!»

Мектеп оқушыларымен «Кітап оқитын адам – табысты адам!» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты: жасөспірімдерге адамның интеллектуалдық және тұлғалық...

Тағы да