Вторник, 21 апреля, 2026

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТҮРКИЯДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №28 мектеп-лицейінің оқушылары Түркияның Анталия қаласынан жеңіспен оралды. «XIV INTERNATIONAL OLYMPIAD IN ANTALYA» деп аталатын Халықаралық олимпиада 2009 жылдан бері мектеп оқушыларының арасында жаратылыстану бағытындағы пәндерден өтетін білім жарысы. Доданың басты мақсаты – үздік білім мен тәжірибе, шынайы дарын иелерін тану және табысқа жету жолына серпін беру.
Осы жылы қатысушылар саны да айтарлықтай көп болған. Шаһардағы №28 мектеп-лицейінің директоры Ләззат Нысанқұлова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Абайқызының жетекшілігімен барған оқушылар өздерінің шын жүйрік екендіктерін көрсете білді.
«Байқау қорытындысы бойынша 6-сынып оқушылары Сымбат Смайлова мен Альтайыр Нариманов орыс тілі пәні бойынша жүлделі 1 және 3-орындарды қанжығасына байлады. Ағылшын тілі пәні бойынша 6-сынып оқушысы Жанасыл Жандосұлы 2-орынға лайық деп танылды. Жүзден жүйрік шыққан 9-сынып оқушысы Абдуәлім Даулеталин «Мистер Олимпиада» номинациясына ие болды. Ал, география пәнінен командалық жарыста жүлделі 1-орынды жеңіп алды», деді Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы.
Жарыста 5 мемлекеттен 56 мектеп оқушылары өзара бәсекеге түсті. Сонымен қатар осы білім жарысын ұйымдастырушы тараппен байланысты нығайту мақсатында Ләззат Жаналықызы арнаулы меморондумға қол қойылғанын қуанышты түрде жеткізді.
Айта кетейік, аталған білім ордасында 1500-ге жуық оқушы бар. Білім ошағында үздік ұстаздар ұжымы топтасып қана қоймай, облыста, тіпті республика көлеміндегі білім бәсекелерінде үздік нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Мектеп оқушылары да ауыз толтырып айтарлықтай белестерді бағындыруда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес: заңнамалық өзгерістер мен әлеуметтік жобалар

Жыл басынан бері тек ресми мәлімет бойынша ҚР-да 302 тұрмыстық қылмыстық құқық бұзушылық жасалған. Биыл қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда 302 тұрмыстық...

Түлкібаста «Балалар оқуы» байқауының аудандық кезеңі өтті

Түлкібас ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, кеше Абай атындағы мектеп-лицейінде 8-10 сынып оқушылары арасында «Балалар әлемі»...

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 600-ДЕН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласында азаматтарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты – жастар...

«Build stroy» ЖШС-нің демеушілік есебінен көгалдандыру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы Еңбекші ауданында...

Бала қауіпсіздігі – басты назарда

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты  №43 «Алмаз» бөбекжай-бақшасында 2023 жылдың 3-14 сәуір аралығында «Қауіпсіз терезелер тақырыбындағы республикалық ақпараттық науқанның...

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ҚОЙЫЛДЫ

Кентау қаласы Қарнақ ауылындағы орталық алаңға қазақ тарихындағы соңғы хан саналатын Кенесары Қасымұлына арналған ескерткіш тақтайша қойылды. Жиынға қала әкімінің...

Halyk Bank Алматыдағы зардап шеккен микро-кәсіпкерлерге 1 млн теңгеден қайтарымсыз гранттар ұсынады

Halyk Bank Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік салдарынанзардап шеккен микро-бизнес секторындағы қарызалушыларына залал мөлшерін растаусыз бизнесті қалпынакелтіруге 1 млн теңге мөлшерінде...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысына түркітілдес елдері – Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің журналистері мен қоғамдық пікір көшбасшылары, туризм сарапшылары мен...

«Shell Nxplorers» бағдарламасы алғаш рет Түркістанда!

«Shell Nxplorers» бағдарламасы алғаш рет Түркістанда! Түркістан облысының мұғалімдеріне арналған шығармашылық ойлау дағдыларына және кешенді міндеттерді шешуге үйрету бойынша халықаралық...

Тағы да