
15 Мамыр Халықаралық отбасы күні. Халықаралық Отбасы күнінің маңызы қандай?
“Ұлы жол – отбасы табалдырығынан бастағымыз келеді. Отбасы, адалдық және махаббат – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтар. Адамның өмір жолы отбасынан басталады: туылу, тәрбиелеу, құндылық бағдарлары мен көзқарастарын қалыптастыру, дәстүрлерді беру, рухани-адамгершілікті даму деп басып айта аламыз.
Осы мерекеге орай аудандық полиция бөлімі мен аудандық АХАЖ бөлімінің мамандарының қатысуымен ажырасуға арыз жазған отбасылармен профилактикалық іс-шара жүргізілді.
Мақсаты: Отбасының құндылығын, әр бір шаңыраққа балалардың бақытты, уайым қайғысыз өмір сүрудің маңыздылығын, жанұяның береке-берлігі-әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы ол шағын ғана мемлекет екенін түсіндіру.
