Понедельник, 20 апреля, 2026

Жастар — ел ертеңі

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгінде еліміздің экономикалық әлеуетінің барынша артып, халық тұрмысының күн санап жақсарып келе жатқаны баршаға аян.Мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекеттік жастар саясаты – қоғамның стратегиялық ресурстарының дамуының маңызды бағыттарының бірі. Болашақтағы Қазақстанның жолы жас ұрпақпен тікелей байланысты. Бүгінгі күні жастар өзінің әлеуетін жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктерге ие. Осы үшін кәсіби мансап пен тұлғалық өсу қалыптастыруда тең мүмкіндіктер құрылуда.Жастар саясатының басым бағыттары мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көрсетілген. Бүгінгі Қазақстан – қалыптасқан мемлекет, үлкен геосаяси маңызы бар ел. Бірақ ең бастысы – ол орасан зор әлеуеті және өркендейтін болашағы бар ел. Жастар – қашанда қоғамның қозғаушы күші. Болашағын бағамдайтын мемлекет жастарының санасының ояу, білімінің жоғары болуына басты мән береді. Білім мен ғылымның салтанат құруы Отанның еңсесін ешкімге бастырмауға сеп болатынын бүгінгі заман дәлелдеп отыр. Жастарды тәрбиелеудің маңызы жайында Жастар қашанда қоғамдағы ең негізгі қозғаушы күш. Бойында намыс оты кернеген жастар әрқашан өз елі үшін еш аянып қалмайды. Мемлекеттегі өзгерісті жастар қолдаса онда ол міндетті түрде жүзеге асады. Ақын Мағжан Жұмабаев:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін, — деп бекерге айтып өтпесе керек.Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ал, тәрбиелік мәселелерде мемлекет тарапынан өнер, қоғамдық салалы мекемелер арқылы жаңаша жолдарға ден қойып, қоғамдық институттар арқылы жастарды тәрбиелеу жолдары іске асырылып келеді. Тарқатып айтсақ, кино саласындағы тарихи-рухани туындылар, театр сахнасындағы қоғамдық тәрбиеге үн қосатын көрсетілімдер, тәрбиелік мазмұндағы еңбектер мен газеттер, интернет пен әлеуметтік желілерде тәрбиелік мәні зор парақшаларды тапсырыспен ұйымдастыру, рухани танымдық кештер мен іргелі іс-шараларды жүзеге асыру жалғасып келеді. Дегенмен бұл бағытта ата-аналардың тәрбие саласына аса мән беру керектігін үндейді. Неге, өйткені әр ата-ана өз балдарының тәрбиесіне аса мән беріп, отаншылдық бағытта тәрбиелесе, ол баланың болашақта игілікті істер идеясымен өмір сүретіні белгілі. Шығыс тәрбиесінде білімді әрі иманды ұрпақ тәбиелеу үшін «баланы аз материалдық дүниелермен қанағаттандырып, көп уақыт бөлу керектігі» туралы ұстаным бар. Тарихымыздағы еліміз үшін жанын пида еткен ата-бабаларымыздың тәрбиесіне зер салсақ, арғы жағында ұлағатты ата-ананың тәрбиесін байқаймыз. Жастарды өзгеше ойлауға жол бермеу мүмкіндіктерінің бірі, ол – спорттық және өнер орындарына тарту жұмыстары болмақ. Себебі қолы бос жастардың уақытты толтырудың ермегі әлеуметтік желілердегі теріс идеяларға байлану мен топтасу арқылы заңсыз әрекеттерге ұрыну жағдайларын туындататыны анық. Сондықтан мәдени және спорттық нысандарды салу жұмыстары елімізде қарқын алды. Данышпан Абай атамыздың көзімен қарағанда «қарны аш адамның көңілінде ар, ойында ақыл болмайтынын» бүгінгі орын алып келе жатқан діни ахуалдан көргендейміз. Дегенмен ешбір мемлекет әлеуметтік-экономикалық мәселелерімізді толық шеше алмақ емес. Қазақстанның да өзіне тән қиындықтары жеткілікті, ол мәлім жағдай және белгілі бір дәрежеде қалыпты құбылыс. Зерделі оймен зер салып қарасақ, бұл көзқарастың да мәні мен маңыздылығы орынды мәселе.Ендеше, мемлекеттің жастарды әрдайым әлеуметтік әрі рухани қолдау жауапкершілігін сеніммен жүзеге асырып келе жатқанына сеніміміз мол болуы тиіс. Жастар – халықтың салауатты бөлігі, қоғамның тіршілік күші және қазіргі заманның энергиясы.Жастардың білім алуына, кәсіби, ғылыми және шығармашылық өсуіне жағдай жасау – қоғамды жаңғыртуға және алға ілгерілетуге салынған сенімді инвестиция. Елдің дамуы мен өркендеуінің негізгі тұтқасы –айбынды да белсенді жастар екені бәрімізге айқын. Жалындаған, бойында қуаты тасыған, білікті де білімді, патриот жас өркен қай елдің болмасын арқа сүйер мақтанышы іспеттес. Ендеше бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отырған жастардың бәсекеге қабілеттілік деңгейі. Адам баласы қазіргі нарықтық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті болуы үшін рухани, мәдени, адами эквиваленттілігі жоғары болу керек деп ойлаймын.Байқап қарасақ қазіргі жастар инновациялық жаңалықтар ашуға, креативті пікір жасауға өте құмар.Бұл да замманның ерекше белгісі екені айқын. Бүгінгі жастар ұрпақ – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Кез-келген тұлға сыйлы, қоғамда елеулі орны болуы үшін қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы керек.Себебі, рухани ерік-жігер де, патриоттық рух та ортамен араласудан туындайды.Сондықтан мемлекет жастарға «алтын орта» қалыптастыруға жағдай жасаудың болашақтағы маңызы зор. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократия кезеңінде. Егеменді еліміздің болашағын көркейтіп, қоғамымыздың дамуына өз үлесін қосатын – біздің жастарымыз.
Қоғам адамзат өркениетінің біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміті – жастар. Жастарға сенім арту – барлық қоғамға тән құбылыс. Бүгінгі жастар – келешек ұрпақ. Қоғам дамуының алғы шарты — адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай ғылымға келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жастар – ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші, қоғамның жемісті дамуының кепілі.Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократия кезеңінде. Егеменді еліміздің болашағын көркейтіп, қоғамымыздың дамуына өз үлесін қосатын – біздің жастарымыз.
Қоғам адамзат өркениетінің біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміті – жастар. Жастарға сенім арту – барлық қоғамға тән құбылыс. Бүгінгі жастар – келешек ұрпақ. Қоғам дамуының алғы шарты — адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай ғылымға келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жастар – ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші, қоғамның жемісті дамуының кепілі.
Жастар кез келген мемлекеттiң кешендi дамуы үшiн стратегиялық ресурс болып табылады. Жастар мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысушылардың бірі және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.Сонымен қатар, жас азаматтардың, жас ерекшеліктеріне қарай Отанында болып жатқан маңызды халықаралық оқиғаларды дұрыс сезінуі қуантады. Бұдан әрі жастардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысуын бағалау жүргізетін болсақ, негізінен жастар еліміздің қоғамдық-саяси өміріне жастар ұйымдарының қызметіне қатысу арқылы араласады.
Қорытындылай келе, Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпал етуімен байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады.

 

Жаңалықтар тізбесі

Араста базары шетелдік туристер жақсы көретін тарихи мекенге айналған

Сұлтанахмет мешітінің алаңына жақын маңда орналасқан Араста базарының тағы бір атауы – Атты әскерлер базары. Осман империясы кезінде атты...

СОЗАҚ: Оқушылар жолда жүру ережесімен танысты

Созақ ауданы, Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінде жолда жүру ережесі бойынша оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараға Созақ АПБ ЖПҚ...

100 жыл халықпен бірге: Halyk Bank-ке 100 жыл

Биыл Қазақстанның жетекші банкі маңызды тарихи межеден өтеді: 100 жыл бұрын 1923 жылдың қазан айында Ақтөбеде жүйе құраушы қаржы...

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Отырар ауданында «Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-не қарасты Түркістан филиалының Шәуілдір орманшылығының аумағында шартты түрдегі өртті...

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҮЙРЕТЕТІН МЕКТЕПКЕ ЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ

Түркістан облысындағы балық шаруашылығын үйрететін мектепке еліміздің түрлі аймақтарынан келетін кәсіпкерлердің қатары артып келеді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар...

Caster Semenya will be forced to alter her body to comfort slower runners

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Мектеп сынақ алаңы ма?

Соңғы жылдары ең көп реформа жасалған бір сала болса, ол – білім саласы шығар. Жыл сайын мектеп бағдарламаларына енетін...

Ел мерейін асырған спортшы жастар!

БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Иорданияның Амман қаласында Азия құрлығы елдері арасында бокстан ерлер мен әйелдер...

Hard time ahead for Hodgson as England start Euro qualifying campaign

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Тағы да