Понедельник, 20 апреля, 2026

Ағаш шеберінің жастарға берер өнегесі мол

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бәйдібек ауданы Боралдай ауыл округіне қарасты 4 ауыл бар. Халқының саны  үш мыңға жуық.   Әрқайсысының өзіне тән қуат тірлігі бар. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз осы ауылдың тумасы – Оралбек Иманәлиев. Кеңсай жалпы орта мектебіне еңбек пәнінің ұстазы. Қолынан келмейтін ісі жоқ. Бойындағы бар өнерін оқушыларға үйретіп, ебі барын өнерге баулуда. Балаларға ағашты қалай жону керектігін, станогтарды пайдаланып, егеуге, қашауға, бесіктерге сап жасап үйретуде.

 Оралбек Иманәлиев – ағаштың тамырынан түрлі дүниелер жасайды. 20 жылдан астам уақыт бойы осы саламен айналысып келеді. Табиғаттағы өсіп тұрған ағаштың тамырларына көз жүгіртіп жүреді. Себебі:  ағаштың бейнесі бір мүсінге, әлдебір көрініске келетін, ұқсайтын  тамыр болса, міндетті түрде  жинап алады. Жасаған әрбір бұйымыма өз бейнесіне қарай ат қояды.

Қазіргі уақытта қолынан іс келетін адамға кәсіп көп. Тек ізденіп, еңбек етсе болғаны. Ал осы еңбектің ең төресі  — ұсталық өнер. Төзім мен шыдамдылықты серік етіп, ағаштан түйін түюдің өзі нағыз шебердің ғана қолынан келмек. Ата-бабаның дәстүрлі мұра­сын жалғаушы қолөнершіге деген сұраныс та күннен-күнге артып келеді. Себебі: қолдан жасалған дүниелерді сыйлы қонақтарға тағы басқа жиын тойларға  кәде сый ретінде алып барады.

 Бойында өнердің ұшқыны бар жастар ауылдан шығатыны белгілі. Ізденіп, сол талантты әрмен қарай шыңдаса өнерге айналады. Ал біздің кейіпкеріміз Кеңсай жалпы орта мектебінде оқушыларға сабақ береді. Білгенін бүгінгі жастарға үйретуде. Тіпті балалардың өзі Оралбек Иманәлиевтің сабағына тиянақты қатысып, ағаштан бұйымдар жасайды. Саналы ғұмырын жартысын бала тәрбиесіне арнаған еңбек адамының жұмысын мектептегі әріптестеріде жоғары бағалап, алғыстарын білдіруде.

Таудың ортасында орналасқан  Борлысай ауылдық округінде бас-аяғы 446 шаңырақ бар. Таңқаларлығы  оның 405 үйі көпбалалы отбасылар санатында. Алтын құрсақты аналар тұратын елді мекеннен елімізге танымал зиялы қауым өкілдері, ел басқаратын азаматтар, тамаша талант иелері шыққан. Ауыл адамдарының қарпайымдылығы,  қонақжайлылығы көңіл қуантады. Кішкентай баласына дейін тірлікке жаны жақын.  Кез-келген жұмысты  істеп, отбасына қолғабыс жасайды.

Оралбек Иманәлиев  — тастың тілін тапқан шебер десе болады. Ол сурет салып, ағаш ойып, тас қашап — бейнелеу өнерінің ең қиын түрін меңгерген. Көз майын тамызып, ұлттық өнермен айналысуда. Тастардан  қашап жасаған заттарды облыстық көрмелерге апарып, жүлделі орындар алған екен.

Ағаштың тамырнан түрлі бұйымдар жасау ісі- шыдамдылықты талап етеді. Оған кез-келген ағаштың тамырлары жарай бермейді екен, оны іздеп таудан алып келеді. Қиялға ерік беріп, оны әрлеп сәндесеңіз бұйым шығады – дейді қолөнер шебері. Әрбір ұстаның алғашқы туындысы ыстық болып сезіледі. Оралбек  шебердің де алғашқы жасаған заттары бүгінде облыстық көрмелерден орын алған. Ең бірінші ағаштың тамырынан динозаврдың мүсінін шығарған. Оған  «көне дәуір» деп ат қойған.

Оралбек Иманәлиевтің есімі бүгінде бүкіл ауданға таныс. Оның қолыннан шыққан дүниелер кеңінен насихатталуда. Ағаштың тамырынан басқа, темір, қаңылтыр, ламинаттарды да келістіріп тарихи туындылар істейді. Он саусағынан өнер тамған қолөнер шеберінің ендігі мақсаты – қолынан шыққан дүниелерді сақтап, кейінгіге өнеге болатындай— көрме ашу  екен. «Қолы ұста адамның қойнында алтын бар» дейді. Сол айтқандай, алтын қолды шебердің құнды дүниелерін көргенде бір серпіліп алдық. Қазақтың сарқылмас өнерінің бірі болған ұсталықтың шын шеберімен тілдескенімізге де дән ризамыз.

 

Жаңалықтар тізбесі

Баклава: ғасырлар бойы сақталған түрік дәстүрі

Баклава. Қағаз тәрізді жұқа қабаттары бар филло қамырының, сары майдың және хош иісті тәтті сироптың бұл дәмді түрік кондитерлігі...

ЖОЛДАУ- ЕЛ СҰРАНЫСЫНА ЖАУАП

Мемлекет басшысының қай Жолдауы болмасын елдің егемендігін, жеріміздің тұтастығын сақтауды, елдің экономикасының дамуы арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді....

ТҮРКІСТАНДА «ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЖАСТАР КӨПІРІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде «Қазақстан-түрік жастар көпірі» іс-шарасының ашылуы салтанаты өтті. Бауырлас елдердің жастары бас қосқан жиынға...

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ ОРЫНДАЛУДА

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Игі бастама аясында ерекше балалар Түркістанға саяхат жасады

Түркістан облысы, Ленгер қаласында орналасқан №8 колледжде алғаш рет инклюзия және ерекеше білімді қажет ететін топтар ашылған болатын. Осы...

Тараклы елді мекені ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне алынған

Жұмыс барысымен Түркияға сапар шектік. Нешеме ғасырлар бұрын бір атадан өрбіп, бір қағанат құрамында болған түбі бір түркі халқының...

Түркістан облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Гүлжан ВЕРОЦКАЯ: «Бүгінгі тренд – көпшілікті барынша оқиғаға назар аударту»

– Гүлжан Ералықызы, елімізде «Бала құқықтары туралы» заңнан өзге балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын реттейтін 45-тен аса нормативтік-құқықтық актілер бар...

ХАЛЫҚ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

2023 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес VIII шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...

ЕЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫНА СЕНЕМІН

Бұл кезектен тыс өткен сайлау еліміз үшін өте маңызды шара деп білемін. Үміткерлер арасында Қасым-Жомарт Кемелұлы жеңіп шықты. Президентімізге...

Тағы да