Вторник, 21 апреля, 2026

«ПАРАСАТҚА» ЖЕТКЕН «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» ИЕСІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланауы жарқын істердің бастамасы болды. Руханиятымыз бен мәдениеттің, әдебиеттің, тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа беттерін ашуға негіз болды. Ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелеуде рухани жаңғырудың белестері беки түсті. Аталмыш бағдарлама аясында қолға алынған республикалық «Жомарт жүрек» байқауы халық арасында айрықша еңбегімен көзге түскен жандарды биыл төртінші жыл қатарынан мәртебесін биіктетіп келеді. Осынау игілікті жұмыста жариялы тірлігімен жарқ еткен жандардың бірі Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Байкен Әшірбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп өткізілетін «Жомарт жүрек» сыйлығының «Туған өлке» номинациясын иеленді. Меценат, халық жанашыры Байкен Әшірбайұлы қолдан келген көмегін қоғам үшін аянып қалған емес. Туған жерін түлетуде аянбай еңбек етіп келеді. Елді мекендерді аббаттандыруға, демалыс бақтарды, алеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көрсету арқылы халықтың бүгіні мен жастардың болашағы үшін бар жағдайды жасауға дайын. Тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік тауарларын тұрақты түрде тарқатып, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген шаңырақ иелеріне көмек көрсетіп тұрады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты мақсаты да жанашыр жандарды, елге үлгі боларлық азаматтардың тәжірибесін тарату.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «…Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», – деп атап өтті. Расында, өзінің туған жерінің, туған өлкесінің көркеюіне үлес қоса білген азамат бүкіл елдің игілігі үшін қызмет ете алады. Міне, патриотизм дегеніміз туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге деген сүйіспеншілігі арқылы халықтың ыстық ықыласына бөленген Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі Байкен Әшірбаевқа биыл табысты жыл болды десек қателеспейміз. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Парасат» Орденімен наградталды. Жоғары мемлекеттік награданы Байкен Әшірбаевқа Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы Қырымбек Көшербаев табыстады. Мұнан өзге «Қайрымдылық керуені» жобасы аясында қоғам игілігіне жасап жатқан қызметі және игілікті жұмыстары үшін Н.Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаеваның Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділігі үшін «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтеновтің Алғыс хатына ие болды. «Парасатқа» жеткен «Жомарт жүрек» иесі қайырымдылық арқылы көпке үлгі.
Елбасы айтқандай жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс –ел дамуының ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих¬тың шаңына көміліп қала бермек. Қайырымдылық істерімен халықтың қасынан әрдайым табылатын «Жомарт жүректің» иесі Байкен Әшірбайұлының осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз арта берсін дейміз! Қоғамның әлеуметтік-маңызды мәселе¬лерін шешуде өзара әріптестікке артылар сенім зор.

Салтанат ТОЙБОЛОВА.

Жаңалықтар тізбесі

«Әлемді мейірімділік құтқарады» атты апталық бастау алды

Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 2023 жылдың қараша айының 13-17 күндері аралығында «Әлемді мейірімділік құтқарады» атты...

ОТЫРАРЛЫҚ КӘСІПКЕР ЕРЕКШЕ ТҮЙЕҚҰС ӨСІРУ ІСІН ҚОЛҒА АЛДЫ

Дамыған елдерде экономиканың драйвері ретінде шағын және орта бизнес ерекше рөл атқарады. Шағын және орта бизнес өркендесе, халық кәсіпкерлікпен...

Cтамбұлдағы ең үлкен Рами кітапханасы

Стамбұлдың Эйупсұлтан ауданында орналасқан және 18 ғасырдың ортасында салынған Рами казармасын түпнұсқаға сәйкес жүргізілген қалпына келтіру, қайта құру және...

ТҮРКІСТАНДА ШАХМАТТАН «ОЙЛЫ БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР» АТТЫ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

Түркістанда шахматтан “Intellectualdy ult” жалпыұлттық жобасының аясында “Ойлы болсаң, озып көр!” жарысы басталды. Шараның ашылу салтанатында “Шахмат әліппесі” кітабының...

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ: БҰРЫНҒЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ МҰРАТ БЕКТАНОВ ЗАҢСЫЗ БҰЙРЫҚ БЕРГЕН

Әскери сотта Қорғаныс экс-министрі Бектановтың ісі бойынша тыңдау жүріп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры...

Келестік оқушы қамшы жасау өнерін меңгерген

Қамшы өнер туындысы, сый - сияпаттың төресі. Қилы- қилы замандар ағымында қамшы қазақтың керегесінен кетіп, ұмыт бола бастады. Атам...

Алтын алқа, күміс алқа иелері марапатталды

Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған аналар қауымы барлық мадаққа лайық. Жұмақтың кілті аналардың табанының астында десек, аналарды...

Жастар — заманауи мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланушылар

Бүгінгі заманның талабы - жастарға мәдени – интеллектуалдық және информациялық мобильдік те тән. Оны қазіргі жағдайға тән құбылыстармен түсіндіруге...

ТҮРКІСТАН: Солтүстікке көштің ауқымы ұлғайып жатыр

«Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында таяуда Түркістан облысының 50-ге жуық тұрғыны Солтүстік Қазақстан облысына сапарға...

Тағы да