Воскресенье, 19 апреля, 2026

DAUSСHER – ТҰҢҒЫШ ОТАНДЫҚ ӨНІМ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазақстан Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында бауырлас түркиялық инвестор Юсуф Үге мен қазақстандық кәсіпкер Қасым Сойырқастың серіктестігінің нәтижесінде Алматы облысында 10 млн АҚШ доллары шамасында отандық алғашқы газ және аралас пеш өнімдері зауыты іске қосылды. Зауыт болашақта жылына 150 мың дана пеш шығарып, 200 жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

Алматы Тұрмыстық тезникалар зауытының көлемі 120 000 шаршы метрге тең. Оның 8000 шаршы метрі өндіріс аймағына арналған. Зауыт ғимаратының жанында жеке темір жол тораптары мен уақытша жүк сақтау қоймалары, кедендік бақылау бекеті орналасқан. Сондай-ақ,  табиғи газ, ауыз су, кәріз жүйесі, желдету және кондиционер сияқты инженерлік желілермен қамтамасыз етілген.
Өндіріс үш сатыдан тұрады. Бірінші сатыда – газ және аралас пештерді құрастыру цехы, екінші сатыда – пресс-штамптау және лакты бояу цехтары. Үшінші сатыда – қаптама пенопластасын өндіру цехы.
Әр цех 1000 шаршы метр аймақта орналасқан. Бояу цехы, пресс-штамптау цехы, уақытша сақтау қоймасы, қаптама пенопласт өндіру цехы, қосалқы бөлшектер қоймасы, дайын өнім қоймасы, өнімді құрастыру бөлімі және өнімді қаптау бөлімі де бар.

Қазір зауытта жылына 60 мың дана газ және аралас пештерін шығарып жатыр. Қызметкерлер саны әзірге 70 адаммен шектелген. Бірақ келесі жылы өндіріс қуатын жылына 150 мың данаға дейін арттырып, 200 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарланған.
«Алматы Тұрмыстық техника зауыты» 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап салық преференцияларын ұсыну бойынша инвестициялық келісімшартымен жұмыс істейді. Соның нәтижесінде компания мемлекеттің қолдауымен шет елдерден келетің импортты технологиялық жабдықтармен, шикізат және қосалқы бөлшектерге төленетін кедендік БАЖ салығынан босатылды. Мемлекет тарапынан қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін ел ішінде және шет елдерде оқуға кеткен шығындарды, өндірісті дамытуға, шетелдік мамандарды тартуға жұмсалған шығындарын өтеуге көмек көрсетіліп жатыр.
«Алматы Тұрмыстық техника заводының» өнімдері “Dauscher” брендімен бүкіл Қазақстан бойынша ірі сауда желілері арқылы сатылады. Sulpak, Technodom, Mechta, Evrika сияқты тұрмыстық техниканы сату бойынша ірі көшбасшылармен серіктес.
«Алматы Тұрмыстық техника зауытында» шығарылатын өнімдер Қазақстанның 40 қаласындағы 360-тан астам сауда орындарында сатылымға шығарылады.

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4,3 МЛН. ТОННА МАЛ АЗЫҒЫ ДАЙЫНДАЛДЫ

Облыста жыл сайын мал басының ұлғаюына орай, жем-шөпке сұраныс артқан. Бүгінде егіс құрылымын қалыптастыруда мал азықтық дақылдарға басымдылық...

Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  жастар саясаты жастардың рухани, мәдени білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамыту үшін әлеуметтік–экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл...

Стамбул: Космополиттік қаланың романтикалық көрікті жерлері

Дүние жүзіндегі күнтізбелерде жылдың ең романтикалық күні ретінде белгіленген 14 ақпан – Әулие Валентин күні келе жатыр. Әрқашан есте...

СОЗАҚТА «АТОМШЫЛАР АЛЕЯСЫ», «STREET WORKOUT» ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Созақ ауданы, Таукент кентінде «Kazatomprom-SaUran» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қолдауымен салынған төрт балалар ойын алаңшасы, «Атомшылар алеясы» және «Street workout»...

Түркістанда қарттар мен ардагерлер ардақталды

Бүгін Түркістан қаласында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары...

Шолпанның шұғылалы шақтары

Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген...

Жалынды жастар – ел болашағы!

Жастар қоғамның шырағы. Жастар – қашанда қоғамның қозғаушы күші. Болашағын бағамдайтын мемлекет жастарының санасының ояу, білімінің жоғары болуына басты...

Рами кітапханасы 4200 адамға арналған бөлімдерден тұрады

Мәдениет және туризм министрлігі оқырмандарды Рами кітапханасына шақырады. Стамбұлдың Эйүпсұлтан ауданындағы Рами кітапханасы 18 ғасырдағы Рами казармасының ғимаратында орналасқан....

Arcade High — Outrun This!

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Тағы да