Воскресенье, 19 апреля, 2026

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

фото ХҚБҚ

Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске қосты. Жобаның жалпы құны 200 миллион теңгеден асады. Жұмыс алты ай ішінде аяқталады.

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесінің алғашқы нысаны XVIII ғасырдың ортасында бой көтерген. Қазіргі сәулеттік келбеті XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басына жатады. 2006 жылы кесене ескі іргетасының орнына күйдірілген кірпішпен қайта тұрғызылған. Құмкент ауылынан оңтүстікке қарай 3 шақырым жерде орналасқан бұл ескерткіш Созақ өңірімен біте қайнасқан, халықтың тарихи санасында ерекше орны бар нысан.

 

Кесене «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» мемлекеттік бағдарламасы аясында елдегі 100 ұлттық қасиетті орынның қатарына енгізілген. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жобаны 2026 жылғы ғылыми-реставрациялық жоспарға енгізді. Реставрация жұмыстары аккредиттелген компания дайындаған және Түркістан облысы мәдениет басқармасымен келісілген ғылыми-жобалық құжаттама негізінде жүргізіледі.

Жоба аясында кесенемен қатар маңайындағы инфрақұрылым, оның ішінде қонақүй, асхана және қараушының үйі де жөндеуден өтеді.

 

«Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қалпына келтіру — Halyk қорының мәдени мұраға деген жүйелі көзқарасының бір көрінісіҚор бүгінде бір мезгілде бірнеше ірі бағытта жұмыс істейді: Алматыда үлкен мешіт салынуда, «Ауыл спорт» жобасы арқылы ауыл балаларына өз өңірлері мен басқа аймақтардың құрдастарымен жарысып, шеберліктерін шыңдауға нақты мүмкіндік берілуде, білім және мәдениет саласында бастамалар іске асырылуда. Бұл жобалардың әрқайсысы өз алдына тұрса да, барлығы ортақ мақсатқа — қоғамның әр бұрышында мүмкіндіктер экожүйесін қалыптастыруға — қызмет етеді. Баба Түкті Шашты Әзиз де осы жүйенің бір буыны», — деді Halyk қорының Атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов.

 

«Халық дән риза, бұл — киелі мекен ғана емес, ел тарихы мен бабалар аманаты тоғысқан қастерлі орын. Қариялар батасын берді. Жұрт бұл бастаманы үлкен қуанышпен қабылдап отыр. Тимур Құлыбаевтың Halyk қорына алғысымыз шексіз. Осындай игі істер арқылы елге ортақ тарихи мұра жаңарып, келешек ұрпаққа лайықты күйде табысталады деп сенеміз», — деді Құмкент ауылының әкімі Ерзат Балықбаев.

 

2016 жылы Тимур және Динара Құлыбаевтар негізін қалаған Halyk қоры қоғамның тұрақты дамуына бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді.

Қордың білім, спорт және экология салаларын қамтитын 200-ден астам жобасы бар. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларды қолдап, төтенше жағдайларда көмек көрсетеді.

Соңғы он жылда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 90 млрд теңге бөлініп, еліміздегі ірі қайырымдылық ұйымдарының біріне айналды.

 

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: «Оқушылар сарайында» балалардың бос уақытын жыл бойы тиімді өткізуге болады

Түркістан облысы орталығына айналғалы бері қала аумағында көптеген нысандар бой көтерді. Солардың бірі – бірнеше жылдың ішінде ЮНЕСКО клубтарының...

Жастар тәрбиесінің бастауы – отбасы жүрегі – әйелде!

Жастар тәрбиесінің бастауы – отбасы жүрегі – әйелде!   Бұл тақырыпты алғанда нәзікжандардың басына өмір сүрудегі қиыншылықтың бәрін жүктеп  қою...

Нашақорлық жас талғамайды

Дәрігерлердің пікірінше, есірткіге салынған адамның өмірі 35 жылға жетпейді екен. Ал, сол есірткіні балалар мен жасөспірімдер пайдаланса, олардың өмірі...

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 430 ҮЙ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазығұрт ауданындағы 62 елді мекеннің 60-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Оның ішінде 38 елді мекенінде 24 сағат ауыз су...

Отырарда “Ұшқыр ой алаңы” ұйымдастырылды

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің «Дебат қозғалыстары» үйірме жетекшісі Амантай Бағдәулет "Ар-ұят және жауапкершілік" тақырыбында «Ұшқыр ой алаңы»...

Балалар шаттыққа бөленді

Ерекше балаларға сыйлық табыстап, барлық бүлдіршінге балмұздақ үлестірілді. Бүгін Түркістанда қала әкімдігі, «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубы және халықты жұмыспен...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҮЗДІК ЖАСТАР ПРЕМИЯСЫ» ТАБЫС ЕТІЛДІ

Бүгін Түркістан қаласында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпағы – Жыл көшбасшылары» атты іс-шара өтті....

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ (27 ҚЫРКҮЙЕК)

27 қыркүйек күні Азия ойындары аясында Қазақстан командасы бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Стенд ату: Сапында Әсем Орынбай,...

Түркістанда волейболдан жасөспірімдер арасында қала біріншілігі басталды

Түркістанда волейболдан кезекті қала біріншілігі ойындары басталды. "Біз нашақорлыққа қарсымыз" ұранымен ұйымдастырылған жарыста 16-18 жас аралығындағы қыздар қатысып жатыр. Ойында облыстың...

Тағы да