Воскресенье, 19 апреля, 2026

Көшбасшы әйелдер «Салтанат» ұлттық бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Астанада гендерлік теңдік пен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері туралы жиында «Салтанат» ұлттық бағдарламасын әзірлеу ұсынылды.

Астанадағы көшбасшы әйелдер кездесуінде сөз сөйлеген «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоғамдық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова «Салтанат» ұлттық бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.

«Тығырыққа келіп тірелгенімізді бәріміз түсініп отырмыз. Енді қыздардың босқа өліп кетуіне жол бермейік. Салтанат (Нүкенова – ред.) біздің символымыз бола алады деп ойлаймын. Мәселен, шетелде істің алға жүруіне ықпал еткен адамдардың есімі заңға беріледі. Мен бүгін заң жазып қана қоймай, ұлттық бағдарлама жазып, оны «Салтанат» деп атауды ұсынамын. Осы күнге дейін атқара алмаған жұмыстарға емес, қазіргі уақытта не істей алатынымызға назар аударғым келеді», — деді ол. 

Өз кезегінде спикер бағдарламалардың жүйелі болуы керектігін және тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң бабын криминализациялау жеткіліксіз екенін айтты.

«Бұл зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдердің арыз-шағымының азаюына әкеп соғады деген сарапшылардың пікірімен ішінара келісемін. Мысалы, жоғары білімі бар, қалада тұратын әйелдер бар және шағын ауылдарда байланыссыз қалған әйелдер тағы бар. Біз заңның бәріне бірдей әрекет ететінін түсінуіміз керек. Сондықтан іс-шаралар кешенді болуы керек. Біз бүгінде осы форматты кеңейтіп, доктрина, дағдарыс орталықтары, қолдау орталықтары тұрғысынан қарастыра аламыз», — деді Жаманқұлова.

Сонымен бірге, қор басшысы харрасменттің әлі күнге дейін қылмыс болып саналмайтынын атап өтті.

«Әйелге тиісу, қырындау, ізінен қалмау әлі қылмыс деп танылмаған. Бізде бұл туралы тіпті еңбек кодекстерінде түсінік жоқ. Бір трагедия аясында көптеген мәселені көтеруге тырысып жатқанымызды түсінемін. Доктринадан бастайық. Бізге Президенттің жеке өзі қолдайтын үлкен кешенді доктрина қажет. Жай ғана бас қосып, соны бірге жазуды ұсынамын, оған ата-ана тәрбиесі, оңалту, физикалық зорлық-зомбылық жазасы, жұмыс орнындағы тиісу жауапкершілігі, этика мен стандарттарды сақтауды қосу керек. Харрасменттің алдын алу бойынша жарты жылда бір рет тренингтер өткізу де пайдалы болар еді. Мұны мемлекеттік қызметтен бастауға болады. Мемлекет қызмет қоғамға стандарт береді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбыларымыздың арасында жиі кездеседі, бәріміздің осындай таныстарымыз бар. Салтанаттың оқиғасынан кейін бұл мәселелерді еңсеретін мүмкіндіктер терезесі ашылды», — дейді қоғам белсендісі. 

Айта кетейік, Астанада депутаттар, кәсіпкерлер, азаматтық қоғам өкілдері мен журналист секілді көшбасшы әйелдер гендерлік теңдік пен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелерін талқылады. Жиынды АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен «Қадыр-қасиет» қоғамдық қоры ұйымдастырған.

Еске сала кетсек, 9 қарашада Астанадағы Бау мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайы Салтанат Нүкенованы соққыға жыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.

Жаңалықтар тізбесі

БҰЛ САЙЛАУ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының...

Жасаған жақсылығы көп

Жұлдыз жақта жағдайы нашар отбасылар көптеп шоғырланған. Үнемі телеарна журналистерінен көмек сұрап жатады. "Бір түсіріп кетсеңіз, елдің назары ауып,...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҮЗДІК ЖАСТАР ПРЕМИЯСЫ» ТАБЫС ЕТІЛДІ

Бүгін Түркістан қаласында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпағы – Жыл көшбасшылары» атты іс-шара өтті....

DAUSСHER – ТҰҢҒЫШ ОТАНДЫҚ ӨНІМ

Қазақстан Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында бауырлас түркиялық инвестор Юсуф Үге мен қазақстандық кәсіпкер Қасым Сойырқастың серіктестігінің нәтижесінде Алматы...

Сапалы өнім – сапалы өмір кепілі

Сапалы өнім – сапалы өмір кепілі. Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Сауда және қызмет салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Палата...

ТҮРКІСТАН: «Оқушылар сарайында» балалар шаттыққа бөленді

Бүгін Түркістанда қала әкімдігі, «Оқушылар сарайы» - ЮНЕСКО клубы және халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен «1 маусым – Балаларды...

Арыстық кәсіпкер ауыл жастарына отандық фильм көрсетті

Арыстық кәсіпкер Әлішер Рүстембек Арыс қаласының 250 оқушы-студенттерін «Міржақып. Оян, Қазақ» фильміне апарды. Кәсіпкер бостандық үшін басын бәйгеге тіккен боздақ,...

ХАЛЫҚ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

2023 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес VIII шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...

Кәсіпкер жергілікті атқарушы органдары тарапынан әкімшілік кедергіге тап болған

«Бизнес жол» жобасы аясында «Шымкент Цемент» ЖШС басшылығы жергілікті атқарушы органдары тарапынан орын алған әкімшілік кедергілер туралы шағым түсірді. Кәсіпкер...

Тағы да