Понедельник, 20 апреля, 2026

Колледждерде білім сапасы қандай?

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысының күн тәртібінде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы өзекті мәселелер қаралды. Облыста – 42 860 студент, оның ішінде 30 мыңнан астам студент мемлекеттік тапсырыс аясында білім алуда. 

Өңір басшысы білім сапасын көтеру, студенттердің білім алуын қадағалау, білікті оқытушыларды жұмысқа шақыру және түлектерді жұмыспен қамтуда шынайы деректер ұсыну жөнінде тапсырма берді. Сонымен бірге колледж басшыларын ротациялау, білікті мамандармен толықтыру мәселесін де назарда ұстау керек.

– Колледждерге оқу гранттарын жариялауда қоғамға керекті мамандықтарға басымдық беріңіздер. Бізге техникалық мамандық иелері, құрылысшылар, ІТ саласы мамандары, инженерлер керек. Қаншама студент оқуды бітіріп жатыр. Білім деңгейі қалай? Мемлекеттен қаржы бөлініп, оқуға қабылданған студенттердің талапқа сай білім алуы қадағалансын. Студенттердің сабаққа келуін қадағалайтын бағдарламаларды жетілдіріңіздер. Оларды жұмыспен қамту да өзекті мәселе. Оқу орындары түлектерінің жұмыспен қамтылу көрсеткіші жөнінде жалған есеп емес, шынайы деректерді ұсынсын. Екіншіден, колледж басшылары шетелдің оқу орындарымен байланыс орнатып, озық тәжірибелерін алғаны жөн. Ізденіңіздер. Арнаулы және кәсіптік білім беру саласына серпіліс қажет, – деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмашевтың айтуынша, биылғы оқу жылына бөлінген 15 344 орын толық игерілді. Өткен оқу жылында колледждерге 17 000 мемлекеттік тапсырыс бөлінсе, оның тек 11 110-ы игерілген болатын. Биылғы грант құны бір балаға шаққанда орта есеппен 693 000 теңгені құрайды. 2024 жылдың 1 қыркүйегінен шәкіртақы 43 000 теңгеге көбейеді.

Мемлекеттік гранттардың дұрыс игерілуіне байланысты басқарма тарапынан колледж студенттерінің сабаққа қатысуына арнайы мониторинг жүргізілуде. Осы ретте мониторинг жұмысын автоматтандыру мақсатында басқармаға қарасты 25 мемлекеттік колледж өз қаржаты есебінен білім алушылардың сабаққа қатысуларын қашықтан қадағалау үшін FACE ID ақпараттық жүйесін орнатуда. Қазіргі таңда 24 колледжде жұмыс толық аяқталған. Ал 1 колледж жұмысы толық қараша айында аяқталады. Нәтижесінде FACE ID ақпараттық жүйесі басқармамен интеграцияланып, толық автоматтандырылады.

2020-2021 жылдары облыстағы 9 колледжге «Жас маман» жобасы бойынша материалдық-техникалық базасын жақсартуға 2,5 млрд. теңге қаржы бөлінген. Нәтижесінде, «Жас маман» жобасына қатысқан колледждер, WorldSkills республикалық чемпионаттарына қатысушыларды даярлайтын орталыққа айналды. Өткен жылы Түркістан облысы 7 Ұлттық WorldSkills Kazakhstan чемпионатына 28 мамандық бойынша қатысып, 5 күміс, 3 қола, 7 арнайы жүлде жеңіп алды.

Облыстағы колледждерде 2 513 педагог жұмыс істейді. Былтыр колледждердегі 446 педагог қызметкері мен басшылық құрам біліктілік арттыру курстарынан өтсе, биыл 1 283 педагог арнайы курстардан өткізілген.

Жаңалықтар тізбесі

Мектеп оқушылары шекарашылардың жәрдемшісі

Халқымыз үшін қастерлі ұғым болып саналатын, ата-бабадан қалған жерді қорғау, мемлекеттік шекараны күзету – үлкен абырой, маңызды жауапкершілік. Мемлекеттік шекараның...

Адам саудасымен күрес мәселесі талқыланды

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында туризм бойынша кеңестің отырысы өтті. Кеңес төрағасы, жарнама агенттіктері қауымдастығының төрағасы Абдуғали Сейдуалиевтің модераторлығымен өткен...

Халық қалаулысы жастарды қолдауға дайын

  Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Байкен Әшірбаев жастармен еркін форматта кездесу өткізіп, олармен тәлім-тәрбиелік тақырыптарға...

Халық қалаулысы “Nur Otan» партиясының «30 игі іс» қайрымдылық марафоны аясында көптеген шаралар өткізген

  Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті. Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, "Nur...

Apex Legends dream run continues: 25 million players in a week

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

АЛДАҒЫ САЙЛАУ – ЖАҢА ПАРЛАМЕНТТІ ЖАСАҚТАМАҚ

Баршамызға мәлім, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрмен Парламент Мәжілісін тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын...

Зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда

Созақ аудандық полиция бөлімінің инспекторы, полиция майоры Айжан Манапова І. Кеңесбаев атындағы мектеп оқушыларымен бірлесіп "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ" атты...

Колледждерде білім сапасы қандай?

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысының күн тәртібінде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы өзекті мәселелер...

Аружан Саин: Мемлекет әрбір бала алдындағы өз міндетін орындауы керек

2 мамырда басталған балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеу, араға екі апта салып тоқтап қалған еді: шығармашылық үйірмелер мен...

Тағы да