Воскресенье, 19 апреля, 2026

ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦИЯ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ҚАДАМ БАСТЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

 

Қазақстан-Франция жоғары оқу орындарының VIII халықаралық форумы екі ел арасындағы ғылыми және білім беру саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталды. ЖОО ректорлары, Франция бизнес-мектебінің өкілдері мен академиялық қауымдастық көшбасшылары сапалы білім берудегі өзекті мәселелерді талқылады.

 

Форум аясында «Халықаралық ғылыми коллаборацияның даму болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. Алқасөзге Франция мен Қазақстанның ЖОО өкілдері, кәсіпорын басшылары қатысты. Форум аясында екі тарап тәжірибе алмасып, болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын айқындады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаев алқасөзді ашып: «Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Франция Президенті Эмманюэль Макронмен кездесті. Екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады. Сондай-ақ білім-ғылым  саласындағы әріптестік пен халықаралық мәселелер қарастырылды. Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық-стратегиялық әріптестігімізді одан әрі дамыту біз үшін өте маңызды», — деді өзінің құттықтау сөзінде.

Францияның Қазақстандағы Білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі атташе Ксавье Ле Торривеллек (EHESS-Париж), Сулейман Демирель университетінің асс. профессоры  Қ. Молдашев  бірлескен ғылыми зерттеулер, жобалар, қос дипломдық білім берудегі өзекті мәселелерді қозғап, шешілу жолдарын ұсынды. Сан-Этин ұлттық университетінің департамент директоры Тьерри Дженизян ғылыми пікірталастан ақиқат туатындығын ұтымды жеткізді. Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі М. Мансұрова 1431 жылы негізі қаланған Пуатье университетіндегі ғылыми тағылымдама туралы әңігімеледі.

«Қазақстанда жұмыс істейтін Француз компанияларының инженерлер мен техниктерге сұраныстары» тақырыбындағы B2B кездесу де мазмұнды өтті. Франция бизнес-мектебінің (KEDGE, YSchools, IMT Atlantic, INP Grenoble, Phelma) және француз компанияларының өкілдері (BGDN, CCIFK), сондай-ақ ірі компания басшылары (қазақстандық «La Tartine», «Novotel» т.б.) қатысып, жұмыс берушілердің түлектерге қоятын талаптарды атап өтті, сапалы даярланған түлектерге зәру екендерін де жасырмады. Франция бизнесінің өкілдері Франциядағы мамандар даярлау ерекшелігіне, шетелдік компанияларда жұмыс істеуге қажетті құзіреттіліктерге тоқталды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Францияның 21 жоғары оқу орнымен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Былтырғы оқу жылында 48 студент пен 23 докторант академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Францияда білім алса, биыл бакалавр, магистратура, докторантура деңгейіндегі 30-ға жуық жастар Францияның жоғары оқу орындарында білім алуда. Қазіргі таңда университетте Франциядан келген 11 студент оқиды. Университет ғалымдары франциялық әріптестермен бірлескен халықаралық жобалар орындап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Қос дипломдық білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Франциядан шақырылған профессорлар университетте дәріс оқып, докторанттарға ғылыми кеңесшілік жасап, бірлескен мақалалар жариялап келеді.

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы ЮНЕСКО кафедраларының коммуникация саласындағы халықаралық Орбиком жүйесіне енеді. Қазіргі таңда коммуникациялық технологиялар саласындағы білім беру мен  ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастырып, ғылыми зерттеулерді жүзеге асырып, Орта Азия университеттеріне журналистік үздік тәжірибелерді таратып отырған орталық. 2018 жылдан бері кафедра ЮНЕСКО-ның Комуникацияны дамыту халықаралық бағдарламасы мен БҰҰ-Әйелдер өкілдігінің жобаларын орындап келеді. Осы уақытқа дейін кафедрада журналистік қауіпсіздік, климат өзгерісі, гендерлік теңдік, миграция мәселелері бойынша журналистік білім беруге қатысты бес жоба орындалды. Оқу үдерісіне Жаппай ашық онлайн курстары енгізілді. Орта Азияның журналистика университеттеріне, өңірлік журналистерге, баспасөз қызметі жетекшілеріне, ҮЕҰ өкілдеріне, әлеуметтік және денсаулық сақтау саласының,  құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, вебинарлар, семинар-тренингтер өткізді. ЮНЕСКО халықаралық ұйымының штаб-пәтері Парижде орналасқан. ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы әрбір төрт жыл сайын Парижге есеп беріп, кафедраның ЮНЕСКО мәртебесін ұзартып отырады.

Француз делегациясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылымды қажет ететін технологиялар мен инжиниринг кластеріндегі заманауи технологиялық жабдықтарды көріп, университеттің ғылыми-технологиялық парк, жағдаяттық басқару және «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталықтарының қызметімен танысты.

 

Назгүл Шыңғысова

ЮНЕСКО-ның журналистика және

 коммуникация кафедрасының меңгерушісі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: КӨМІР САУДАСЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗДЫҚТАРҒА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙЕДІ

Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде жылыту маусымының өту барысы және көмір жеткізудегі өзекті мәселелер талқыланды. Облыс әкімі Дархан...

70 немересі, 20 шөбересі бар: Түркістан облысында 24 баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ана тұрады

Түркістан облысы - батыр аналарды түлеткен берекелі өңір. Облыста алтын құрсақты аналар көп. Солардың бірі – 76 жастағы Сапаркүл...

ТҮРКІСТАНДА ШАХМАТТАН «ОЙЛЫ БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР» АТТЫ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

Түркістанда шахматтан “Intellectualdy ult” жалпыұлттық жобасының аясында “Ойлы болсаң, озып көр!” жарысы басталды. Шараның ашылу салтанатында “Шахмат әліппесі” кітабының...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛДЫ

Индустраилды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Келес ауданында индустриялды аймақты құру мақсатында Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 300 гектар жер учаскесі бөлініп,...

АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША

Елімізге таралған пандемияға байланысты көптеген салаларда шектеулер қойылып, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне алып келді. Мемлекет тарапынан ,«Nur Otan» партиясының тарапынан елімізде...

Sanders Gets Respectful Welcome at Conservative College

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Rain Sword — Summer Breeze

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

«ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ» акциясы жалғасуда

"Қарты бар үйдің қазынасы бар"деген аталы сөз текке айтылмаса керек. Бүгін "Жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен белсенді жастар Арыс және...

HALYK BANK ҚАРЫЗДЫ КЕШІРЕДІ

Halyk Bank Жамбыл облысындағы әскери нысанда болған жарылыстан зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты. Арнайы таратылған баспасөз хабарында: “Halyk Bank басшылығы мен банктің мыңдаған адамнан тұратын ұжымы атынан Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан мезгілсіз қазатапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Бұл қайғылы оқиға ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлерінің өмірін қиып, ел үшін және әрбір қазақстандық үшін орны толмас қайғыға айналды”,...

Тағы да