Понедельник, 20 апреля, 2026

Қазыналы қарттарды құттықтады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел»,- дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол. Осы ретте 1 – қазан Халықаралық қарттар күніне орай Сауран ауданының белсенді оқушылары мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері аталған елді мекен қарияларының шаңырағында болып, зейнеткер, ақсақал, қазына-қарттарымызды құттықтап қайтты. Сондай-ақ, игілікті іс-шара шеңберінде ата-әжелеріміздің үй шаруасына көмектесіп, ауласын тазартты. Халқымыздың және Отанымыздың игілігі үшін ел мүддесін бәрінен биік қоятын, қазына-қарттарымыздың өзінен кейінгі інілеріне ізеттігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұяла білген ауыл қарттарының орны ерекше. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ешқашан ұмытылмақ емес.

Айта кетейік, Халықаралық Қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған.

Қарттар күнін атап өтудің мақсаты – қарттардың проблемаларына қоғамның назарын аудару; қоғамның демографиялық қартаю проблемасы, қарт адамдардың жеке және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың қоғамның дамуына қосқан үлесі, қарт адамдарға деген қарым-қатынасты өзгерту мәселелерінен халықтың хабардарлығын арттыру, қарт адамдардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, қоғам өміріне қатысуын, қажетті күтім, олардың ішкі әлеуеті мен абыройын қорғау үшін жағдайлар жасау.

Әр азаматқа қартайған шақта лайықты өмірді қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Ардагерлерді әлеуметтік қорғау шаралары орталық деңгейде, сондай-ақ, аймақтық деңгейде де жүзеге асырылуда.

Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі құрамдауышы зейнетақымен қамсыздандыру болып табылады.

2017 жылы зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру бойынша бірқатар бастамалар көзделіп «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданып, 20 маусымда Мемлекет басшысымен қол қойылды.

Жаңалықтар тізбесі

Бизнесті дамытуға қалай жеңілдетілген несие алуға болады?

Қарыз алу үшін сіздің кәсіпорыныңыз салық органында тіркеліп, есепке алынуы керек. Сіз одан кейін банк таңдап, есеп айырысу шотын...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу

2023 жылдың 16 мамыр күні "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ішкі істер бөлімінің...

ТҮРКІСТАН: ӨЗБЕКСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ЖІБЕК МАТА ӨНДІРМЕК

Түркістан облысында тұт ағашын отырғызу арқылы жібек мата өндіріледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды көшет егіп, жібек құртынан мата шығару...

Мәулен Әшімбаев: Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды қатайтуға дайынбыз

Бұл бағыттарда тиісті министрліктер, мемлекеттік органдар жұмыстарды атқарып жатыр. Бірақ ол жеткіліксіз шығар. Сенатор Мәулен Әшімбаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды...

Әйелдердің құқықтарын қорғау

Әйелдер мен қыздардың құқықтары адам құқықтарының ажырамас, құрамдас бөлігі болса да көп жағдайда келеңсіз оқиғалар мен төменсіту орын алып...

Жасаған жақсылығы көп

Жұлдыз жақта жағдайы нашар отбасылар көптеп шоғырланған. Үнемі телеарна журналистерінен көмек сұрап жатады. "Бір түсіріп кетсеңіз, елдің назары ауып,...

Станьте свидетелем фантастического путешествия Caretta carettas в Турции

Турция, рай для отдыха на Средиземноморье и родина нетронутых пляжей с золотым песком, бирюзовой водой и ярким солнцем, приветствует...

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ ОРЫНДАЛУДА

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Түркістан: Республика күніне орай 300 түп шырша егілді

Түркістан: Республика күніне орай 300 түп шырша егілді Республика күні қарсаңында Түлкібас ауданында тұрғындар мен зиялылар және ерікті жастар «Батыс...

Тағы да