Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА NEET САНАТЫНДАҒЫ 3 МЫҢ ЖАС ТЕГІН ОҚУҒА ТҮСТІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...


2,1 млн. тұрғыны бар Түркістан облысында 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 654 мың. Бұл көрсеткіш халық санының 30 пайызын құрап отыр. Олардың арасында NEET санатындағылары да бар.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірде осы жастарға білім беру, қоғамдық ортаға тарту, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке баулу бойынша әрқайсымен жеке түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың үлесін азайту мақсатында облыстағы жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар биылғы жылдан бастап жаңа форматқа ауыстырылды. Аймақтағы «Жастар ресурстық орталықтарының» мамандары ауылдарды, көшелерді аралап мемлекеттік бағдарламалар мен оқу гранттары туралы ақпарат берді. Жастарды жаңаша істерге шақырды. Нәтижесінде жастарға қатысты 12 мемлекеттік бағдарлама аясында 38 мың жасты жұмыспен және оқу гранттарымен қамту жоспарланып, тиісті жұмыстар атқарылды. Бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында 182 мың жасқа кеңес берілді. Бұл іс әлі де жалғасады.
Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беретін 50 колледж жұмыс атқаруда. Онда 43 мыңға жуық студент қамтылған. Биылғы оқу жылына 71 мамандық бойынша 15350 орынға мемлекеттік тапсырыс жарияланып, ол толық орындалды. Яғни, гранттар толық игерілді. Оның ішінде NEET санатында 3000 жас колледждерге тегін оқуға түсті. Олар мемлекеттік тапсырыс аясында білім, бизнес, басқару және құқық саласы, инженерлік, құрылыс және өңдеу саласы, әлеуметтік жұмыс және денсаулық сақтау саласы, гуманитарлық ғылымдар және өнер саласы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық, мал шаруашылығы, қызмет көрсету саласы бойынша білім алып жатыр. 1 қыркүйектен бастап шәкіртақы 21000 теңгеден 32000 теңгеге көтерілді.
Оқуды бітірген түлектерді жұмыспен қамту бойынша тиісті жұмыстар жүйелі атқарылып келеді. Алдағы уақытта жаңа кәсіпорындар ашып, сол арқылы жастарды кәсіптік біліммен қамту көзделуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Привет, мир!

Добро пожаловать в WordPress. Это ваша первая запись. Отредактируйте или удалите ее, затем начинайте создавать!

ТҮРКІСТАН: Ордабасыда «Ана мен бала» аллеясы пайдалануға берілмек

Аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың бастамасымен қолға алынған «Ана мен бала» аллеясы жақын арада ел игілігіне берілмек. Бұл туралы аудан...

​ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТАУ ТУРИЗМІН ДАМЫТАТЫН «ҚАСҚАСУ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Төлеби – табиғаты мен климаттық мүмкіндіктері туризм саласын дамытуға қолайлы аудан. Өңірде қазіргі таңда 1 шаңғы базасы, 4 емдік-сауықтыру...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелейтін патриоттық ұйымдардың жұмысын жандандырған жөн

«Балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеген абзал. Оқушылар мектеп бітіргенде, ең алдымен, Адал азамат болып шығуы керек. Отаншылдық...

Қазақстандықтардың саны 20 миллионға жетті

Мемлекет басшысы қуанышты жаңалықпен құттықтады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  қазақстандықтарды ақжолтай жаңалықпен құттықтады. – Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен...

Темірден түйін түйген келіншек

Бизнес әлемінде әйелдер қауымының үлесі артып келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Жаратылысы нәзік әйел затына қоғамдық тамақтану немесе кондитерлік...

Тарихи мұраға бай…

Өзбекстан қалаларының қайсысын алып қарасаңыз да айырықша бір үйлесім, үндестік бар сынды. Ол ең алдымен тарихи мұраға байлығы. Екіншіден...

Кентауда қала тұрғындары арасында жүгіруден жарыс өтті

Кентау қаласында 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай қала тұрғындары арасында жүгіруден жарысы өткізілді. Жарыс ересектар арасында...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Түркістан облысының поилцейлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жол бермеу мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда. Осы бағытта Созақ аудандық полиция бөлімі...

Тағы да