Понедельник, 20 апреля, 2026

Телғозиевтер тілмен сөйлемейді, іспен сөйлейді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Жаздың бір күні қыстың мың күніне азық. Аптап ыстықты елемей, бел жазбай, маңдайы терлеп тірлік істеп жатқан шаруалардың дені дәл қазір қыр басында жүр. Сондай еңбекқор жандардың бірі түлкібастық Нәзира Телғозиеваны біз  егістік басында  кездестірдік. Ала жаздай еккен егіннің пісіп-жетілгенін көрген ол биылғы табыстың мол боларынан үмітті.  

Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылының тұрғыны Нәзира Телғозиева отағасы Нұралы екеуі – 3 ұл, 1 қыз өсіріп, келін алып, немере сүйіп отырған бақытты ата-аналардың бірі.  Жастайынан жер еміп, кетпен шауып, бағбандықтың қыр-сырын біліп өскендіктен оларға диқаншылық кәсіп қиын болмапты. Биыл көктемде мемлекеттен берілген қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 3 гектар жерге қияр еккен. Еткен еңбектің, төккен тердің өтеуі шығар, Телғозиевтеры бүгінде көл-көсір өнім жинап отыр.

– Жолдасым екеуміз осы кәсіпті игеріп келе жатқанымызға біршама жыл болды. Бүгінде еңбегіміздің нәтижесін көріп отырмыз. Табысымыз отбасымызды асырауға толық жетеді. Қазіргі таңда қиярға сұраныс өте жоғары, сол үшін балаларымыз да арасында көмек беріп, қолдау көрсетеді, – дейді Нәзира ханым.

Қазіргі уақытта ерлі-зайыпты Телғозиевтер 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қиярдың келісін көтерме бағада 90-100 теңгеден босатып жатыр. Отағасы Нұралы Телғозиевтің айтуынша, өнімді клиенттердің өздері арнайы келіп, егіс басынан сатып алып кетеді екен. Бүгінде күніне терілетін 4 тонна қиярды көршілес Сайрам ауданындағы консерві жасайтын зауыттар алып кетеді. Қысы-жазы сайрамдықтар бақша өнімдерінен сан алуан қыстық азықтар дайындап, оны тек облысқа ғана емес, басқа өңірлерге де пұлдайды. Демек, отандық өнім тұтынушыларының қатары күннен-күнге көбейіп келеді.

– Алқапта тек қияр ғана емес, өзге де бақша өнімдері егіледі. Оларды күтіп-баптау да өз мойнымызда. Бұйыртса тамыздың аяғында күздік қиярдың терімін бастаймыз. Алла берекесін берсе, ол жақтанда да күніне тонналап өнім жинап, оңтүстік жұртшылығының сұранысын өтерміз деп отырмыз, – дейді ол.

Бейнетқор отбасы мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Биылғы мемлекеттік қайтарымсыз гранттың үшінші легі ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталады деген жоспар бар. Демек, алдағы уақытта  шаруасын дөңгелетіп, кәсібін өркендететін кәсіпкерлердің легі көптеп шығары анық.

 Альвира Пайысхан

Жаңалықтар тізбесі

Түркияда өткен жаһандық медиа форум

Жуырда Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы бастаған бір топ журналистер Түркияға барды. Олар Аланья қаласында өткен Жаһандық журналистер...

Түркістан облысында балаларды тасымалдауға қосымша 30 автобус берілді

«Балалар жылы» аясында республика көлемінде тапсырылған 500-ден астам заманауи талаптарға сай автобустардың 101-і Түркістан облысының балаларының игілігіне берілді. Бұл автобустар...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ЕСКІ ҚАЛАШЫҚТЫҢ ОРНЫ ТАБЫЛДЫ

Түркістан облысына қарасты Келес ауданы аумағынан ежелгі қалашықтың орны табылды. Үлкен аумақты алып жатқан өркениет ордасы бүгінде зерттелуде. Сондай-ақ...

«Жомарт жүрек»

Өңірімізде орын алған апаттарда да, пандемия кезінде де талай отбасыға қол ұшын созған “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық...

Бизнесті дамытуға қалай жеңілдетілген несие алуға болады?

Қарыз алу үшін сіздің кәсіпорыныңыз салық органында тіркеліп, есепке алынуы керек. Сіз одан кейін банк таңдап, есеп айырысу шотын...

ТҮРКІСТАН: Футболдан республикалық чемпионатта қазығұрттық балалар командасы жүлделі орынға ие болды

Жуырда ғана Қазақстан «Балалар» футбол лигасы өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауыл округіне қарасты Жылыбұлақ елді...

Түркістанда тұғырлы мереке тойланды

Республика күнінде Түркістанда көк ту желбіреді. 25 қазан – Республика күніне орай Түркістанда Мемлекеттік Туды ресми көтеру рәсімі өтті....

Түркістан облысында жастарды кітап оқуға үгіттейтін ерекше жоба басталды

Келес ауданындағы №59 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу байқауы» басталды. Байқау аясында...

Жол картасының негізгі көрсеткіштері «Nur Otan» партиясының бақылауында

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Тағы да