Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: Келес ауданында 14 жасар автомеханик тұрады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Келес ауданында техниканың тілін меңгерген 14 жасар бала тұрады. 9 сыныпта оқитын Еркебұлан Мәулен бос уақытында трактор мен жеңіл автокөлік жөндеумен айналысады. Мектептегі сабағынан босаған сәттен-ақ, аулада тұрған техниканы жөндеуге асығады. Тіпті, қазір ауыр техниканы тізгіндеп те үйренген.

— Әкем механизатор болған. Ол Келес совхозында автомеханика саласында еңбек еткен. Әулетіміздегі азаматтардың басым көпшілігі осы техникаға қызығып, нәпақасын тауып отыр. Өзім де зейнетке жеткенше шопыр болып жұмыс істегенмін. Бүгінде немерелерім де осы салаға қызыққан соң білмегенін үйретіп отырамын, — дейді Еркебұланның атасы Төлеген Мәуленов.

Еркебұлан қазір ағасынан жеңіл көлікті жөндеудің қыр-сырын жете меңгеріп жүр. Әзірге өзі жеке жөндеуді үйрене қоймаса да, қажетті қосалқы бөлшектерді жеткізіп, көмектесуде. 14 жасар жасөспірім келешекте мықты механик болуды армандайды.

Еркебұлан техниканың тілін меңгерумен қатар мектептегі сабағына да ұқыптылықпен қарайды. Ұстаздары жас та болса жан-жақты баланың болашағынан зор үміт күтеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Жаңа құрылыс аймағы сапалы электрмен қамтылды

Көктем айында осы аймақтың тұрғындарымен кездескенбіз, сонда тұрғындар тарапынан біршама мәселелер айтылып, партия тарапынан тиісті мекемелерге жеткізетінімізді ескерткенбіз. «Nur...

Мәулен Әшімбаев: Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды қатайтуға дайынбыз

Бұл бағыттарда тиісті министрліктер, мемлекеттік органдар жұмыстарды атқарып жатыр. Бірақ ол жеткіліксіз шығар. Сенатор Мәулен Әшімбаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды...

AG Barr declines to testify before House, setting stage for legal battle

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН ТҮРКІСТАНҒА АУЫСТЫРУ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ

Биыл Кентау қаласының келбетін жаңарту үшін 55 көпқабатты тұрғын үйді жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Кентау қаласы тұрғындарымен...

2023 ЖЫЛЫ БӘЙДІБЕК ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 82 ПАЙЫЗЫ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда аудан аумағындағы 17 елді мекен табиғи газды тұтынуда....

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ЕСКІ ҚАЛАШЫҚТЫҢ ОРНЫ ТАБЫЛДЫ

Түркістан облысына қарасты Келес ауданы аумағынан ежелгі қалашықтың орны табылды. Үлкен аумақты алып жатқан өркениет ордасы бүгінде зерттелуде. Сондай-ақ...

Важность заключения трудового договора при приеме на работу

Город Алматы является экономической столицей Республики Казахстан, в связи с чем, на территории города располагается большое количество предприятий различной...

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізіп, мәселелерін тыңдады. Кездесуге облыстың түкпір-түкпірінен 10...

100 игі іс: Halyk мұқтаждығы бар елорда тұрғындарының үйіне газ жүргізеді

Астана және Halyk әкімдігі «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарындағы 100 жеке үйді тегін газдандыру туралы Меморандумға қол қойды. Газдандыру халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтары (ХӘОТ) санатындағы азаматтардың тұрғынүйлеріне, олардың арасында жалғызбасты зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға және мүгедектігі бар адамдарға жүргізіледі. Жалпы бюджеті 230 млн теңгені газдандыру жобасы Halyk-тың 100 жылдығына арналған «100 игі іс» ауқымды науқаны аясында іске асырылуда. 2023 жылы Halyk Bank қаражаты есебінен мұқтаждығы бар отбасыларға 230-ға жуық тұрғынүйі – Астанадағы 100 үйді және Алматы қаласының Наурызбай, Алатау және Медеу аудандарында тұратын 130 үйді газға толықтай қосу үшін қаржыландыру жоспарлануда. «Астанада «Алматы» және «Сарыарқа» аудандары газбен толық қамтамасыз етілген. Бұл шамамен – 12 мың отбасы. Оның ішінде 8 мыңнан астам абонент газға қосылды. Үйлерді газға қосу шығындарын азайту үшін үлкен жүйелі жұмыс жүргізудеміз: халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 450 мың теңгеге жуық сомаға газдандыру шығындарына өтемақы көзделген, сондай-аққұны 150 мың теңгеге жуық есептеу аспаптары тегін беріледі. Бұрын банкпен пайызсыз несиелеу бағдарламасы іске қосылған болатын. Енді Halyk-пен елордадағы 100 үйдітегін газдандыру жобасын іске асыруға кірісеміз. Қалған аудандар бойынша газ құбырын жеткізу желілерін, кварталішілік желілерді салу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі. Газдандыру процесі Мемлекет басшысының бақылауында», – деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек. Қазіргі уақытта елорда әкімшілігі ХӘОТ санатына жататын мұқтаж адамдардың тізімін ұсынды. Оларға материалдық жағдайы газдандыруды өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар енгізілді. Банк Басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуынша, Halyk бірнеше жыл бойы газдандыру мәселесін шешуге өз ресурстарын салуда: «Біз қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін – банктік қызметтерін жетілдіру арқылы да, бүкіл республика бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы да үнемі жұмыс істеп келеміз. 2021 жылы банк Алматыда жалпы сомасы 92 млн теңгеге 100 жеке үйді толықтай газдандыруды қаржыландырды, сондай-ақ тұрғын үйлерге газ жүргізуге жеңілдікпен несие берудің жеке бағдарламасын іске қосты. Газдандыру жобасын жалғастыра және кеңейте отырып, біз бірден екі міндетті – отандастарымыздың неғұрлым осал топтарына көмектесуге және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға барынша үлес қосуға тырысамыз». Қазақстанның барлық аймақтары үшін газдандыру мәселесіөзекті күйінде қалып отыр. Жыл басында Үкіметотырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мемлекет басшысының елдегі газдандыру деңгейін 60 пайызғажеткізу туралы тапсырмасын еске салды. Ол үшін 11,8 миллионнан астам тұрғыны бар 1800-ден астам елді мекен газдандырылуы тиіс. Банк мемлекеттің, бизнестің және азаматтардың бірлескен және жан-жақты күш-жігері қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оң өзгерістерге әкелетініне сенімді.

Тағы да