Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ЕСКІ ҚАЛАШЫҚТЫҢ ОРНЫ ТАБЫЛДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысына қарасты Келес ауданы аумағынан ежелгі қалашықтың орны табылды. Үлкен аумақты алып жатқан өркениет ордасы бүгінде зерттелуде. Сондай-ақ археологтар сол аймақтағы Мыңтөбе қорымынан табылған дүниелерді құнды жәдігерге балап отыр.
– 1800 жылдан астам тарихы бар киелі нысанда жүргізілген жұмыстар барысында сол дәуірдің мәдениетін анықтауға баса мән берілмек. Қазірдің өзінде бұл жерден қыш ыдыстар мен садақ жебесінің басы табылды. Бұл қаңлы дәуірі кезіндегі ежелгі діни наным-сенімдер туралы білуге мол мүмкіндік береді. Сондай-ақ сол маңнан Күлтөбе қалашығының орнын таптық, – дейді Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың жетекші ғылыми қызметкері, phd докторы Музаффар Гурсой.
Археологтар Күлтөбе қалашығында табылған ең биік нүктені алып құрылыс нысаны болған деп болжап отыр. Себебі қазба барысында кесектен салынған қабырғалары анықталған. Ал осы жерден шыққан қыш ыдыстардың VIII-IX ғасырларға тиесілі екенін айтады.
Мыңтөбе қорымына бұған дейін зерттеу жүргізілмеген. Келес өзенінің Сырдарияға құяр тұсындағы бұл аймақта 600-ден аса қорым мен оба бар. Археологтар қазба жұмыстарын жүргізу арқылы ІІ-ІV ғасырға тиесілі жәдігерлерді тапты. Жобаны іске асыру обалардың құрылымдық ерекшелігін, жерлеу дәстүрін, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын айқындауға мүмкіндік береді.
Археологиялық қазба жұмыстары әрі қарай жалғасатын болады. Қалашық және қорым маңынан табылған жәдігерлер арнайы мамандардың зертханалық сараптамасынан өткен соң музей қорына тапсырылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Түркия: Автобус қызметтері мен жолаушылар саны артқан

Түркияда 2023 жылы қалалар арасына қатынайтын автобустар билет бағасын қымбаттатпайды. Бұл жолаушылар санының өсуіне сеп болмақ. Індеттен кейін көрсеткіштер өсті Түркияда...

Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басты міндеттерінің бірі

Шымкент қаласы тұрғындарының Тұтынушылық сауаттылықтарын арттыру және  е-tutynushy платформасымен неғұрлым ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу көзделген. Қала базарларында, сауда орталықтарында...

Демографиялық өсім экономикаға дем береді

Қазақстанның демогра­фиясы – бұл елдің әлеуметтік және экономикалық дамуын­да маңызды рөл атқаратын күрделі және көп қырлы сала. Ағымдағы демографиялық ахуалды...

Демографиялық саясат – мемлекет дамуының негізі

Елімізде Отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының консорциумы құрылды. Жаңа бірлестік тиянақты көзқарасты күшейтіп, саланың одан әрі...

ҚАЛАМЫЗДА 165 АЯЛДАМА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЕТІП ЖАСАЛҒАН

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

“Баланың бас ұстазы – ата-анасы» атты психологиялық тренинг өткізілді

Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөліміне қарасты «Қазақстан» жалпы орта мектебінде «Баланың бас ұстазы – ата-анасы атты білім бөлімінің...

ТҮРКІСТАН: «TURAN JASTARY» ФОРУМЫНДА  ОБЛЫС ЖАСТАРЫ ҚАРАР ҚАБЫЛДАДЫ

Өткен аптаның демалыс күндері, 25-26 қарашада Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырыс беруімен "ЖАЛЫН" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Turan zhastary”...

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ 3000 МОЛОДЫХ ЛЮДЕЙ КАТЕГОРИИ NEET ПОСТУПИЛИ НА БЕСПЛАТНОЕ ОБУЧЕНИЕ

В Туркестанской области с 2,1 млн жителями проживают 654 тысяч молодых людей в возрасте от 14 до 35 лет....

«Ақ лалагүлдер мекені — Финляндия» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы өтті

Созақ ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясында Қазақстан халықтары тілдері мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы» тақырыбындағы онкүндік...

Тағы да