Воскресенье, 19 апреля, 2026

Баланы қиянаттан қалай қорғаймыз?

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Елімізде балаларға зорлық-зомбылық жөнінен Түркістан облысы алда тұр. Сарыағаштағы 5 жасар балдырғанның айуандықпен өлтірілуі қазақстандықтардың жанын түршіктірді.

Бұл мәселенің қоғамды алаңдатқаны ақпарат құралдарындағы сол қанды оқиғаға қатысты жаңалықтардың көп қаралым жинауынан аңғарылады. Қылмысқа Президент те назар аударды. Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды. Бірақ проблема қалды. Елде балалар ең қорғансыз жандар болып отыр.

Сарыағаш трагедиясына неге жол берілді?

Маусым айының соңында Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне өзі қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полиция жұртқа неғұрлым жақын болуы және халықтың қорғаны болуы шарт екенін нықтады.

Бұл дегеніміз, әрбір тәртіп сақшысы өзіне сеніп тап­сырыл­ған әр шағынаудан, көше, ауыл, ауладағы тұрғындарды өз туы­сындай тануы, әр отбасыдағы проблемамен таныс болуы қа­жет. Сондай-ақ білумен шектелмей, әрбір тентек-теліні, содыр-сойқанды сырттай бақылап, қаскүнем іске баруының алдын алу үшін бәрін жасағаны жөн. Бұл – АҚШ, Германия, Ни­дер­ланд және басқа да дамыған мемлекеттер табысты енгізіп, жү­зеге асырып келе жатқан озық тәжірибе. Ал біздің елде тұр­ғындар төл инспекторының кім екенін білмейді. Бұған қо­са, еңбекақысы төмен болғандықтан, олар жиі ауысады.

Бас прокуратураның мәліметіне сенсек, Түркістан об­лы­сының Сарыағаш ауданындағы зұлымдыққа құзырлы ор­ган­дардың салғырттығы да «жол ашқанға» ұқсайды. Бүлдіршін қыз­ды зорлықпен өлтірді деген күдікке іліккен аудан тұрғыны Г. бұрын бірнеше рет сотталған. Соның ішінде күдікті Г.-ның 2006 жылы адам өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталғаны анықталды. Ендеше аса ауыр қыл­мысқа бейімі бар адам ретінде полицияның, пробация орган­дарының жіті бақылауында болуы тиіс еді.

Лайықты бақылаудың жоқтығы сал­дарынан Г.-ның маскүнемдікке салынып, теріс өмір салтын ұстанатыны әшкереленді. Соның салдарынан, ол 2023 жылдың ма­мы­рын­да ішімдік ішу барысында ауылда­сы­мен жанжалдасып, оны балтамен ұрған. Сол үшін қайтадан қылмыстық іс қозғала­ды. Сот Г.-ның жәбірленушімен татуласқа­нын және оның бұрынғы соттылығы өтелгенін ескере отырып, оны бостандыққа қоя берген. Яғни, 3 жыл бас бостандығын шек­теп, пробациялық бақылау белгілеген. Г. пробациялық бақылау аясында қайтадан аса ауыр қылмыс жасап отыр.

Осыған байланысты пробация қызме­тінің қызметкерлеріне қатысты салғырт­тық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мұның сыртында Президенттің тап­сырмасына сәйкес, жеке адамға қарсы аса қауіпті қылмыстар үшін қылмыстық жауап­кершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер топтамасы әзір­ленуде. Мысалы, сарапшылар рецидивис­терге бас бостандығын шектеу, айыппұл салу сияқты жеңіл жаза қолдануды, шек­тен тыс ізгілік танытуды жоюды ұсынады. Темір торға қамалғаны жөн.

Бас прокуратураның хабарлауынша, балаларға зорлық-зомбылық қылмыстар бойынша санкцияларды қайта қарау, жазаларды тағайындау және одан босату, соттылығын өтеу тәртібін, жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан адамдарға әкімшілік қадағалауды белгілеу шарттарын өзгерту мәселелері пысықталуда.

Елдегі ең қорғансыз жандар

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, балалар – мемлекеттің қорғауына барынша зәру, ең осал топ болып қалды. Оларға қатысты жыл сайын 2 мыңға жуық қылмыс жасалады. Оның ішінде 700-дейі – жы­ныстық сипаттағы қылмыстар. Полицей­лердің айтуынша, зорлық-зомбылық қыл­мыстарының 70%-дан астамын бала­лар­дың айналасындағылар, яғни туған немесе өгей әкелері, ағайындары, ата-анасының достары, туыстары, көршілер жасаған.

«Кәмелетке толмағандардың құқық­тарын қорғау шаралары жетілдірілуде. Балалар саудасы, оларды жезөкшелікпен айналысуға тарту, сондай-ақ балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғу үшін жауапкершілік күшейтілді. Балаларға қатысты қылмыс жасағандарға неғұрлым жеңіл жаза тағайындау және шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі алып тасталды. Педофилия үшін сотталғандар жазасын тек қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме саналатын түрмелерде ғана өтей­тіні жөніндегі норма енгізілді. Мұндай адам­дар босатылғаннан кейін полиция оларға әкімшілік қадағалау белгілейді», – деді ІІМ өкілдері.

Уәкілетті органдар балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың жасырын факті­лерін, сондай-ақ интернетті пайдаланатын педофильдерді әшкерелеу жұмыстарын ұйымдастыруда. Оқу орындары жаппай бейнебақылау жүйелерімен және техни­калық күзет құралдарымен жарақтанды­рылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Әйткенмен, ІІМ елде балаларды зор­лық-зомбылықтан қорғау тетігінің тиім­ділігі төмен екенін растады. Бұған көп­теген адамның өзінің отбасылық-тұр­мыстық қатынастарына мемлекеттің араласуын қаламайтыны да ықпал етеді.

Әлеуметтанушылардың айтуынша, кеңес заманында қаншама қуғын-сүргінді бастан өткерген қазақстандықтар мемле­кеттің, әсіресе құзырлы органдардың отбасы істеріне араласуынан зәрезап болып қалған. «Балаларымды тартып алып, өзімді түрмеге отырғызып қояды» деп қорқатын адамдар жетерлік. Инс­пектор есік қақса, шошынады. Екі жыл бұрын отбасыдағы зорлыққа қарсы заң жобасына қоғамның үлкен бөлігінің үдере қарсы шығуының бір түп-төркіні де сол ауыр тарихи жадтан тамыр тартып жатса керек.

«Бірақ балаларды қиянаттан қорғау проблемасы барған сайын өзекті бола түсуде. Жауапты органдар қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін ерте танып, әшкерелеуге көшкені маңызды. Сонымен қатар зорлықтың әралуан түрлері туралы жұртшылықты сауаттандыру қажет. Мы­салы, дамыған елдерде көшеде әлдебір бала қиқарлық мінез танытып, қарсыласып жатса, оның хал-жағдайын сұрау немесе полиция шақырту керек деп үйретеді. Өйткені сол арқылы бала өзін ұрлап әкеткен немесе зорлық көрсеткелі тұрған адамға қарсылық білдіріп, өзге жұрттың назарын аудартуға тырысуы мүмкін. Ал бізде ересек адам баланы сабап жатса да, жұрт: «тәрбиелеп жатқан ата-анасы шығар» деп теріс айналады», – дейді әлеуметтанушы Динара Есімова.

Оның айтуынша, дамыған елдер­дегідей, балаларға зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарлауына мүмкіндік беретін жүйе енгізілуі қажет. Мысалы, олар сурет салу арқылы білдіре алады. Педагогтерді зорлық фактілерін танып білуге үйретіп, даярлаған жөн. Әйтпесе, «құлап қалдым» дегеніне сеніп, көгала қойдай сабалған баланы ары қарай мазала­майтын сынып жетекшілері аз емес.

Балалар неге ызалы?

Өмірлік қиын жағдайға тап болған от­басылар мен олардағы балаларға мемлекет тарапынан лайықты көмек көрсету, зорлық пен зомбылық құрбаны болған балаларды қорғау және реабилитациялау, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету жағы кемшін.

ІІМ дерегінше, балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстардың саны 2021 жылы 18%-ға күрт өсті. 2022 жылы 6%-ға шамалы төмендеген. Балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс­тардың 40%-ға өсуі ерекше алаңдаушылық тудырады.

Ішкі істер ведомствосының байла­мынша, бұған көбінесе отбасылық проблемалар, тұрмыстың нашарлығы және ата-аналардың теріс өмір салты себеп болады екен. Салдарынан, балалар қараусыз қалады.

Ranking сарапшылары өңірлер ара­сында балаларға қарсы қылмыстардың көбі Түркістан облысында жасалатынын хабарлады: 2022 жылғы 5 айда 100, биылғы бес айда 101 қылмыс тіркелді. Жас ұрпаққа қаскүнемдік оқиғаларының үлкен көлемі сонымен қатар Алматы қаласында (89 оқиға, былтырғы ұқсас мерзімнен 15,6% өсті) және Алматы облысында (86 оқиға, 23,2% кеміді) болған.

Сонымен бірге балалар отбасындағы ұрыс-керіс, төбелестің жанама құрбанына айналады. Жыл сайын отбасылық-тұрмыстық жанжал фактілері бойынша 25-27 мың адамға қатысты әкімшілік материал толтырылады. Соңғы үш жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру деректері 42%-ға, ұрып-соғу 51%-ға ұл­ғайыпты.

Мұның бәрі соған куә болған ба­лақайлардың моральдық-адамгершілік ахуалына теріс әсер етеді, өмір бойғы психологиялық жарақат салады және тұтастай алғанда жеке тұлғаның қалып­тасуына және олардың болашақтағы тағдырына кері ықпалын тигізеді.

Полиция отбасылардың балаларға қатысты құқық бұзушылықтарды жасырып қалуға тырысатынын, ұят санайтынын ескертеді. Салдарынан көптеген қылмыс жасырулы қалады, полицияға шағым түспейді.

2019 жылдан бері жұмыс істемейтін, осал отбасылар мен олардағы кәмелетке толмағандарды медициналық, әлеуметтік есепке алу институты заңды түрде бекітілді. Алайда осы жұмысты регламенттейтін құқықтық актінің болмауы салдарынан бұл бағытта іс-шаралар жергілікті жер­лерде дұрыс жүргізілмейді екен.

Зорлық-зорлықты тудырады 

Өмірге, қоғамға, мемлекетке өшіккен жеткіншек­тердің өздері кейде қылмысқа барып жата­ды. Қазақстанда 5 жыл ішінде 10 845 кә­ме­лет­ке толмаған азамат қыл­мыстық жауап­кер­ші­лікке тартылды. Оның 75%-ы (8 118) жеке меншікке қарсы қыл­мыстарға, 10%-ы (1 160) қоғамдық қауіп­сіздік пен тәртіпке қарсы қылмыс­тарға және 11%-ы жеке тұл­­ғаға қарсы (1238) қылмыстарға ба­рыпты.

Қылмыс жасағандардың жалпы саны­нан 2 350 жасөспірім әртүрлі жазаға кесіл­ді. Соның ішінде 444-і бас бостан­дығынан айырылды. 4 030-ына қатысты – қыл­мыстық істер ақталмайтын негіздер бо­йынша тоқтатылды.

Жасөспірімдер қылмысының құры­лымында орта есеппен 63%-ы ауырлығы орташа, 25%-ы ауыр, 10%-ы онша ауыр емес, 2%-ы аса ауыр санатқа жатады.

Бұл сала шынымен мемлекеттің де, қоғамның да жете назар аударуын, профи­лактикалық шараларға баса көңіл бөлуін талап етеді. Әйтпесе, белең алған зорлық-зомбылық құбылысына тосқауыл қойыл­маса, жас ұрпаққа жасалған қиянат ұлтқа кесір болып жабысып, елдің жарқын бола­шағына балта шабуы мүмкін.

Айхан ШӘРІП

Жаңалықтар тізбесі

Волонтерлық қызмет – елдің әлеуметтік, мәдени, экономикалық және экологиялық дамуына әсер ететін күш

  "Волонтерлік" ұғымы латын тілінен аударылғанда – voluntarius "ерікті" мағынасын білдіреді. Волонтерлер (еріктілер) алуан түрлі қызмет үлгісін көмек ретіндегі көрсетеді....

«Nur Otan» партиясы 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында көпқабатты үй аулаларын абаттандыру жоспарланған

«Nur Otan» партиясы 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында көпқабатты үй аулаларын абаттандыру жоспарланған "Халық қатысатын бюджет" жобасы - жергілікті бюджет...

АҚШтың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Джуди Куоның форумдағы сөзі

Сәлеметміздер ме, ханымдар мен мырзалар, Құрметті Ерлан Қарин мырза, Құрметті Аида Балаева ханым, Құрметті Багдат Мусин мырза! Қазақ тілді онлайн-контент жасаушылардың бесінші форумына  қатысу мен үшін ерекше...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: АЗАМАТТАРДЫҢ ӨМІРІН ЖАҚСАРТУ — НЕГІЗГІ МІНДЕТ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Президент Үкімет пен атқарушы органдарға отандық өндірісті ұлғайту, азаматтардың нақты...

ТҮРКІСТАН: ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ «ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМ – ҰЛТ МҰРАСЫ» БАЙҚАУЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕРІН ҰЛЫҚТАДЫ

Түркістан қаласындағы «Этноауыл» кешенінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында және Түркістан облысына 5 жыл толуына орай, этнос...

Каппадокия – один из самых привлекательных регионов Турции

Каппадокия – один из самых привлекательных регионов Турции, привлекающий туристов своей захватывающей дух природной красотой и историческими местами. Этот...

Here are 7 life lessons for every PUBG player

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЫБЫН-ШІРКЕЙМЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Соңғы күндері Түркістан облысында бірнеше аудан шіркейдің шырмауында қалып, тұрғындарды әбігерге түсірді. Осы орайда, бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде жауапты...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021-2025 жылдары республиканың орман алқаптарында 2 млрд. және қалалар мен елді мекендер аумағына 15 млн....

Тағы да