Вторник, 21 апреля, 2026

ҚОРҚЫТ БАБА ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркі әлемінің ең маңызды мерекесі
ҚОРҚЫТ БАБА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ФЕСТИВАЛЫ БАСТАЛДЫ

Түркі әлемінің ғасырлар бойғы мәдени болмысының жеткізушісі және ортақ мұрасы Қорқыт баба Байбуртта халықаралық Қорқыт баба мәдениет және өнер фестивалімен тойлануда. 17-23 шілде аралығында 27-ші рет түркі әлемінің ортақ құндылығы Қорқыт бабаның  бірегей мұрасы еске алынатын бұл фестивальге мыңдаған жергілікті және шетелдік қатысушылар жиналады.

Ең көне түрік эпосы «Қорқыт баба кітабында» баяндалған түрік мәдениетінің маңызды символдарының бірі Қорқыт бабаның ерлік хикаялары әлі күнге дейін түрік тарихы мен мәдени өткеніне жарық түсіруде.

Аңыз бойынша Қорқыт баба бейіті орналасқан Байбурт қаласында 1994 жылдан бері шілде айының үшінші аптасында атақты данышпанның қайталанбас мұрасына назар аудару мақсатында Халықаралық Қорқыт баба және өнер фестивалі өтеді. Әсіресе, түркі әлемінде қызығушылықпен тамашаланатын мереке Байбурттағы маңызды мәдени шаралардың бірі.

Түркі әлемін біріктіретін фестивальдар
Мерекелік шаралар дәстүр бойынша Масат ауылындағы Қорқыт баба бейітін зиярат етуден басталады. Қорқыт бабаның ЮНЕСКО-ның материалдық емес дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енуімен маңыздылығы арта түскен фестиваль барысында найза лақтыру ойындары, жергілікті тағамдардың тұсаукесері, сурет және қолөнер көрмелері, концерттер, фольклорлық қойылымдар, поэзия кештері, конференциялар мен панельдік пікірталастар сияқты көптеген әлеуметтік және мәдени шаралар өткізілуде.

Түркі әлемін өз тарихымен және мәдениетімен таныстыру тұрғысынан әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды бастамасы болып табылатын Қорқыт баба халықаралық мәдениет және өнер фестиваліне еліміздің түкпір-түкпірінен және Түркі республикаларынан көптеген танымал есімдер, халық би ұжымдары, өнер қайраткерлері мен академиктер шақырылады. Биыл бір аптаға созылатын мерекелік шараларға 300 мыңға жуық жергілікті және шетелдік қатысушылар қатысады деп күтілуде.

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан әңгімелер
Түркі әлемінің «данышпан атасы» саналатын Деде Қорқыттың есімі мен афоризмдері түрік эпостары мен аңыздарында кездеседі. Түрік данышпанын бұл қиссалар мен түрлі әңгімелерде кейде «Қорқұт» немесе «Қорқұт ата» деп те атайды. Десе де, Деде Қорқыт түрік әдебиетінде оның атымен аталған хикаяларды айтушы ретінде танымал.

Сонымен қатар түрік халық батырларының хикаяларын баяндайтын Деде Қорқыт хикаялары түрік тілі мен әдебиетінің маңызды туындыларының қатарында. Түріктердің өткен өмірінен маңызды мағлұмат беретін бұл хикаяларда түркі тайпаларының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, отбасылық, адамгершілік жолдары туралы да жан-жақты деректер бар. Әңгіме жазудағы мақсат – осы ақпаратты келешек ұрпаққа жеткізу деген пікір бар.

Деде Қорқыт хикаяларымен бір тілден екінші тілге, ұрпақтан-ұрпаққа өткен құндылықтар түрік мәдени жадында әлі күнге дейін өзінің өміршеңдігін сақтап келеді. Әңгімелер өткен мен қазіргі арасындағы мәдени байланысты нығайтады, мәдени сабақтастықты қамтамасыз етеді және болашаққа тиесілілік пен сәйкестік ұғымдарын жеткізеді.

Бұл тұрғыда түркітілдес елдерді біріктіруші фактор болып табылатын Деде Қорқыт мұрасы да 2018 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енді.

Жаңалықтар тізбесі

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамның дерті

Қазақстан Республикасының Конститутциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройын қорғауына құқығы бар деп жазылған. Дегенмен, біздің заманауи...

Кентауда қала тұрғындары арасында жүгіруден жарыс өтті

Кентау қаласында 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай қала тұрғындары арасында жүгіруден жарысы өткізілді. Жарыс ересектар арасында...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «НУЖНО СОЗДАТЬ БЛАГОПРИЯТНЫЕ УСЛОВИЯ ДЛЯ РАЗВИТИЯ ТУРИЗМА В ТОЛЕБИЙСКОМ РАЙОНЕ»

Под председательством акима Туркестанской области Дархана Сатыбалды состоялось совещание по социально-экономическому развитию Толебийского района. На нем обсуждались вопросы сельского...

Жастар тәрбиесінің бастауы – отбасы жүрегі – әйелде!

Жастар тәрбиесінің бастауы – отбасы жүрегі – әйелде!   Бұл тақырыпты алғанда нәзікжандардың басына өмір сүрудегі қиыншылықтың бәрін жүктеп  қою...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Түркістан облысына қарасты Келес ауданында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағадарламалар бөлімінің жанынан Әлеуметтік психологиялық сүйеумелдеу бөлімшесі іске қосылған болатын....

Халық қалаулысы жастарды қолдауға дайын

  Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Байкен Әшірбаев жастармен еркін форматта кездесу өткізіп, олармен тәлім-тәрбиелік тақырыптарға...

Түркістандық жас балуандар Х.Аққалиевті еске алуға арналған республикалық турнирде топ жарды

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай грек-рим күресінен КСРО-ға еңбегі сіңген жаттықтырушы Хайс Аққалиевті еске алуға арналған ХVI...

Оқитын ұрпақ – ұлт болашағы

Кітаптың рухани күш екендігі бұрыннан белгілі.  Кітап оқымаған адам ойланудан да қалады, ал, ойы жоқ адамның байқары да, айтары...

Мәдениет және туризмді дамыту

2020 жылы Шымкент қаласы ТМД елдерінің Мәдени Астанасы болып атанды. Бұл қаламызға келетін туристер саны еселеп артады деген сөз....

Тағы да