Воскресенье, 19 апреля, 2026

Олар кешірімге лайық па?

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Көршім көшеге кішкентай қызын қараусыз жіберген сайын бойымды үрей билейді. Бұл бәлкім, әлеуметтік желіден түрлі қылмыстардың белең алып кеткені, соның ішінде бейкүнә балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің көбейгенін жиі оқи бергеннен шығар. Бұрын заман тыныш болды ма, әлде адамдарда ынсап болды ма, әйтеуір мұндайды ілуде бір болмаса естімейтінсің. Осылай десем, құрбым: «жоқ, педофилдер бұрыннан бар, тек оны жария қылмайтын. Ал, қазір әлеуметтік желілерде айқайлатып жазады да жатады, бірақ, одан нәтиже шамалы. Қайта қылмыс өршіп барады. Өзгенің жаза арқалап, темір торға тоғытылып жатқанын көріп біле тұра, айылын жимайтындарға таң қаламын. Тіпті, Құдайдан да қорықпайды» дейді ашынып. Оның да сөзінің жаны бар.

Есіме биыл көктемде пойызда ұзақ жолда сапарлас болған қызылордалық әйелдің әңгімесі түсті. «Біздің ауылда Бескемпір деген бір кісі болды. Негізінде Түркістан өңірінің тумасы, бірақ аяқ астынан біздің ауылға келіп тұрақтап қалды. Бұрын беделді жерде қызмет еткенін, көпшілікті басқарған жан екенін айтқан әңгімелерінен байқағанмын. Ауылдағылар таппай отырған тұрақты жұмыс оған қайдан табылсын, кез келген қара жұмысты істеп, берген ақшаны қанағат тұтып жүре беретін. Соңғы жылдары менің күйеуімнің қол астында істеді. Күйеуімнің жеке шаруашылығы бар еді. Малға қарауды, егін салуды тез меңгеріп алды. Сеніміне кірген соң оны күйеуім ауладағы шағын үйге тұрғызды. Тамағын да өз қазанымыздан беріп отырдық. Былайша қақ-соқпен ісі жоқ адам тәрізді. Содан да оған отбасымыздың бір мүшесіндей қарай бастадық.

Бірде кешкісін аулада сәкіде отырып, бәріміз өткен-кеткенді әңгіме қылдық. Сол кезде Бескемпірден өткен өмірі жайлы суыртпақтап сыр тартқанмын. Елуден енді ғана асқан азаматтың соқа басы сопиып бөтен ауылда жүргені көңілге күдік ұялататынын жасырған жоқпын. Ол біраз тосылып отырып қалды. Құдды әлденені айтсам ба, айтпасам ба деп ойланғандай еді кейпі. Сәлден соң  жөткірініп алып, «несін сұрайсыздар, мен жүрген бір бейбақпын» демесі бар ма?! Күйеуім де, мен де оған шошынып жалт қарадық. Балалар өздерімен өздері әріректе жүрген. «Айта бер» деді күйеуім.

– Менің жер басып жүруге құқым жоқ. Мен лағнет арқалаған әкемін. Қара басып өз қызыма өзім қиянат жасадым. Сөйтіп бұл дүниеде де, о дүниеде де кешірілмейтін аса ауыр күнәға баттым. Аяқтарына жығылып қанша кешірім сұрасам да сүйіп қосылған жарым міз бақпады, үйден қуып шықты. Оның орнында болса кез келген ана солай етер еді. Іші күйіп өртеніп тұрғанын жүрегім сезеді. Киімдерімді жинадым да отбасынан жыраққа кеттім. Бірақ, бүйткен күні құрсын, тірі өліктің күйін кешіп жүрмін. Ағайын-туыстардың бұл жәйттен хабардар болғаны анық, ешқайсысы мені іздеген жоқ. Сыртымнан қарғыс жаудырғандарын білемін. Өз-өзіме талай рет қол жұмсағым келгенімен, жан шіркін тәтті екен. Енді осылай талқанымның таусылғанын күтіп жүргеннен басқа амалым жоқ, – деген ол еңкілдеп жылап жіберді.

Ер азаматтың жылағанын көріп тұрғаным осы. Әрі айтқан әңгімесінен денем түршігіп сала берді. Күйеуім де осы сәт өз балалары үшін алаңдағаны анық. Туған қызының тағдырын ойран қылған әке өзгенің ұл-қызын аяй қоймас деген ой қылаң беріп өткенде бір орында тағат тауып отыра алмай, тыпыршып кеттім. Менің күйімді ол тез түсінді білем, дереу: «Жоқ, жеңге, қорықпаңыз. Менен қылдай қиянат көрмейсіздер. Мен өткеніне өкінген, сол өкініштен ішқұса болғаннан ғана сіздерге ашылып сырымды жайып отырған жанмын. Өле-өлгенше сіздерге адал қызмет етемін деп ант-су ішкім келеді» деп ақтарылды.

Неге екенін қайдам, оған сендік. Әлемтапырық түрінен оның шынайы сөйлеп тұрғанын аңғаруға болатын еді. Күйеуім одан бұрынғы тұрғылықты мекенін, отбасы, туыстары туралы сұрап жатты. Ал, мен көңілім алаң күйі балаларымның жанына кеттім.

Содан бері бірнеше жылдың жүзі өтті. Ол адал қызметінен танбады. Жаңа отбасын құруына көмектескіміз келген еді, бірден тыйып тастады. «Менің бұл өмірде бақытты болуға құқым жоқ» деді. Ол өзін осылайша жалғыздықпен жазалады. Кейінірек денсаулығы сыр бере бастады. Тіпті төсектен тұра алмай, жатып қалды. Сол кезде күйеуім оның туыстарына хабарласты. Анау-мынау болып кетсе, жанында болсын деп еді. Бірақ ешқайсысы тырс еткен жоқ. Күйеуім маған оңашада Бескемпірдің ұлдарының дөрекі сөйлескенін айтты. «Қандай әке? Біздің әкеміз жоқ, ол әлдеқашан өліп қалған» депті. Көп ұзамай Бескемпір дүниеден өтті. Өзіміз жаназасын шығартып, өзіміз жерледік. Жетісі, қырқы, жылдық кәделерін де өзіміз өткіздік. Сонда деймін-ау, адамдар осыншалықты тасжүрек болады екен ғой деп ойладым. Туған әкесінің бір қателігі үшін өмір бойы кешірмей кеткендері несі?»

Әлгіден бері әңгімесін үнсіз тыңдап отырған мен осы жерде шарт кеттім. «Сонда кешіре салу керек пе? Не үшін кешіреді? Мұндай адам әке деген аттан садаға кетсін! Сіздер оның өздеріңізге жасаған талай жылғы еңбегінің өтеуін ғана ақтадыңыздар. Ал, сіз соны міндетсініп, балалары келмеді, басына бір уыс топырақ салмады деп отырсыз. Келмегендері дұрыс болған!» дедім қызбаланып. Расында, әр адам өз ісіне жауап беруі тиіс. Оның үстіне отбасы жауапкершілігі бір бөлек. Осындай кешірімшіл солқылдақ мінездерден қылмыс көбеймесе, азаймай тұр деп ойлаймын. Педофилдерге қатаң заң керек. Оларды түрмеде тегін асырағанша кастрация жасаған дұрыс. Сонда бәлкім басқаларға сабақ болар. Сонда нәпсісін тыйып, хайуани тірлікке барудан бас тартар. Сонда…

Қайткен күнде де ата-ана ұл-қыздарын көзден таса қылмай, жетілдірсе дейсің. Немқұрайдылықтың салдарынан кейін опық жеп қалмау үшін баланы өз бетімен көшеге жібере бермеген дұрыс. Өзім әлі күнге дейін көршіме осыны түсіндіре алмай келемін…

Б.ОСПАНОВА, көп балалы ана.

Түркістан қаласы.

Жаңалықтар тізбесі

ҚАЛАНЫ ЦИФРЛАНДЫРУ

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – ортақ мүддеміз. Ортақ мүдде біріктірген отаншыл азаматтардың белсенділігі –...

Балаева: «Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің кешенді жоспары әзірленіп жатыр»

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдегі өршіп кеткен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады. «Қазіргі кезде біз үшін...

ТҮРКІСТАН: «Ақ дидарлы әжелер» қыз-келіншектерге салт-дәстүрді дәріптеді

Қазақы қаймағы бұзылмаған Жетісай ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құралған Әжелер алқасына 10 жыл толуына орай «Ақ дидарлы әжелер»...

ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ДАМЫТУ

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеміз «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛҚЫН, ӘСІРЕСЕ, ШЕТКІ ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ТОЛЫҚТАЙ...

ШАРДАРА:«Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты жастар форумы өтті

Жастар форумына аудан әкімі Қайрат Жолдыбай, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудан...

Отырарда оқушыларды психологиялық қолдау бойынша ақпараттық семинар өтті

Отырар аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет жоспарына сәйкес Ә.Байтанаев негізгі білім беру мектебінде "2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие процесінде оқушыларды...

Айтыскер ақынмен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің “Төрт тоқсан – төрт өнер” ұлттық мәдени-ағартушылық жобасын іске асыру мақсатында Мақтаарал ауданындағы Сабыр Рахымов...

ТУРКЕСТАН: СОБЛЮДЕНИЕ САНИТАРНЫХ ТРЕБОВАНИЙ В ЛЕТНИХ ЛАГЕРЯХ НА КОНТРОЛЕ

Об этом сегодня на брифинге в Региональной службе коммуникаций сообщил заместитель руководителя Департамента санитарно-эпидемиологического контроля Туркестанской области Аскар Искаков. По...

Тағы да