Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістанда балалар құқығын қорғау мәселесіне қатысты дөңгелек үстел өтті

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысы әкімдігінде бала құқықтарына қатысты мәселелер жөніндегі дөңгелек үстел өтті. Жиында модератор болған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылықтың алдын алу жайын қозғады.

«Барлықтарыңыз білетіндей Түркістан облысы үлкен өңір. Бізде 1000 мектеп, 515 мың оқушы 1300-ден астам балабақша және 2-6 жас аралығында 150 мыңдай бала бар. Өңірімізде осыншама бала болғандықтан, олардың қауіпсіздігін сақтау, келеңсіздіктерден қорғау оңай емес екені анық. Осының алдын алу үшін бүгінде облыста тиісті жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде өңірдегі білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғауға жауапты басқармаларымен бірлесе кәмелетке толмаған балаларға қатысты барлық мәліметтердің қамтылуы жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде баланың психологиялық портреті, оның отбасылық жағдайы секілді ақпарттар болады. Ол жерге аталмыш басқармалар ғана кіріп мәліметтермен таныса алады. Біз жергілікті құқық қорғау органдарымен бұл жобаны жасақтап жатырмыз. Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап облыстағы 1 мен 4 сынып оқитын 193 мың бала 100 пайыз ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, «Қауіпсіз мектеп» бағдарламасы бойынша облыста алты категория бойынша, яғни, камера, турникет, күзет, қоршау, дабыл батырмасы және әжетханаларды реттеу үшін облыстық бюджеттен қаржы қаралып отыр. Бұл жұмыстар балалардың қауіпсіздігі мен қамқорлығы үшін жасалынып жатқан қызметтер», деді Бейсен Тәжібаев.

Кездесуге Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева қатысып, бала құқықтарына қатысты өзгерістер мен атқарылып жатқан жұмыстарға, өзекті мәселелерге тоқталды. Одан бөлек, Түркістан облысының қоғам белсенділері, облыстық мәслихат депутаттары және «AMANAT» партиясының жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, отбасын қолдау орталығы, облыс әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдердің ісі жөніндегі комиссия мүшелері, бала құқықтары жөніндегі облыстық уәкіл, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысып, ұсыныстарын айтты.

Динара Закиеваның айтуынша жақында отбасы, әйелдер, балалар мәселелері бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік бірыңғай желі, яғни, колл-орталық құрылады. Сондықтан, 111 нөмірінің плакаттарын барлық аулаға, білім беру мекемелеріне, дүкендерге және халық жиі жиналатын орындарға орналастырып, халық арасында насихатын күшейту керектігін айтты.

Бұдан бөлек, дөңгелек үстелде балаларға арналған психологиялық қолдау орталықтарын ашуды қарастыру, мектеп қабырғасында бала құқықтарын түсіндіру, көмек көрсететін сенім телефондарының нөмірлерімен таныстыру, өзін-өзі қорғау курстарын жүргізу, жеке қауіпсіздік шараларын түсіндіруді қамтитын қауіпсіздік сабақтарын енгізу жайында да ұсыныстар айтылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

Арыс қаласында «Әже – ұлт ұйытқысы» атты ғибратты шара өтті

Арыста қалалық «Әжелер алқасының» 10 жылдығына орай «Әже – ұлт ұйытқысы» тақырыбында қалалық мәдениет сарайында салтанатты шара өтті. Мерекелік кеште...

Мектепалды даярлық педагогтеріне арналған аудандық әдістемелік оқыту семинары өтті

Шардара ауданына қарасты «Шардара» мектеп-лицей базасында жалпы білім беретін мектептерде «Мектепалды даярлық сыныбында жаңаша оқытудың тәсілдерін тиімді пайдалану» тақырыбында...

Offset Shares a Video of Cardi B Giving Birth to Baby Kulture

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Ұстаздың жолы — дара жол

Түркістан облысы Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N 12 жалпы орта мектебінде 1-Наурыз " Алғыс айту" күніне...

Атыраулық жас робот жасаушылар «KazRoboSport» ұлттық чемпионатына қатысады

60-тан астам оқушылар мен студенттер Атырау облысындағы робототехника бойынша ең ірі жарыста үздік әзірлемелерді ұсынып, тәжірибе алмасты Атырау, 2022 ж....

ТҮРКІСТАН: Төлебиде жастарды жұмыспен қамту жолдары түсіндірілді

Төлеби ауданындағы Леңгір қаласы мен 12 ауылдық округінде аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастармен кездесу өтті. Кездесуде орталық мамандары...

РЕФОРМАЛАР НӘТИЖЕСІ ХАЛЫҚТЫҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒЫП ЖАТЫР

Көптен күткен кезектен тыс президент сайлауы да өтті. Елдің тұтқасын ұстайтын азаматты бірауыздан сайладық. Қасым-Жомарт Кемелұлы айқын басымдықпен жеңіске...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР ӨЗБЕКСТАНҒА КЕТТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан әкімдеріне ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді мақсатына сай пайдалануды, табиғи мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жаңа технологиялар...

Келгендер қанша, кеткендер қанша?

Егін егіп, мал ұстауға табиғаты қолайлы Түркістан облысына қоныс аударуға құмбыл қандастарымыз көп. Оларға мемлекет тарапынан қандай көмектер көрсетілуде?...

Тағы да