
Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының оқушыларын қала сыртындағы жазғы сауықтыру демалысына биыл 743 баланы қамту жоспарланған.
Осы орайда, ІІ кезең бойынша 374 оқушы тиісті құжаттарын рәсімдеп, Түлкібас ауданы, Машат ауылына қарасты «Арман шипажай» лагеріне жіберілді.
Қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерінің негізгі мақсаты — балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, бала демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Тау бөктерінде орналасқан жазғы сауықтыру лагеріне жолға шыққан оқушылардың жүздерінде күлкі, көңілдері көтеріңкі.
«Денсаулықты нығайтуға қолайлы жазғы күндерді дұрыс пайдалану және әрбір баланың денсаулығын түзеуге және шынықтыруға ұмтылу, тыныға жүріп, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу өте маңызды деп санаймыз. Балаларымызға, жаз мезгілінде жазғы сауықтыру лагерлерінде, денсаулықтарын нығайтып, көңілді өткізуін тілейміз! Жас балғындарға сәт сапар!» – дейді ата-аналар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі
