Вторник, 21 апреля, 2026

Түркістандық талапкерлер «Серпін» бағдарламасына 13-22 шілде аралығында құжат тапсыра алады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Елімізде Оңтүстіктегі жастарды солтүстікте оқытып, көшіруді мақсат еткен «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы 2014 жылы бастау алған болатын. Аталған бағдарлама аясында талай жас теріскейге барып, білім алды, біразы сонда тұрақтап қалды.

«Серпін» бағдарламасы халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру бағытында қолға алынған.

Ауыл түлектеріне арналған бағдарлама аясында 2023-2024 жылғы оқу жылдарына 3 653 грант бөлініп отыр. Оған Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының түлектері қатыса алады.

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Ернар Бектаевтың мәлімдеуінше, өңірлерге гранттар саны нақты белгіленбеген. Бұл ретте, түркістандық талапкерлер республика бойынша биыл бөлінген гранттың 30 пайызын иелену мүмкіндігі бар, яғни 1 400 түлек оқуға қабылданады деп жоспарланып отыр.

«Қазіргі таңда аудан, қалаға бекітілген апталық жоспар бойынша «Серпін» бағдарламасына бөлінген гранттарды жастарға түрлі брошюра таратып, афиша, бейнероликтер жариялау арқылы насихаттап жатырмыз. Бағдарлама аясында 13-22 шілде аралығында үміткерлер құжаттарын тапсыра алады. Биыл құжат тапсыру жеңіл әрі жастардың көп шоғырланған өңірлеріне ауысып отыр. Яғни, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мәжіліс залы мен Сарыағаш ауданындағы мәдениет үйінде құжат қабылдау комиссиясының жұмысын жүргізу жоспарланған», — деді Ернар Бектаев.

Жалпы гранттар Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарында орналасқан университеттерге бөлінеді. Гранттар техникалық ғылым, ауыл шаруашылығы, медицина саласын қамтиды. Айта кетерлігі, биыл 1 қыркүйектен бастап шәкіртақыны бакалавр студенттеріне 20 пайызға, магистратура студенттеріне 15 пайызға дейін өсіру жоспарланған.

Осылайша бағдарлама аясында биыл 18 университеттің өкілдері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқуға шақырды. Олардың ішінде Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, М.Қозыбаев атындағы СҚУ және Инновациялық Еуразиялық және Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық университеті, Өскемендегі С.Аманжолов атындағы университеті мен Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ бар.

Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен Ә.Бөкейханов университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты жастарды білім нәрімен сусындатпақ. Сондай-ақ, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қостанай облысындағы Рудненский индустриалды институты және М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті бар. Бұдан бөлек, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қарағанды индустриалді университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Павлодар облысындағы С.Торайғыров Университеті Оңтүстік түлектеріне есігін айқара ашпақ.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің бас сарапшысы Әділбек Мансуровтың айтуынша, бұл бағдарламаға 2023 жылдан бастап жаңа жүйелер енгізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін «Серпін» бағдарламасы бойынша тегін білім алған студенттер оқу бітіргеннен кейін оқыған өңірлерінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттелген болса, ендігі уақытта талап өзгеріп еңбек өтеу мерзімін азайтып, екі жыл жұмыс істеу міндеттелді. Сондай-ақ, жас мамандар тек оқыған өңірінде ғана емес, солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне қарасты 11 аймақта жұмыс істеуіне болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

«Жақсылықты бөліссең көбейеді»

  Өңірімізде орын алған апаттарда да, пандемия кезінде де талай отбасыға қол ұшын созған “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық...

Жалынды жастар — ұлт ертеңі

Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында жастар арасында...

Алматыда онкология және радиология орталығы ашық есік күндерін өткізеді

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына! 2021 жылдың 20 және 27 қарашасында (сенбі күндері) Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-да 09:00-ден...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДИҚАНЫ ЖАЗДА ЕГІСТІКТІ СУАРМАЙ-АҚ ҚАУЫН ӨСІРДІ

Түркістан облысының шаруалары қауын өсіруде тың тәсілді пайдалана бастады. Яғни, егістікті суармай-ақ, мол өнім жинауға болатынын көрсетті. Оңтүстіктегі 45-50...

» Voice of Turan» байқауының жеңімпазы анықталды

Түркістанда екі күнге ұласқан " Voice  of  Turan" байқауы мәресіне жетті. Аталмыш өнер фестивалі ресупблика күні мерекесін орайластырылған. Байқау...

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛУІ ТИІС

Кентау қаласын дамыту бағытында жұмыстарды жандандырып, тың жобаларды жүзеге асыру керек. Әсіресе, шаһардың өндірістік әлеуетін көтеру – уақыт талабы....

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ІІІ МАУСЫМЫН «КЕЛІНДЕР КӨТЕРІЛІСІ» ПЬЕСАСЫМЕН БАСТАЙДЫ

2023 жылы 21 қазан күні Түркістан музыкалық драма театры III жаңа маусымын бастайды. Театр маусымы «Келіндер көтерілісі» қойылымымен ашылады. «Келіндер...

Начальник ДП Туркестанской области проверил безопасность школ и встретился со школьниками

В соответствии с поручением Министра МВД РК Ержана Саденова, начальник Департамента полиции Туркестанской области Мурат Кабденов начал рабочую неделю...

Тағы да