Понедельник, 20 апреля, 2026

Шілдеден бастап этникалық қазақтарға арналған «Ата жолы» картасы іске қосылады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

2023 жылдың шілдесінен бастап өзге елде тұратын этникалық қазақтар «Ата жолы» картасын алып, Қазақстанға оңайлатылған кіру мүмкіндігін пайдалана алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, «Ата жолы» картасын енгізудің мақсаты — тарихи отанмен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін біздің елімізге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту. Карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға азаматтығын сақтай отырып берілетін болады. «Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады.

«Ата жолы» картасы бар этникалық қазақтың кандастардан айырмашылығы – ол басқа елдің азаматы бола тұра, Қазақстан Республикасының азаматтарымен және кандастарымен тең құқыққа ие.

«Ата жолы» картасының иегері:

— медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық мекемелерде әлеуметтік төлемдер мен қызмет көрсету;

— ҚР Еңбек кодексіне және «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР аумағында жұмысқа орналасу;

— Қазақстан аумағында Кәсіпкерлік кодекске және ҚР өзге де құқықтық актілеріне сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;

— ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін орта білім, мемлекеттік орта арнаулы және/немесе жоғары оқу орындарында конкурстық негізде тегін орта арнаулы және/немесе жоғары білім алу, жеке оқу орындарында ақылы білім алу;

— «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу;

— Қазақстан Республикасының азаматтығы саласындағы халықаралық шарттарға және ҚР заңнамалық құқықтық актілеріне сәйкес жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу құқығын пайдалана алады.

«Ата жолы» картасы бар адамдардың ҚР мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ және мемлекеттік қызметке кіре алмайды.

Бұдан басқа егер «Ата жолы» картасының иесі Қазақстан азаматтығын алған жағдайда оның картасы жарамсыз деп танылады.

«Ата жолы» картасының иегерлері еңбек қызметін жүзеге асыру немесе бизнес жүргізу үшін қоныстану өңірін өз бетінше таңдайды.

 

Жаңалықтар тізбесі

«Nur Otan» партиясы 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында көпқабатты үй аулаларын абаттандыру жоспарланған

«Nur Otan» партиясы 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында көпқабатты үй аулаларын абаттандыру жоспарланған "Халық қатысатын бюджет" жобасы - жергілікті бюджет...

Қала аумағында 165 аялдама мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы етіп жасалынды

Қала аумағында 165 аялдама мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы етіп жасалынды Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есилбекпен бірге «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер...

Араста базары шетелдік туристер жақсы көретін тарихи мекенге айналған

Сұлтанахмет мешітінің алаңына жақын маңда орналасқан Араста базарының тағы бір атауы – Атты әскерлер базары. Осман империясы кезінде атты...

«Еркін сөз»-2021 байқауының жеңімпаздары марапатталды

2021 жылдың 20 желтоқсанында Түркітілдес журналистер қоры Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінде Қордың 7 жылдығы мен отандық БАҚ өкілдері арасында қаржы...

АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША

Елімізге таралған пандемияға байланысты көптеген салаларда шектеулер қойылып, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне алып келді. Мемлекет тарапынан ,«Nur Otan» партиясының тарапынан елімізде...

Рай, где встречаются синий и зеленый: маршрут Гёкова

Поднимая велосипедный опыт на новый уровень, «велосипедная упаковка» является одной из уникальных страстей авантюрных путешественников, ищущих открытий. В этом...

Шардара ауданының шаруаларымен кездесу өтті. 

Әрбір кездесу аудандағы мәселелерді оңтайлы шешуге бағытталатыны  рас. Осы мақсатта Шардара жұртшылығы, әсіресе шаруалар  игі істерге ұйытқы болсақ дейді....

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ШАРДАРА АРМСПОРТ» СПОРТ КЛУБЫНА АВТОКӨЛІК СЫЙЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Шардара армспорт» спорт клубына барды. Бүгінде армрестлинг спортынан Шардарадан 102 әлем чемпионы шығып отыр....

Тағы да