
Ордабасы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 23 мамыр күні аудандық Мәдениет үйінде «Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі» — тақырыбында ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Сейітқұл Қыдырбай Құнанбайұлы қатысып, күн тәртібі бойынша жүргізіп отырды.
Мақсат — оқу жылының аяқталуы мен «Соңғы қоңырау» салтанатты іс шарасының мәселесі бойынша, кәмелетке толмағандар арасындағы келеңсіз жайлардың алдын алу, жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік шараларын сақтауы және түрлі төтенше жағдайларды болдырмау.
Жиын барысында оқу жылының аяқталуы мен «Соңғы қоңырау» іс-шарасының өтуі, Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық оқиғалары мен жазғы сауықтыру жұмыстары, Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік шараларын сақтауы және түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу туралы баяндамалар мен «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық оқиғалары және ата-ана жауапкершілігі» тақырыбы бойынша аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысып, ата аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиналысты аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызы қорытындылап, түрлі байқау, олимпиадаларда жетістікке жеткен оқушылардың ата-аналарын марапаттады.
