
Бүгін кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша аудандық әкімдік ғимаратында жиын өтті. Жиынға комиссия мүшелері: аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Т.Бердібеков,«Өскен өңір» газетінің басшысы С.Лаханов, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандары, аудан мектептердегі тәрбие ісі бойынша өкілдер мен бірқатар директорлар қатысты.
Мәжілісте күн тәртібіндегі Ақшеңгелді ауылдық округі әкімінің кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтын алдын алуда атқарған жұмыстары туралы, «№1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары мен құқық қорғау органы өкілдерінің қатысумен құқықтық сабақтарын өткізілу және қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Ибадуллаев Шавқат Ануарбекұлының өзіне жүктелген міндеттерінің атқаруы бойынша баяндамалар жасалды.
Еркін форматта өткізілген жиналыста мектеп қабырғасындағы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық мәселелері және оның алдын алу жағдайлары талқыланып, ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ, жасөспірімдердің құқығын қорғау жөнінде сөз қозғалып, олармен тұрақты жұмыс істеу бойынша жоспарлар айқындалды.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
