Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР «ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ЖАНДАНДЫРДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Сарыағаш қаласында «Табысты отбасы» жобасының түлектері алғашқы қадамдары сәтті басталып, өз кәсіптерін ашты. Бірлескен идея нәтижесінде құрылған «Ariana» сұлулық кабинетінің ашылу салтанатына Сарыағаш ауданы әкімнің орынбасары Алдияр Қозыбаев, «Табысты отбасы» жобасының авторы Айжани Нұрланова және жоба тәлімгері Ұланбек Нұрманов қатысты.

«Сұлулық кабинеттерінің, шағын тігін және кондитерлік цехтардың ашылуы, жоба іске қосылған барлық бес облыста үйде жұмыс істейтін қатысушылардан келген тамаша чектер – «Табысты отбасы» жобасының жемісі. Бұл қатысушылардың оқуы да, сүйемелдеуі де дұрыс құрылғанының дәлелі. Түлектерімізді сұлулық кабинетінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын», — деді Айжани Нұрланова.

Сапардың келесі нысаны — «Әдемі» ательесі болды. Мұнда «Табысты отбасы» жобасының бірнеше түлегі жұмыс істейді. Әйелдер «Тұсау кесуге» арналған ұлттық киімдерден бастап автобус орындықтарына қажетті қаптарына дейін тігу үшін кез келген тапсырыстарды алады.

«Бүгін мен бақытты адаммын деп сенімді түрде айта аламын. Өйткені менің отбасым, балаларым және сүйікті ісім бар, ол маған өз ісіммен айналысу ғана емес, сонымен қатар, табыс көзі. Мұның бәрі «Табысты отбасы» жобасының және «Samruk-Kazyna Trust» қорынан алған гранттың арқасы. Мұнда тігін машиналарын көріп отырсыз, соларды пайдаланып біз жұмыс істейміз және клиенттеріміздің тапсырыстарын орындаймыз», — деді жас кәсіпкер Айсұлу Бегниязова.

Жобаның тағы бір түлегі – «SMM» бейіндік бағыты бойынша оқудан өткен көпбалалы ана Жұлдыз Қарсыбаева. Ол қонақтарға студияны көрсетіп, жұмыстағы кедергілері туралы және оған бұл қызмет бағыты қаншалықты қызықты екенін айтты. Бүгінгі таңда Жұлдыз Қарсыбаеваның тұрақты табысы — 300 мың теңгеге жуық.

Сонымен қатар, көпбалалы ана Гүлнар Исаева жобада оқығаннан кейін және «Samruk-Kazyna Trust» қорынан грант алғаннан кейін табысты жұмыс істей бастағанын айтады. Ол Сарыағаш ауданы Береке ауылында тұрады, торттар мен түрлі кондитерлік өнімдерге тапсырыс алып, үйде отырып қаражат табады. Оның ай сайынғы табысы – 400 мың теңгеден асады.

Бүгінде «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасының барлық 300 түлегі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорынан гранттар алып, жұмыс істей бастады. Олар осылайша өз кірістерін арттырып отыр. Түркістан облысынан жобаға 70 тұрғын қатысты. Оның ішінде 24 «ЅММ» маманы, 12 «Кондитерлік ісі», 19 «Сұлулық индустриясы», 8 «Тігін ісі» және 7 «Автоэлектрик» мамандары бар.

Естеріңізге сала кетейік, «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы 2022 жылдың 1-ші желтоқсанында республиканың бес пилоттық өңірінде Абай, Жетісу, Ұлытау, сондай-ақ Түркістан және Ақтөбе облыстарында іске қосылды. «Табысты Отбасы» жобасының оқыту бағдарламасы халықтың неғұрлым осал топтарының өкілдерін, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мүшелерін, сондай-ақ балаларды жалғыз және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, табысы төмен отбасылардан шыққан жастарды кешенді оқытуға бағытталған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

100 жыл халықпен бірге: Halyk Bank-ке 100 жыл

Биыл Қазақстанның жетекші банкі маңызды тарихи межеден өтеді: 100 жыл бұрын 1923 жылдың қазан айында Ақтөбеде жүйе құраушы қаржы...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ШАРДАРА АРМСПОРТ» СПОРТ КЛУБЫНА АВТОКӨЛІК СЫЙЛАДЫ

  Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Шардара армспорт» спорт клубына барды. Бүгінде армрестлинг спортынан Шардарадан 102 әлем чемпионы шығып отыр....

Б.Аширбаев құрылыс нысандарын бақылау жұмысына қатысты

Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі ретінде, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға...

Оңтүстіктен көшіп барғандар теріскейдегі қазақ мектептерін жабылудан сақтап қалуда

Солтүстікке қоныс аударғандардың жағдайымен танысуға барған түркістандық жұмысшы топ Есіл ауданы, Николаевка ауылында тұратын Айгүл Құлбаевамен кездесті. Айгүл Түлкібас...

Созақтық оқушылар “Балалар оқулары” байқауында бақ сынады

Созақ ауданында балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, еліміздің әдебиеті мен жазушылар шығармаларын зерделеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына...

После бездействия в течение двух тысячелетий, колоссальный Фонтан Кибиры в «городе гладиаторов» снова течет

Бурдур, город, известный своими археологическими памятниками в западной части Анатолии в Турции, сообщает интересные новости. После девятимесячного процесса реставрации...

Жастар арасында облыстық турнир өтті

Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Спорт бізді біріктіреді» атты облыстық волейбол сайысы өтті. Түркістан облысының...

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

Шымкент – жастар қаласы. Ал жастар – ел болашағы. Қалада 264 мыңнан астам жастар бар. Яғни, қала халқының 26% құрап...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕНТАУДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ АШЫЛҒАН ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласына жұмыс сапары барысында жеке кәсіпкерлік иелерімен кездесіп, жұмысымен танысты. Шаруалармен пікірлесіп, ұсыныстарын...

Тағы да