Мәжіліске аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудан прокурорының орынбасары С.Нұрахым, ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ш.Әділханұлы, жергілікті полиция бөлімінің жеке құрамы, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің өкілдері, аудандық ардагерлер ұйымы, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің жауапты қызметкерлері, аудандық орталық аурухана, және құқық қорғау орган қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдарқатысты.
Жиында негізінен күн тәртібіндегі Шардара ауданында кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар баяндалып, талқыланды.
Сондай-ақ, мәжіліс барысында комиссия мүшелері кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы мәселеді дер кезінде шешіп, оның алдын алу бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарларын бекітті.
Атап айтқанда, оқу күндерi таңертеңгі және кешкi уақытта автомобиль көлiгiнiң ағыны көп білім беру ұйымдарының жанында жаяу жүргiншiлер өткелдерiнде күнделiктi кезекшiлiк ұйымдастыру, жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мiнез-құлықтың алдын алу бойынша аудандағы педагог-психологтардың жұмыстарын жандандыру, барлық мектептерде балаларға отбасындағы, мектеп оқушылары арасында әлімжеттік, зорлық — зомбылық, ақша жинау және басқа да анайы сипаттағы қылмыстарды анықтау мақсатында жалпы білім беру мекемелерінде анонимді түрде сауалнамалар жүргізіп, нәтижесі бойынша нақты шаралар қабылдау; алкогольді сусындар, наркотикалық заттар, психотроптық және өзге де қатты әсер етуші заттарды тұтынатын кәмелетке толмағандарды анықтау жұмыстарын жүргізу, ауылдық жерлерде мектепішілік есепте тұратын және аз қамтамасыз етiлген отбасылардың балалары мен жасөспiрiмдердi спорт мектептерiне және секцияларына тарту, «тәуекел» тобына енген балаларды анықтап, олармен құқық бұзушылық алдын алу шараларын ұйымдастыру, Шардара су қоймасы жағалауы және каналдар мен өзендердегі мұзайдандырына жүруге қатаң тиым салынып, олардың ата — аналарына қауiпсiздiк шараларын сақтау туралы қатаң бақылауға алу, аудандық орталық аурухана медициналық қызметкерлерiмен бiргелiкте мектептегі қыз балалар арасында кездейсоқтық жүктіліктің, ерте некеге тұрудың алдын-алу мақсатында отбасындағы қыз баланың тәрбиесін ата-аналармен бірге талқылап, қыздар кеңесі, жиындар, дөңгелек үстел, семинар, дәріс сабақтар ( ата-ана, ұстаз, дәрігер ) әртүрлі форматтағы жұмыстары жандандару, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектепішілік ата-аналар жиналыстары мектеп полиция инспекторларымен учаскелік полиция қызметкерлерінің қатысуымен әр оқу тоқсанының қорытындысы бойынша әртүрлі форматта, оның ішінде онлайн режимінде тұрақты түрде өткізу секілді мәселелер айтылды.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
