
Бүгінгі таңда жастар арасында қайырымдылық бастамаларын қолға алғандардың қатары артып келеді. Бұл көңіл қуантады. Дана қазақ қашанда игі істерді кейінгіге үйретіп, ізгіліктің жаршысы бола білген. Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің деген асыл сөз текке айтылмаған. Осынау қағиданы түйсінген жастар жақында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Бәйдібектік жастар аудандағы көп балалы отбасыларға көмек қолын созып, қажетті азық-түліктермен қамтамасыз етті. Бұл жастардың ауызбіршілігің арқасында іске асқан шара. Сонымен қатар, қариялардың үйлеріне барып, пікір алмасып, үй тірлігіне де көмектесті. Үлкендердің батасын алды. Қайырымдылық – адам жанының нұры. Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек болып табылады. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі. Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Ата-бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған. Ал бүгінгі таңда волонтерлік қызметтер арқылы қайырымдылық шаралары жалғасын тауып келеді. Әсіресе еріктілердің қатарын толықтыратын ол- жастар. Жастар қоғамның қозғаушы күші.
