Түркістан облысы Арыс қаласындағы Монтайтас ауылдық округінде ауыл жастарыныі ұйытұы болуымен «Монтайтас» саябағына 350 түп шырша көшеттері отырғызылды. Саябақ Монтайтас елді мекенінің шыға берісінде орналасқан. Игі шараның мақсаты – ауылды көркейту, көгалдандыру. Тал- ағаштар егудің сауабы мол. Жастар еңбекқор, ұлтжанды. «Ағаш ек, гүл ек – туған жерді түлет» демекші, ауыл жастары ауылдың көркеюіне үлес қосқан барлық ауыл азаматтарына, ел ағаларына алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта осы шараның жалғасатынын айтты. Игі іс көпке өнеге. Айта кетейік, қала әкімдігінің бастамасымен бүгінгі таңда өз үйі іргесін, тұрғылықты көшесін абаттандырамын деген арыстық тұрғындарға көшеттер үлестірілуде. Жалпы жоспар бойынша биылғы күзгі ағаш отырғызу маусымына Арыс қаласы мен ауылдық округ аумағында 25000 көшет отырғызу көзделуде. Жалынды жастар игілікті істі жалғастырып, ынтымақ бірлікпен көпке үлгі етіп, кейінгі толқынға өнеге болмақ. Адамзат өз тарихында осы күнге дейін әлі ағаштан артық ауаны тазартатын бірде-бір қондырғы ойлап таба қойған жоқ. Ағаштың ауаны тазартқанымен қатар оны реттеп, шудың азаюына ерекше пайдасын тигізеді. Табиғаттағы тепе-теңдікті сақтап тұрған да ағаш екен. Ыстықты, аязды басып, ылғалдылықты сақтап, жаңбырдың уақытында және табиғи тәртіппен жаууын реттейді, топырақтың құнарлығын сақтайды, дауылдың екпінін азайтады . Сондықтан, ағаш отырғызу ұрпаққа мұра қалдырғанмен пара-пар.
