Воскресенье, 19 апреля, 2026

Жастар үшін ұлттық тәрбиенің маңызы зор.

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Кәсібің –нәсібің. Несібені көктен емес, еңбектен таба білетін  халқымыз жаңа заманда  кәсіпкерліктің қыр-сырын  жетік меңгеріп келеді. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, кәсібін өрге домалатқан шеберлер ел арасында аз емес. Ұлттық болмыс — ұлттық салт-сана мен әдет-ғұрыпқа келіп тірелетіні хақ. Ендеше, ең абзалы — ата-бабамыздың жүріп өткен жолына, ұстанған салт-дәстүріне терең бойлап, өз тамырымызды жоғалтпау. Дегенмен, қазіргі заманның тынысы мен талабын ескермеуге әсте болмас. Осы орайда Әбіш Кекілбаевтың «дәстүр-әдеппен, әдет-ғұрыппен, мың жылдап қалыптасқан дағдымен күресу есуастық. Бірақ оның бәрін жаңа жағдайға лайықтамай, жаңғыртпай, сол қалпында ұстануға тырысу – өз аяғыңды өзің тұсап, өз қолыңды өзің кісендеумен пара-пар» деген сөздері ойға келеді. Қазақтың дәстүрін жаңа қырынан танытып, халқымыздың қолөнерін қайта жандандырып жүргендердің бірі – қоөнер шебері – Хадиша Жетібаева. Ол құрақ құрау, сырмақ сыру, қыз жасауы секілді салтымызды заманауи технология тілімен шебер үндестіріп жүр. Бала кезімнен анамның   құрақ құрап, тігіс тіккенін көріп өстім. Соған қарап өзім де бала күнімнен тігіске құмар болдым дейді.  Менің қолөнермен айналысуыма  жол ашқан анамның ақ батасы дейді, біздің кейіпкер. Тарихи тамыры, ұлттық реңі жоқ дүниенің ғұмыры ұзақ болмайды.

Бүгінгі заманда басқа әлемнен оқшау өмір сүру мүмкін емес. Жер-жаһандағы өзгерістер мен жаңашылдықтардың бәрі біздің қоғамға тез-ақ сіңіп үлгеріп жатыр. Өзге жұрттың таңсығына еліктеу бар екені де шындық. Дей тұрғанмен, Хадиша Көлбайқызының  айтуынша, тарихи тамыры болмағандықтан, жат дүние тез шаршатып, оның ғұмыры ұзаққа бармайды. Сондықтан, қайткен күнде де халық ұлттық құндылықтарға бет бұрып, өз дәстүріне қайтып оралады. Отбасында  өнегелі тәрбиені  көріп өскен  Хадиша Көлбайқызы  ұлттық өнерге жастайынан қанық. Бала кезден көне дүниеге жаны құштар. Ал құрақ құраудың қыр-сырын үйреткен  жеңгем  Назипа дейді Хадиша ана. Ісмерлік өнерге деген ынтасы мен ықыласы одан сайын артып, өмірлік кәсіпке айналдырыпты. Бұрын тігісті тек туыс-бауырларыма, үйге арнап тігіп жүретінмін.  Әсіресе ұлттық бұйымдарды тігіп, сыйлық жасағанды жаным сүйеді.  Кейін  қолөнерге қызыққан  жастарға үйретіп, шеберлерді шыңдағым келді, — дейді біздің кейіпкер. Ал қазір Хадиша Жетібаева бастаған шеберлер толықтай қазақы нақышта үй сәндейді, қыздың жасауын, құрақ көрпелер, кестелі ұлттық киімдер тігеді. Әрі мұның бәрін қазіргі заман стилімен ұштастырып жүр. Ісмерлік көз майын тауыса отырып бітетін іс. Кей дүниелерге жарты жыл уақыт кетуі мүмкін.

«Тапсырыс алғаннан кейін сол отбасының тарихын зерттейтінім бар. Ұлттық бұйымдар тек әдемі ғана болмауы тиіс, отбасының тарихынан сыр шерткені де дұрыс. Оның түпкі негізі, тарихи тамыры сақталуы қажет. Сондықтан арнайы  мұражайларға, көнені жаңғыртқан іс-шараларға  баратынмын», — деп әңгімеледі кейіпкеріміз.

Бір қызығы, әу баста ісмерлікті еріккеннің ермегі деп санағандар болғаны рас. Олар бұл кәсіптің пайда әкелеріне күмәнданған. Бірақ Хадиша ана  үшін бұл табысқа кенелудің жолы емес еді, әжелерімізден қалған ұлттық қолөнер оның көңіл қалауы, құштарлығы болатын. Әйткенмен, бұл кәсіпке ол көп күш салды. Енді қазір кәсібінің нәсібін көріп жүр. Қолөнер шеберінің  көздің жауын алатын дүниелеріне бүгінгі күні сұраныс артып келеді.

Құрақ тігу  — бұл мәдениет, бұл ата-баба дәстүрі. Ғасырлар қойнауынан жеткен қолөнер, атакәсіп. Шебердің айтуынша, ұлттық дүниенің адам жанына шипа болатындай да қасиеті бар. Мысалы, құрақ көрпе адамның энергетикасын тазартады.

«Ата-әжелердің әңгімелерін тыңдағанды жақсы көремін. Апаларымның «құрақ көрпеге жантайып алшы, бүкіл шаршағаның кетеді» дегенін жиі еститінмін. Түсірген келін кейде бала көтермей жатады. Апа-әжелеріміз қос құрақ көрпені жаңа түскен келіннің астына салады екен. Көбейсін, өнсін дегені. Ұрыс-жанжалы көбейіп кететін жас отбасыларға да құрақты төсейді. Құрақ біріктіреді, отбасын берік қылады. Менің ойымша, мұның бәрі бекер емес», — дейді ісмер.

Қазақтың қолөнеріне шетелдіктердің қызығушылығы жоғары. Олар оюмен өрнектелген ұлттық дүние көрсе тамсанып, таңдай қағады. Түрлі көрмелерге қатысып жүрген шебер мұны өз көзімен көріп жүр. Арнайы тапсырыс беретіндер де жоқ емес. Асылы, ата-бабадан қалған біздің көнекөз асыл мұрамыз аз емес. Енді осы мұраны сақтап қалып, кейінгі ұрпаққа жеткізуге тырысу керек. Қазір қолөнерді қайта жаңғырту аса маңызды. Ісмерліктің қыр-сырын жастарға үйретіп, келер ұрпаққа аманат етіп қалдыру керек. Ендеше ата-баба мұрасын сақтауды өз парызы деп санаған біздің кейіпкеріміз қазір шәкірт тәрбиелеуді қолға алып отыр.

Шәкірт тәрбиелеу – бәсекелес емес, ізбасар тәрбиелеу. Осы мақсатта Хадиша Көлбайқызы –«Аналар аманаты» атты топ құрды. Бұл топқа қолөнерге қызыққан қыз-келіншектерді жинап, түрлі шеберлік сабақтарын өткізеді. Әрі, жас қолөнершілер бір-бірімен  тәжірибе  алмасады. Қолөнер шебері Шолпан Көшкенбайқызы «Аналар аманаты» тобының мүшесі. Ол ерекше үлгіде шам жасауды қолға алған.

Әрбір қазақтың қыз-келіншегі  ұлттық қолөнерді меңгеріп, нәпақасын тауып, жемісін  көрсе екен деймін. Мен болашақ бәсекелестерімді тәрбиелеп жатырмын деп ойламаймын. Олар менің ізбасарларым. Кейінгі ұрпақты қолөнерге үйрету керек», — деп ағынан жарылды өнегелі істің шебері. «Аналар аманаты» тобында  200-ге жуық шеберлер бар.  Солардың бірі Гүлмарал Нұсқабай. Ол бүгін   жұмсақ ойыншық тігу шеберлік сабағымен бөлісіп, бұл өнердің ерекшелігіне тоқталуда.  Қолдан жасалған сапалы дүние қашанда бағалы.

Өз тарихи тамырымызға жақын болсақ, өшпей, өсетініміз анық. Ал қазақ халқының тамыры терең, салт-дәстүрі бай. «Сондықтан түрлі брендтердің, қазіргі заманғы тенденциялардың құшағында қаламыз деген қауіп менде жоқ. Қазіргі заманғы жаңашылдықтар бізді өшіріп, жоғалта алмайды. Өйткені халық тарихы, салт-дәстүрі шетелдік брендтерден мықты. Бүгінгі жаһандық дәуірде тек өзіміздің мәдениетімізбен, тілімізбен, салт-дәстүрімізбен ғана ерекшелене аламыз. Өз тамырымызға жақын болсақ қана мықты боламыз. Қазақта «Кепкен ағашты өртеу оңай» деген сөз бар. Өз тамырымызды сусындатпасақ, кеуіп қаламыз, бар құндылықтарымызды жоғалтпауымыз керек. Тамырлы, тұғырлы елдің ғана байрағы биік», — деп түйді әңгімесін қолөнер шебері.

Төрт перзенттің анасы Хадиша Жетібаева  бүгінде 9-немеренің ардақты әжесі, ұрпақтарымды ұлттық тәрбиемен сусындатып,  қазақтың қолөнеріне баулу басты мақсатым дейді. Адамзатты сұлулық пен әсемдікке құштарлыққа, талғампаздық пен тазалыққа тәрбиелейтін өнер. Өйткені қолөнер шеберінің  қолынан шыққан бұйымдардың дені — сәндік, әсемдік заттары. Кез келген қолөнер бұйым- халықтық қолданбалы өнердің жемісі, халықтық көркем ойдың көрінісі екенін ұмытуға болмайды. Құрақтан жасалған бұйымдарымыз арқылы әр халықтың өзіндік сыр — сипаты, өнерге деген көзқарасы, ұлттық тағылымы мен қоршаған ортаға деген ұғым — түсінігі білініп тұратынын ескеруіміз керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазақ қолөнерінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Бір шүкіршілік ететініміз, салыстырып, талдап қарай келгенде, қазақ  қолөнерінің дүниежүзілік деңгейден ешқандай да төмен емес екендігін байқаймыз. Саусағынан бал тамған Хадиша Көлбайқызының алға қойған мақсаттары жетерлік. Түрлі матадан тігін тігу, құрақ құрау  оның сүйікті ісі. Кейіпкеріміздің мамандығы — қоғамдық тамақтану технологы. Алайда ине мен жіпті Хадиша Көлбайқызы  жанына бала кезінен серік еткен. Бастапқыда анасынан үйренген өнері қазір көпшіліктің таңдайын қақтырады. Оның қолынан шыққан  дүниелер  көпшіліктің сұранысына ие.  Күні бойы тапжылмай отырып, он саусағы майысқан шебердің келістіріп тіккен құрақ көрпешелері  мен жасаған бұйымдары көздің жауын алып, еріксіз таңдай қақтырады. Ұлттық қолөнерді дамытуды көздеген ісмердің  құрақ  өнерімен айналысқанына  үш жылдан аса  уақыт болған. Кейіпкердің айтуынша, қолөнер шеберлігі шыдамдылық пен төзімділікті талап етеді. Кәсібім — нәсібім деп, қазақтың ұлттық қолөнерін дамытуда алға қойған армандарым өте көп дейді  шебер. Алдағы уақытта  шеберхананы кеңейту жоспарда бар. Еңбек түбі- береке.

 

Жаңалықтар тізбесі

Жастардың  кітап оқуға деген құлшыныстары артып келеді.

Халқымыз әр ғасырда-ақ ел даналары мен замана тұлғаларының өзінен кейінгі  ұрпаққа қалдырып отырған ұлағатты және тәрбиесі мол өнегелі сөздерін...

В «Медеу» вновь возвращается «Азия дауысы»

2 июля в Алматы на высокогорном катке «Медеу» прошел пикник «Азия Дауысы»! Вновь среди прекрасных гор зазвучали фанфары легендарного фестиваля «Голос Азии», который пройдет с...

Түркістандық жас өнерпаз Республикалық байқауда І орын иеленді

Бүгін Алматы қаласындағы Республика сарайында I республикалық «Жас қанат. Балалар» байқауы өтті. Республикалық өнер додасында Түркістан облысының намысын қорғаған Зере...

Түркістан облысының Қақпақ ауылында қайырымдылық спорт залы ашылды

   Түркістан облысының Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылында балаларға арналған қайырымдылық спорт залы ашылды. «Қазақстан халқына» қорының жобасы аясында ауыл балалары...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2023-2025 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Түркістан облысында апатты, үш ауысымды және орын тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда...

Саурандық оқушылар аймақтық ақындар айтысында сөз шеберлігін көрсетті

«Төрт тоқсанға - төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында А.Үсенов атындағы жалпы білім беретін мектебінде тәрбие орынбасарлары мен қазақ...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ САЯБАҚ АУМАҒЫНА 1200 КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Елді мекендердегі санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында бір ай бойы сенбілік өткізу жоспарланған. Жоспарға...

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ТАСҚЫН СУДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Апта басында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қаралды....

Breaking Bad movie details: It’s a sequel starring Aaron Paul, will premiere on Netflix

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Тағы да