Воскресенье, 19 апреля, 2026

Жастар Түркістан музыкалық драма театрында  «Мағжан» спектаклін қойды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан- ер түріктің бесігі ғой .

М.Жұмабаев

2022 жылдың 12-13 қарашасында Түркістан музыкалық драма театры жас драматург Алмас Нүсіптің пьесасына қойылған «Мағжан» спектаклінің премьерасын көрерменге ұсынады.

Мағжан Жұмабаев – алаш қозғалысының қайраткері, ұлы ақын, ғалым, аудармашы. Ол  ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанған тұлға. Мағжан өлеңдерін  әлеуметтік мәселелерді көтеруге, халқын өнер-білімге шақыруға, махаббат тақырыбына арнады Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Мағжан Жұмабаев ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғады, оны өз поэзиясының өзегі етті. Түркі халықтарының бірлігі — Мағжан поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы болды.

Ағартушылық саласындағы  өмірі, махаббаты, ұлтқа  адал қызметі, қазақ даласын жайлаған аштық(1921-22 жылдар) «Мағжан»  спектаклінің тақырыбы. Көрермен спектакльден  жас Мағжанның, өмірге ғашық Мағжанның, елінің ауыр хәлі үшін шексіз азап шеккен, басын қатерге тіккен Мағжанның және бірнеше мәрте геноцидке ұшыраған қазақ халқының ауыр тағдырын көреді.

«Мағжан» спектаклі  идеясының  авторы және көркемдік жетекшісі — Айнұр Көпбасарова,  қоюшы режиссері-Davide Livermore (Италия) режиссер — Chiara Ocella, сценограф — Eleonora Peronetti, координатор-Deidda Petra композиторы-Хамит Шанғалиев, балетмейстері – Мадина Муратпекова, грим бойынша суретші – Адэль Нұрқасымова.

Өткен жылы ғана ашылған жас театрдың  актерлер құрамы да 25 жасқа дейінгі жастардан құралған. «Мағжан» пьесасын  жазып театрға ұсынған жас драматург –Алмас Нүсіп.  Рольдерде ойнайтын актерлердің дені жастар. Мағжан Жұмабаев өзі жырлап өткендей «Мен жастарға сенемін» идеясы Түркістан музыкалық драма театрының сахнасында жалғасын табады десек артық айтқандық емес.  Жастар — болашаққа бастар нақты істердің темірқазығы. Жастар қолдауы – мемлекеттің асқақ беделін айқын көрсете алатын ерекше күш.

Спектакльдің ғылыми кеңесшісі: ҚР ҰҒА Академигі, тарих ғылымдарының доқторы, алаштанушы, профессор Мамбет Қойгелдиев.

Ролдерде ойнайтын артистер: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Еркебұлан Дайыров, ҚР Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Зарина Карменова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қарабалин Сағызбай, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әлімхан Мырзахан, Әли Марат, Әйгерім Қайратқызы және Түркістан музыкалық драма театрының артистері.

Декорация  заманауи құрылғылармен жабдықталған, шынайы. Сахналық киімдер, реквизиттер шебер мамандардың  арнайы дайындауымен жасалды. Спектакльге   қазақтың қара домбрасының үніне негізделген эксклюзивті музыка  жазылды.

 

 

 

 

 

Жаңалықтар тізбесі

ЖОЛДАУ- ЕЛ СҰРАНЫСЫНА ЖАУАП

Мемлекет басшысының қай Жолдауы болмасын елдің егемендігін, жеріміздің тұтастығын сақтауды, елдің экономикасының дамуы арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді....

«Зорлық-зомбылық қарым-қатынастың аяқталғанын білдіреді»- Психологтың пікірі

Жазғы демалыстан кейін еліміздегі дағдарыс орталықтары күйеулерінен қорған іздеген әйелдерді қабылдауға дайындалып жатыр. Айта кетйік, Қызылорда облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың...

Адам саудасына қатысты 30 қылмыс анықталды

«STOP-трафик» операциясы кезінде адам саудасына байланысты 30 қылмыс анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі...

Түркістан: Төлебиде «Жайлы мектеп» жобасы аясында үш мектептің құрылысы басталды

Түркістан: Төлебиде «Жайлы мектеп» жобасы аясында үш мектептің құрылысы басталды Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесін...

Мектеп оқушылары арасында «Жас құтқарушы» жарысы өтті

Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен 17-20 қараша күндері аралығында Төлеби ауданы Біркөлік шатқалындағы туристік...

ТҮРКІСТАНҒА ВЕНГРИЯДАН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

Түркістан күн санап түрленіп келеді. Даму үстіндегі өңірге инвестиция тартылуда. Венгрия елшісіне түркістан өңірінің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Бүгін Түркістан...

ТҮРКІСТАН: 2022 ЖЫЛЫ КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҮШ МЫҢНАН АСТАМ СӘБИ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШТЫ

2022 жылы Түркістан облысы, Келес ауданында 3045 сәби дүние есігін ашса, оның ішінде бір отбасында үшем туылып, тағы 7...

Қазақстан ішіндегі саяхат туралы балалар кітабы шықты

  Алматы, Қазақстан, 2022 жылғы 27 желтоқсан – «Алмалы кітапхана» кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған “Тау мен дала елінің құпиясы” атты балалар кітабының тұсаукесері...

Жол картасының негізгі көрсеткіштері «Nur Otan» партиясының бақылауында

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Тағы да