
Түркістанда екі күнге ұласқан » Voice of Turan» байқауы мәресіне жетті. Аталмыш өнер фестивалі ресупблика күні мерекесін орайластырылған. Байқау барысында әлемнің 14 елінен келген әншілер екі күн бойы өз өнерлерін паш етті. Жеңімпазды анықтау да оңайға соқпады. сонымен байқаудың гран при иегері кім? Қай елдің өкілдері жүлдегерлер қатарынан көрінді?
Байқаудың бірінші күні үміткерлер қазақ эстрадасының жұлдыздарымен дуэт болып ән шырқаған. Екінші күні олар өздерінің вокалдық мықтылығын көрсетті. Олар қазақ әндерін жаңаша өңдеген. Музыкасында әрлеп, өз тілінде бір шумақ қосып көрермендерге шырқап берді.
Қазылар алқасы үшін де жүлдегерлерді анықтау оңайға соқпады. Барлығы да барынша дайындалғаны көрініп тұр. Дегенмен ұзақ ойлана келе Естайдың «Хорлан» әнін көрерменнің жүрегіне жеткізе білген Грузиялық Татия Кабаладзені лайық деп тапты. айта кетейік Татия бұған дейін Қазақстан дауысы байқауына қатысып жартылай финалда жарыстан шығып қалған еді. Енді міне тағы да Қазақстанға келіп мақсатына жетті.
Бұл байқауда 3 әншіге 3-орын берілді. Болгария , Черногория және Өзбекстандық әнші қыздар осы жүлделі орынды қанағат тұтты. Екінші орын екеу. Оның бірін Польшадан келген Михал Качмарек иеленді. Екіншісін Сербиялық Стефан Здравкович лайық деп танылды. Ал бірінші орынға Татарстандық әнші шықты.
Мұнан өзге үздік өңделген ән және байқаудың дипломанты аталымдары бойынша жүлделер берілді. Ал Төлеген Мұхамеджанов төрағалық еткен қазылар алқасының құрамында Нұржамал Үсенбаева, Медеу Арынбаев, Айгүл Қосанова, Маржан Арапбаева, Жанар Доғалова және сазгер Бекжігіт Сердәлі болды.
Осылайша Тұран дауысы байқауы көрерменнің көңілінен шықты. Концертке келгендер байқаудың деңгейі өте жоғары болғанын айтады.
Қазақ әндері мен Түркістанда туризмді насихаттаауға арналған бұл байқау осымен үшінші рет ұйымдастырылды. Бұған дейін 2 жыл пандамияға байланысты онлайн режимінде өткен. Алдағы уақытта бұл өнер фестивалін тұрақты және дәстүрлі түрде өткізу жоспарланған.
