Воскресенье, 19 апреля, 2026

Азиз Абдухакимов: «Біз бар күшімізді біріктіріп, ең алдымен «ШЫҰ-ның ішкі туризмін» дамытуға бағыттауымыз қажет»

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Ташкентте өтіп жатқан «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» халықаралық форумында туристік индустрия өкілдері туризм саласының мүмкіндігін ортаға салып, алдағы уақыттағы біріккен жоспарларын да талқылады.
Осы орайда Өзбекстанның Премьер-министрінің орынбасары — Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов «Туристік саланы ұлттық экономиканың маңызды сегменті және мемлекеттің бәсекелестік қабілетін арттырудың стратегиялық ынталандыруы ретінде қарастыратын мемлекеттер саны жыл өткен сайын артып келеді. Ел басшылығының белсенді әрі жан-жақты қолдауының арқасында Өзбекстанның туристік нарығы халықаралық туристерге құшағын кеңінен жаюда. Қысқа мерзімнің ішінде визасыз елдердің саны 9-дан 92-ге дейін өсті, ал шетелдік туристердің саны 2019 жылдың өзінде 1,9 млн-нан 6,7 млн-ға дейін артты. Өз кезегінде СOVID-19 пандемиясы туристік секторға теріс ықпалын тигізгенмен, бізге туризмді қауіпсіз және тұрақты туризм тұрғысынан дамыту үшін қайтадан ой елегінен өткізуге мүмкіндік берді. Халықаралық сарапшылармен бірлесіп, туристік өнім мен қызмет ұсынудың барлық буынына мұқият талдау жасадық. Туристік көрсетілім нысандарындағы қауіпсіздіктің жаңа, тиімді хаттамаларын дайындадық. Қабылданған шараларға жоғары баға беріліп, халықаралық рейтингтерден орын алды. Мысалы, «Gallop» Өзбекстанның қауіпсіз туризм бойынша үздік тоғыз (ТОП-9) елдің қатарына енуге мүмкіндік берді. «New York Times», «Guardian», «Independent», т.с.с. әлемнің жетекші басылымдары біздің туристік дестинацияларымызды тартымды да қызықты бағыттар ретінде мойындады» дейді.
Сондай-ақ ШЫҰ елдерімен туристік қарым-қатынастарды әрі қарай да дамытуға басымдық берілетіні атап өтіліп, «ғаламшардағы халықтың 44%-ын қамтитын ШЫҰ кеңістігі – әлеуеті әлі толық пайдаланылмаған орасан зор туристік нарық. 2019 жылы ШЫҰ елдерінен 250 млн турист шетелде демалды (Үндістан 27 млн, Қытай 155 млн, Өзбекстан 1,7 млн, Қазақстан 206 мың, Тәжікстан 31 мың, Ресей 20 млн). Біз бар күшімізді біріктіріп, ең алдымен «ШЫҰ-ның ішкі туризмін» дамытуға бағыттауымыз қажет» дейді.

Жаңалықтар тізбесі

Келестік оқушы заанендік ешкі сүтінің маңызын зерттеуде

№60 Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін орта мектебінің 10 сынып оқушысы Мекембай Балнұр заанендік ешкі сүтінің маңызын...

«Көрсетпедім, көзімнің тамшыларын…»

Таяуда Түлкібас ауданында Мыңбай  ауылының  тұрғыны, абзал ана, еңбек ардагері Рабиға Дербісәлиеваның «Көрсетпедім, көзімнің тамшыларын...» атты естелік кітабының тұсаукесері...

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА БАЛЫҚ АУЛАУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

 Түркістан облысы, Жетісай ауданында әуесқойлар арасында балық аулаудан жарыс өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен...

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ҚҰС ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Елімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында көптеген бағдарлама жүзеге асырылып отыр. Соның бірі «Ауыл аманаты» аясында Кентау қаласы, Қарнақ...

Offset Shares a Video of Cardi B Giving Birth to Baby Kulture

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Алтын алқа, күміс алқа иелері марапатталды

Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған аналар қауымы барлық мадаққа лайық. Жұмақтың кілті аналардың табанының астында десек, аналарды...

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты жеке бап ретінде қарастыру ұсынылды

Еліміздегі әйелдер мен балалар істері жөніндегі ұлттық комиссия тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды, яғни оны қылмыстық кодекстің жеке бабына...

Cтамбұл «2024 жылы саяхаттауға лайық ең жақсы 50 жер» қатарына енді

Стамбұл Travel + Leisure (T+L) «2024 жылы саяхаттауға болатын ең жақсы 50 орын» тізіміне енді және келесі жылы ұсынылатын...

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының орталығы Шаянда дзюдо күресінен жасөспірім ұлдар және қыздар арасында IV-ші республикалық турнирдің жалауы түрілді. Дүбірлі...

Тағы да