Вторник, 21 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА 1030 ОРЫНҒА АРНАЛҒАН СТАДИОН АШЫЛЫП, ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҰСЫНЫЛДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

Бүгін Созақ ауданының 95 жылдық мерекесі аясында Созақ ауылында заман талабына сай жабдықталған 1030 орындық спорт алаңы ашылып, ел игілігіне ұсынылды.
Спорт нысанының ашылу салтанатында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков барша ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
«Биыл аудан көлемінде спорт саласы бойынша тиісті жұмыстар атқарылды. Бірқатар балалар ойын алаңы мен футбол алаңшалары ашылды. Бүгін, міне, 1030 орынға арналған үлкен футбол алаңы ел игіліне ұсынылып отыр. Аудан жастарының болашаққа деген сенімін нығайтып, бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жобалар әр кез назардан тыс қалмайды», деді аудан басшысы.
Аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев пен ауыл қариясы Мұрат Жақсыбаев ізгі тілектерін арнады. Сонымен қатар қазақ елінің мақтаныштары, бокстан әлем чемпионы Біржан Жақып және футболдан Қазақстан құрамасында жасындай жарқыраған талантты ойыншы Таңат Нөсербаев шараға арнайы қатысып, құттықтауларын жеткізді. Өскелең ұрпақ салауатты өмір салтын ұстанып, жаңа нысан тәнін шынықтыратын орынға айналатынына өз сенімдерін білдірді.
Ауылдың белсенді азаматы Балкерім Пернебаева ауыл жастары атынан игі іске арқау болған азаматтарға өз алғысын жеткізді. Жасөспірімдер арасында футболдан жарыс ұйымдастырылып, жүлделі орын иеленген командаларға арнайы кубок, медальдар табысталды.
Айта кетейік, жаңа нысанның құрылысы өткен жылы басталған. Мұнда жастар мен жасөспірімдердің футбол ойнап, спортпен шұғылдануына барлық мүмкіндік қарастырылған. Заманауи стадион 1030 адамға лайықталып салынған. Жаттықтырушылар мен төрешілерге жеке кабинеттер, командалардың киім ауыстыруы мен жуынуына арналған арнайы бөлмелер әзірленген. Бұдан бөлек жаттығу залдары, «Street workout» және баскетбол алаңдары бар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІ БЕЙНАБАҚЫЛАУМЕН ЖӘНЕ КӘСІБИ КҮЗЕТПЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Биыл Түркістан облысындағы мектептер 100 пайыз бейнебақылаумен, және лицензиясы бар кәсіби күзет қызметімен қамтылады. Сонымен бірге бала саны 700-ден...

ИЗМИР, БОДРУМ, СТАМБҰЛДЫҢ АСПАЗДЫҚ ШЕБЕРЛІГІ – MICHELIN НҰСҚАУЛЫҒЫНДА

  Измир мен Бодрумның аспаздық көріністері 2024 жылғы Cтамбұл, Измир, Бодрумға арналған MICHELIN нұсқаулығында тамаша көрсетілген. • Барлығы 111 мейрамхана ұсынылады,...

Бәйдібекте аудан прокуроры оқушылармен кездесті

Бекітілген кестеге сәйкес аудан прокуроры Мәди Байтелиев Көктерек ауылдық округіндегі СЖиренов, Қ.Сыпатаев атындағы мектептерде болып, ұстаздармен және оқушылармен кездесті....

«АТА — АНА — ҰСТАЗ — ОҚУШЫ: Болашаққа бағытталған ынтымақтастық» тақырыбында облыстық форум өтті

Бүгін Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы, «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түлкібас аудандық Мәдениет үйінде «АТА-АНА –...

Ақ әжелер сайысы қорытындыланды

Қазақы қаймағы бұзылмаған Жетісай ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құралған Әжелер алқасына 10 жыл толуына орай «Ақ дидарлы әжелер»...

Ұлттық құндылықтарды дәріптеді

Түркістан қаласында «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Тамаша әже» байқауы өтті. Іс-шараға Отырар, Сауран, Шардара, Мақтаарал, Жетісай,...

Теріскейді түркістандықтар түлетіп жатыр!

«...Уақыт ұттырмай қолға алып, дәйекті түрде іске асыратын тағы бір шаруа бар. Халықтың қалалық жерге жаппай көшуі салдарынан көптеген...

Привет, мир!

Добро пожаловать в WordPress. Это ваша первая запись. Отредактируйте или удалите ее, затем начинайте создавать!

Түркістандық жас балуандар Х.Аққалиевті еске алуға арналған республикалық турнирде топ жарды

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай грек-рим күресінен КСРО-ға еңбегі сіңген жаттықтырушы Хайс Аққалиевті еске алуға арналған ХVI...

Тағы да