Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДИҚАНЫ ЖАЗДА ЕГІСТІКТІ СУАРМАЙ-АҚ ҚАУЫН ӨСІРДІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...


Түркістан облысының шаруалары қауын өсіруде тың тәсілді пайдалана бастады. Яғни, егістікті суармай-ақ, мол өнім жинауға болатынын көрсетті. Оңтүстіктегі 45-50 градус ыстықта бір тамшы су ішпеген қауындар дәмді әрі үлкен болып өскен. Шаруалардың сөзінше, ауыл шаруашылығындағы бұл тәсілді ата-бабаларымыз бұрын да қолданған.
– Жылдан-жылға ағын су мәселесі күрделеніп келеді. Сондықтан бұрынғы ата-бабаларымыздың үйреткен тәжірибесін жасап көруге бел будым. Көктемнің алғашқы айларында суармалы су ешкімге керек емес кездер болады. Сол ақпан айының басында егістік алқабымды әбден суарып, су сіңдіріп алдым. Содан қауын ектім. Шілде айындағы 45-50 градус ыстықта да су берген жоқпын. 120 күн су ішпеді. Нәтижесінде қауындарым жақсы өнім берді. Дәмді болды,– дейді шаруа Азизхан Егембердиев.
Шаруа Қарнақ ауылында тұрады. Оның ауыл маңындағы жер учаскесінде егістікке арналған жері бар. Биыл соның 4 гектарына қауын, 1 гектарына қарбыз еккен. Нәпақасын жер-анадан іздеген шаруа жинаған өнімін жергілікті жерде саудаға шығарған. Дәмді қауынды тұтынушылар да көп болыпты.
Оның айтуынша, бұл тәсілді кез келген қауынның сортына пайдалана беруге болады. Тек жер тың болуы қажет. Енді шаруа алдағы жылдары егістік алқабын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қауыннан мол өнім алып жатса, шет елге алып барып сату да ойында бар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Көп балалы аналар марапатталды

Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Хасанов Бахытбек Сембекұлы көп балалы аналарды қабылдап, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҚЫСТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ

Әлемдік деңгейдегі мәселелердің бірі – ол қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу. Түркістан облысының аумағында 158 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын...

Кәмелетке толмаған балалардың тәрбиесі басты назарда

Қазығұрт ауданына қарасты Шарбұлақ және С.Рақымов ауыл округтерінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалынатын қылмыс пен құқық бұзушылықты және оқыс оқиғалардың...

Тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғам дертіне айналып отыр

Тұрмыстық зорлық-зомбылық  қазіргі қоғамда күрделі әлеуметтік мәселелердің бірі болып отыр. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Үкімет отырысында келтірген...

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЕКІ АУЫЛ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Республика күніне орай Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округіне қарасты Бейсен, Мақташы ауылдарындағы ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындарға...

Ата-аналарға арналған жадынама «Балаңыздың зорлық-зомбылық құрбаны болмауы үшін»

Балаға егер өзіне төнген қауіптілікті сезсе, кез келген үлкен адамға «ЖОҚ» деп айтуға құқығы бар екенін үйретіңіз. Егер...

«Қызыл» мәртебесімен анықталған жеке тұлғаларға 9 599 630 теңгеге айыппұл салынды

Шымкент қаласында COVID-19 сырқаттанушылығының және вирустық пневмония ауруының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі...

Түркістанда «Тұран даласының күйлері» атты күйшілер байқауы өтті

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық домбыра» күніне орай және Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық...

ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ДАМЫТУ

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеміз «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛҚЫН, ӘСІРЕСЕ, ШЕТКІ ШАҒЫН АУДАНДАРДЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ТОЛЫҚТАЙ...

Тағы да