Понедельник, 20 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Арыс қаласында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Қаламызға қарасты 6 ауылдық округтің дихандары жеткізген өнімдер әдеттегідей, нарықтағы бағадан анағұрлым төмен бағамен сатылды.
Арыс-1 теміржол вокзалы алдында өткен жәрмеңке жұмысы таң сәріден қызды. Сөреге көкөніс, ет, сүт және жеміс-жидек, бақша мен дәнді дақылдар, тіпті кептірілген жемістерге дейін, жалпы көлемі 35-тен астам жуық өнімдер саудаланды.
Жәрмеңкенің басты артықшылығы — бағаның төмендігі. Диқандар мен малшылардың биылғы еңбегі еленіп, қол жеткізген жетістігі жиналғандар алдында сараланды. Азық-түлік нарықтық құннан 15-20 процентке төмен саудаланды. Тауар өндірушілер өнімдерін делдалсыз сатып, табыс тапты. Келушілер адал азығын қолжетімді бағаға ұсынған шаруаларға алғысын жаудырды.
-Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес ауылшаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтті. Әдеттегідей, жәрмеңкеде тауарлар нарықтан төмен сатылды. Мәселен, қой еті 2200-ден, 5 литрлік пісте май 2500-ден, ал картоп 120-110-нан саудаланды. Жалпы, бағалардың бағасы тікелей назарымызда. Бұл өз кезегінде халықтың арзан бағада азық-түлік сатып алуына септігін тигізеді, — деді Арыс қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Нұрлыбек Біләлбеков.
Жәрмеңкеде барлық ауыл шаруалары ет өнімдерін саудалады. Сондай-ақ, Монтайтас шаруалары таза бидай өнімдерін әкелсе, ақдалалық шаруа биогумуспен өсірілген, яғни еш табиғи қоспасыз өскен асқабақтарды қолжетімді бағада саудалады. Ал, Жиделі шаруалары өздерінің әйгілі қауын-қарбыздарын, жеміс-жидектерін ұсынса, байырқұмдықтар картоптан бастап, сәбіз, табиғи бал өнімдерін паш етті. Түйелі ауыл саналатын дерменеліктер қымыраннан бастаған сүт өнімдерін әкелсе, қожатоғайлықтар сыр жағасында өскен етті әрі құнарлы ет өнімдерін көптеп әкелді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Жасөспірімдер арасында ала доп бәйгесі басталды

Қазығұрт аудандық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының балалар мен жасөспірімдер спорт...

ТҮРКІСТАН: Арыстық жастар халықаралық әскери-патриоттық сайыста жүлдегер атанды

Арыстың айбынды жастары жуырда Қарағанды облысы, Спасск қаласында еліміздің 20 өңірі мен Әзірбайжан және Өзбекстан Республикаларының әскери-патриоттық клубтарының қатысуымен...

ТҮРКІСТАН: АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАЛАР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасы негізінде халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында өңірдегі медициналық мекемелерді жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз...

«Орамал таққан келіншек»

«Орамал таққан келіншек»... Біздің сүйіп тыңдайтын әннің аты осылай аталады. Бүтін бір ұлттың бірегей этнографиясын бір әнмен танытып, әлемге...

Түркістан облысында қырықтағы батыр ана 11-ші баласын босанды

Биыл 20 қыркүйекте №1 облыстық перинаталдық орталықта 40 жастағы батыр ана дәрігерлердің көмегімен отасыз 11-ші баласын өмірге әкелді. Орталықтағы...

«ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Мемлекетімізден жастарды қолдау мақсатында көптеген бағдарламалар жүзеге асуда. Солардың бірі жастарды баспанамен қамту мәселесі. Жастар үшін маңызды ақпарат: 29...

ТҮРКІСТАН: Футболдан республикалық чемпионатта қазығұрттық балалар командасы жүлделі орынға ие болды

Жуырда ғана Қазақстан «Балалар» футбол лигасы өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауыл округіне қарасты Жылыбұлақ елді...

КЕНТАУДЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ?

Кентау өнеркәсіптік қала. Сондықтан өндірісті өркендету үшін инвестиция тарту маңызды. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік...

ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Жол – экономиканың күретамыры. Сондықтан жолдардың сапалы әрі талапқа сай болуы – орнықты әрі табысты дамудың кепілі. «Nur Otan» партиясының...

Тағы да